Азаматтық қорғаныс төтенше жағдай, еңбек қорғау қызметі және техника қауіпсіздігі Штаб бастығы.

          Азаматтық қорғаныс төтенше жағдай, еңбек қорғау қызметі және техника қауіпсіздігі Штабы университеттің еңбекті қорғау қызметі мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшесі болып табылады.

Штаб ҚИПХДУ ректорының бұйрығы негізінде Оқу кеңесімен  шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырады және жойылады.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті 1999 жылы «Қайнар» университеті болып Шымкент қаласында құрылған және сол жылы АҚ ТЖ Штабы лауазымы енгізілген.

Азаматтық қорғаныс төтенше жағдай, еңбек қорғау қызметі және техника қауіпсіздігі Штаб бастығы лауазымына жоғарғы білімі бар, көрсетілген лауазымда 5 жыл қызмет өтілі бар адам тағайындалады.

Азаматтық қорғаныс төтенше жағдай, еңбек қорғау қызметі және техника қауіпсіздігі Штаб бастығы қызметі төменде көрсетілген талаптар бойынша жүзеге асырылады: ҚР Азаматтық кодексімен, «Білім туралы» ҚР Заңымен, ҚР «Ғылым туралы» Заңымен, ҚР Еңбек кодексімен, ҚР «Өрт қауіпсіздігі» туралы Заңымен, ҚИПХДУ ішкі үлгі ережесімен, ішкі еңбек тәртібі ережесімен айқындалады.

Штаб бастығы: Шалғынбаев Базарәлі Сауытұлы

АҚ ТЖ, еңбек қорғау қызметі және ТҚ Штаб бастығының   функциясы мен міндеті:

 Өз уақытында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін бұзылғандығын дер кезінде анықтап, оны жою және болдырмау туралы нұсқаулықтар беру;

  • Университетте төтенше жағдайлар орын алмас үшін, қызметкерлер мен студенттерге сабақ өту;
  • Оқытушы-профессорлық құрам мен студенттер арасында жарақаттану мен төтенше жағдайды университет аумағында орын алдырмас үшін алдын ала профилактикалық жұмыс жүргізу, еңбек қорғау қызметі және техника қауіпсіздігін жоспарлап, іс-шаралар жүргізу.
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Штаб бастығы еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін байқауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға келмейтін анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды қабылдайды.

АҚ ТЖ, еңбек қорғау қызметі және ТҚ Штаб бастығының құқығы:

АҚ ТЖ, еңбек қорғау қызметі және ТҚ Штаб бастығы

  • өзінің қызметін атқаруда университеттің барлық бөлімшелерінен қажетті мағлұматтарды өзінің құзырлығы шегінде алуға құқылы;
  • университеттің білім мекемесінің қызметін пайдалануға;
  • өзіне бағынышты қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар әзірлеуге.
 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған