Оқу-әдістемелік кеңесі

Әдістемелік Кеңес – университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты алқалы орган.

Оқу-әдістемелік жұмыстар  университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Оқу-әдістемелік жұмыс пен білім берудің жаңа технологияларын енгізуді ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жалпылау және таратуды  түсіндіру мақсатында Университетінің 2017-2018 оқу жылына арналған жас оқытушыларға әдістемелік кеңес беру бойынша жұмыс жоспары жасалды. Осы бағаттағы жұмыстардың барлығы дерлік әдістемелік Кеңестің жоспарында қамтылды.

Кеңестің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;
2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау;
4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және дидактикалық материалдар ұйымдастыру;
7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім беру мамандарының (кәсіптерінің) тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;
8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;
9) жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту;
10) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;
11) пререквизит және постреквизиттерді бекіту;
12) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;
13) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері;
14) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;
15) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Оқу әдістемелік кеңестің жоспары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған