Университетте ҚР БЖҒМ нормативті құжаттары негізінде білім беру барысында кредиттік жүйенің талаптарын қарастыру, оқу-әдістемелік материалдарына талдау жүргізу, ЖОО талаптарына сай орындалуын қамтамасыз ету, т.б. мақсатында оқу-әдістемелік кабинет жұмыс жасайды.

           Әдiстемелiк жұмысты үйлестiру мен ұйымдастыру үшiн құрылған кабинетте оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, студенттерге білім берудің, пәнді оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды жолға қою, жетілдіру бағытында  жұмыс атқарылуда.

           Мұнда білім сапасын арттыру мақсатында жоспарлы іс-әрекеттер арқылы интербелсенді әдістерді қолдану, оқытушылардың өзара сабаққа кіру, ашық сабақтарды өз деңгейінде ұйымдастыру мәселелерін дамытуға басшылық жасалады. Оқу үрдісінің мониторингі мен талдауын әдістемелік жағынан  қамтитын құрылым ретінде оқу-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі: Конирбаева Гульжан Керимбаевна
Әдістемелік кабинеттің әдіскері: Бакирова Клара Балтаходжаевна

          Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университетінің ректорының шешімімен әдістемелік кабинет құрылды. Аталмыш әдістемелік кабинет университеттің екі факультетінің құрамында жұмыс жасайтын тоғыз кафедрада қызмет атқаратын оқытушылардың сабақ өту үшін қажетті құжаттарының, яғни, оқу жұмыс бағдарламаларының, силлабустарының, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардың сапалы жасалуына бақылау жасайды. Әр жылы оқу-әдістемелік әдебиеттердің шығарылу жоспарын жасап, оқу-әдістемелік құралдардың, оқу құралдарының, мақалалардың жариялануын қадағалайды. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын білім беру сапасын жақсарту, студенттерге терең де сапалы білім беру мақсатында әр алуан виртуалды сабақ үлгілерін, кейстерді, портфолиоларды, электронды оқулықтарды жасап отырады. Мәселен, «Педагогика және психология» кафедрасы 2 оқу құралын, 2 әдістемелік нұсқаулықты, «РЭТ» кафедрасы 2 лекциялар жинағы мен 7 әдістемелік нұсқауды, «Дене тәрбиесі» кафедрасы 2 оқу құралы мен 2 әдістемелік нұсқаулық , «Информатика» кафедрасы 1 оқу құралы мен 4 әдістемелік нұсқау, 1 электронды оқулық, «Филология және тіл» кафедрасы 6 оқу құралы мен 4 оқу әдістемелік нұсқаулықты, 2 монография, 1 оқу әдістемелік құрал 1 лекциялық жинақтар баспадан шығарған. Сонымен бірге «Мұнай және құрылыс» кафедрасыда 4 әдістемелік нұсқау мен 1 оқулық шықты оның 2 әдістемелік нұсқауы орыс тілінде «Химия және биология» кафедрасы 9 әдістемелік нұсқау, 1 оқулық,1 дәрістер жинағын жасап шығарды.  Оқу-әдістемелік кабинет қызметкерлері факультеттің әдістемелік комиссия мүшелерімен және кафедралардың әдістемелік жұмыстарына жауапты оқытушылармен тығыз байланыс жасап отырады. Кафедра оқытушы-профессорлар құрамы өздерінің біліктілігін арттыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу мақсатында әрдайым конференциялар мен семинарлар ұйымдастырып, оған басқа да жоғарғы оқу орындарынан ғалымдар шақырып, байланыс орнатып отырады. Әдістемелік кабинет қызметкерлері студенттердің пән бойынша терең білімді меңгеруіне ықпал ету мақсатында оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына да баса назар аударып, олардың әр алуан ғылыми-тәжірибелік және халықаралық конференцияларға баяндамалар әзірлеп, мақалалар жариялауына да жағдай жасайды. Осындай ғылыми-шығармашылық жұмыс нәтижелері мен оқу-әдістемелік жұмыс қотырындысының оқыту үдерісіне енгізілуіне де бақылау жасайды.

         Қызметтік міндеттері: қызметтің құрылымдық бағытына байланысты әдістемелік жұмыстарды басқарады. Пәннің оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік нұсқауларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және электронды оқулықтарды құрастыруға және талдауға қатысады. Бакалавриаттың, магистратураның мамандықтарын дайындауға байланысты  оқу пәндеріне қатысты оқу-әдістемелік нұсқауларды құрастыруды ұйымдастырады. Жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруге және үздіксіз білім сапасын жақсартуға арналған оқу-әдістемелік қызметті атқарады.

       Білімгерлердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыта отырып үздік курс және дипломдық жұмыстарға, мамандықтарға байланысты кәсіби шеберліктерге арналған конкурс (жарыс) ұйымдастырады және өткізеді.

       Халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуға және оқытушылардың мамандықтары мен кәсіби бағытына байланысты республикада және шет елдерде тәжірибеден өтуге ұсыныс береді және ұйымдастырады.

       Озат педагогикалық тәжірибелерді анықтауға, жалпылауға және оқу үдерісіне енгізуге арналған әдістемелік және циклдік (бөлімдік) комиссиялардың жұмыстарын қадағалайды.

       Ашық сабақтарды өткізуді ұйымдастырады және талдайды.

           Әдістемелік кабинетті көрнекі құралдармен және құрал-жабдықтармен безендіруін қадағалайды.

            Білім беруге арналған оқу бағдарламалары туралы ақпараттық мәліметтерді жинауды ұйымдастырады.

           Есептік құжаттардың үлгісін құрастырады,  белгіленген мерзімде тапсырылуын  қамтамасыз етеді.

Қызметтік мақсаттары:

  • Үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу, ойластырылған әлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану ұстанымы негізінде жоғары біліктілікті кадрларды дайындауды жүргізетін заманауи ғылыми-білім беру ортаны қалыптастыру.
  • Инновациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесін және ғылыми зерттеулерді модернизациялау арқылы экономикалық кеңістікте Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  • Әрбір студентке оқытудың мазмұнын, түрін және әдістерін таңдауда барынша мүмкіндіктерді беру арқылы білім берудің еуропалық стандарттарын ендіру.
  • Ғылымның, жоғары технологиялардың және экономикадағы инновациялық сектордың басым бағыттарына бет-бұрыс жасау.
  • Ақпараттық айқындылықтың жоғары дәрежелілігі және халықаралық білім беру кеңістігіне және ғылыми зерттеулерге жаһандану.
  • Университетте ерекше интеллектуальды ортаны, инновациялық бөлімдермен инфрақұрылымды құрайтын арнайы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін қалыптастыру.
  • Еліміздің барлық кеңістігінде алдыңғы қатарда болуға ұмтылу, сондай-ақ әлемдік және білім беру кеңестігінде университеттің мақұлдануын және имиджінің жақсаруына қол жеткізу.
  • Жоғары біліктілікті, алдыңғы қатарлы білімдерді жинақтай білетін, креативті ойлау қабілеті бар кадрларды дайындау.
  • Еліміздің инновациялық экономикасы үшін үнемі өзін-өзі жетілдіру және интеллектуальды капиталды жинақтап көбейту.
  • Оқыту жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде – жоғары кәсіби және интеллектуалды деңгейдегі мамандарды дайындаумен қажеттілігі артып жатқан еңбек нарығын қанағаттандыру.
 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *