Медициналық пункт

     Медициналық пункті Қазақстан  инженерлі –педагогикалық  халықтар достығы  университеті (ҚИПХДУ) Шаруашылық бөлімінің құрамында болып табылады. Медициналық пункті тікелей әкімшілік шаруашылық жұмыстары жөніндегі проректорға бағынады.

         Медициналық пунктінің жоспары мен есебі университет проректорына тапсырылады;

Жалпы ережелер:

Медициналық пунқті өз қызметін жүзеге асыруда:

  • ҚР Конституциясын
  • Заңдарын, Еңбек кодексін
  • ҚР Үкіметінің құқықтық- заңнамалық актілерін
  • ҚР денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын
  • ҚР Үкіметінің “Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” санитарлық қағдаларын бекіту туралы  қаулысы
  • Университет  Жарғысын, Ғылыми Кеңес шешімдерін
  • Университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін
  • КИПХДУ  сапа менеджменті жүйесі құжаттарын және осы Ережені басшылыққа алады.

Медициналық пункт мейірбикесі - Есмұрзаева Қалшаткүл Кенжебекқызы

Негізгі міндеттері:

Медициналық пункті жүктелген мақсаттарын орындау барысында міндетті:

ҚИПХДУ  сапа саласындағы саясаты мен мақсатын жүзеге асыру;

 сапа менеджменті жүйесіндегі (ары қарай СМЖ) құжаттарын әзірлеу, жүргізу және ендіру;

оқу ғимараттары мен студенттік үйлерінің, асханалардың  санитарлық талаптарға сай болуын  бақылау;

дәрігерлік қызмет көрсету мекемелерімен келісім-шарт жасауға тиісті құжаттарды дайындауға, дәрі-дәрмекке сұраныс жасауға, олардың шығын есебін жүргізуге;

Кешенді медициналық тексеріс өткізу, иммундық профилактика, саниталық-эпидемиологиялық бақылау, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу.

Қызметтері:

Менің басты миссиям:

Уланған, зақымданған , сырқаттанған  студенттерге  алғашқы медициналық көмек көрсету;

Флюрографиялық , алдын алу  тексеру  мен диспансерде  есепте тұратын студенттерді қарасты  емханаға жіберу;

Күл мен қызылшаға қарсы  алдын ала егу  жұмыстарын жүргізу;

Шетел студенттеріне   емханаға тексерілуге  жолдама беру;

Туберкулездің , сары аурудын , тері ауруларының , іш ауруларының  және АИТВ –нің алдын алу зиянды әдеттерден  бас тарту  жайында  салауатты өмір салтын насихаттау   жұмыстарын  өткізу .

 ҚР конституциясын , ҚР еңбек кодексін , денсаулық сақтау  саласына қатысты  жоғары тұрған  мекеме , ұйымдардың қаулыларын , өкімдерін , бұйрықтар мен басқада   нормативтік құжаттарды , ғимараттарға , дәрісханаларға , зертханаларға , бөлмелерге , жатақханаларға  қойылатын  санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай  екенің қадағалау.

Құқықтары:

Қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін медициналық пункті келесі құқықтарға ие:

медициналық пунктіне қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар алуға сұраныс, ұсыныстар енгізуге;

институт құрылымдық бөлімдерін өз құзырына жататын ақпараттарды сұрап алуға;

қызмет құзырына кіретін мәселелер бойынша жиналыстар және басқа да ұйымдастыру бақылау шараларын өткізуге;

Университеттің медициналық пункт лицензиясы.

Лицензияның нөмірі № 0110448ДХ

Лицензияның берілген күні 02.12.2015жылы

Лицензияланатын  қызмет түрінің кіші қызметтері:

-Ересектерге мына  мамандықтар бойынша амбулаториялық  емханалық көмек

-алғашқы медициналық -санитарлық көмек

– дәрігерге дейінгі 

Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс

Емдеу алдын алу іс шаралары:

24-наурыз Дүнижүзілік Туберкулезге қарсы қүрес күн

Санитарлық ағарту жұмыстарының жоспарына сай іс-шаралар.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *