ҚИПХДУ-нің  студенттеріне 2013-2016 оқу жылдарында төмендегідей  әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

·        Жатақханамен қамтамасыз етіледі (алыс аудандардан келген  және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар);

·        Университет қызметкерлерінің арасынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетіледі және жатақханамен қамтамасыз етіледі;

·        Зейнеткерлерге қарттар күніне орай қаржылай көмек көрсетеді.

      Жыл сайын университетті бітіруші түлектерді өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру мақсатында сыртқы серіктестермен, жұмыс берушілермен, бизнес құрылымдарымен, мемлекеттік және орындаушы органдар және азаматтық сектор өкілдерінің басын қосып, бітіруші түлектер туралы толық мәлімет беру дәстүрге айналған.

          Университетте «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымы тиімді жұмыс атқарады және аталған  ұйымның қатысуымен әлеуметтік серіктестік бағдарламасы тиімді жұмыс атқаруда.

          Тәлімгер жұмыс тиімділігін көтеру. Оқу орнымызда студенттердің сабаққа  қатысуы, сабақты сапалы меңгеруі және студенттердің қоғамдық жұмыстарға араласуына тәлімгер –  эдвайзерлер көп көмегін тигізуде.

     Тәлімгер жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында университетімізде бірнеше іс-шаралар қарастырылған, атап айтар болсақ, топ студенттерінің сабақ үлгерімі жоғары, сабаққа  қатысуы жақсы топ тәлімгерлері грамотамен марапатталды.

    Университтің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл сайын төмендегі іс-шаралар атқарылып тұрады:

      Профессор-оқытушылар құрамы арасында  волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, дойбы, арқан тарту т.б спорт түрелерінен мереке қарсында жарыстар ұйымдатырылады.

    Студенттік лигада бақ сынаған кіші футболдан университеттің «Достық» командасы республикада  жоғарғы оқу  орындары арасында жүлделі II орынды иеленіп, ҚР БжҒМ-нің алғыс хатымен және кубогымен марапатталды.

    Оқу  орнымызда профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында әрі түрлі аурулардың алдын алу мақсатында  қаламыздағы медициналық орталықтардан дәрігерлер келіп, аурулардың алдын алу туралы  іс-шаралар, сұхбаттар өткізіп  тұрады.

      СПИД орталығынан Туберкулезге қарсы медицина мамандары Гинекологтар университеттің қыздарымен сұхбат жүргізеді.

     Оқытушылардың мәдени корпаративтік Кодексі,  студенттердің ар-намыс Кодексі ережелерін, оқытушы туралы ережесі, студент туралы ережені тиімді ендіру мақсатында үнемі жұмыс атқарылады.

     Этика бойынша факультеттерде Комиссиялар құрылып, студенттердің мәдениетті сақтау бойынша тиімді жұмыстар атқарылуда.

     Университетте барлық бағыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің  тиімді жолдары  қарастырылған,атап айтар болсақ:

       Университет ғимараттарында студенттер және профессор –оқытушылар құрамы үшін сыбайлас – жемқорлықтың алдын –алу мақсатында  жәшіктер қойылған, оған әрбір қызметкер немесе студент келеңсіз жағдайлар туралы өз ойын жазып  қалдырады, қаладағы құқық қорғау  мекелерінен қызметкерлер келіп профессор-оқытушы құрамымен үнемі кездесу ұйымдастырып тұрады. «Нұр Отан» партиясы ХДП өкілдері қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу  мақсатында кездесулер ұйымдастырып тұрады.

      Облыстық әкімшіліктен құрылған комиссия  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауын насихаттау мақсатында оқу орнымызда  университет қызметкерлерімен студенттердің арасында кездесулер  ұйымдастырып тұрады.

Мұқтаж студенттерге университет тарапынан бірнеше жеңілдіктер қарастырылған, атап айтар болсақ:

·        тұл жетім  студенттерге тегін білім алу құқығы берілген;

·        мұқтаж студенттерге әр күн сайын асханадан екі мезгіл ыстық тамақ қарастырылған;

·        аталған студенттер жылына 3 рет қыстық және жаздық киімдермен қамтамасыз етіледі;

·        оқу орнымызды бітірген тұл жетім бір түлегімізге қаладан тегін үй салынып берілді және бір студенттің отбасын құру үшін той шығынын толықтай көтерді;

·        болашақта тұл жетім және мұқтаж студенттерге көмектесу мақсатында жұмыс берушілер мен жеке бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде.

Университетімізде төмендегі жобалар жыл сайын тұрақты  түрде ұйымдастырылып тұрады:

·      «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша, университет төңірегінде және қаланың көрікті жерлерінде сенбіліктер ұйымдастырылып,  көшет отырғызылды.

·   «Қыз өссе –  елдің  көркі» атты тақырыпта 1-4 курс аралығында байқау ұйымдастырылып тұрады. Байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

·     «Культ здорового тела» атты жоба бойынша университет қызметкерлері мен студенттер қатысқан іс-шара ұйымдастырылып тұрады.

      Университетте дарынды студенттерге төлем ақы бойынша  15%- 100%  дейін жеңілдік қарастырылған.Бұл студенттерге пәндік олимпиаданың  жеңімпаздары, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттер және мұқтаж отбасынан шыққан студенттер кіреді.

          Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен соңғы жылдарда қол жеткізген табыстарын насихаттау мақсатында студенттер арасында жұмыстар үнемі жүргізілуде. Мұндай насихаттар топ тәрбие сағаттарында, белсенді студентермен кездесулерде т.б іс- шараларда үнемі насихатталып келеді.

        Студенттерге арналған «Біздің заманның жаңа қаһармандары» жобасы бойынша ерлік көрсеткен бірнеше қаһармандар насихатталған. Олардың ішінде терроризмге қарсы күресте қаза тапқан қызметкерлер, әскери оқу –жаттығу барысында қатардағы әскерлердің зардаптан аман қалуына септігін тигізген офицерлер, сонымен қатар жас сәбилерді өрттан аман алып қалған азаматтар т.б қаһмандар ерліктері насихатталады.

         «Көшбасшы лекциялары» жобасы бойынша оқу орындарында  жетекші ғалымдарның, интербелсенді әдістерімен жүргізілген сабақтары жас оқушыларға үлгі ретінде көрсетіліп тұрады;

         «Елші сағаты» жобасы бойынша студенттерді таныстыру үшін жұмыстар жүргізілуде;

            Университетте гуманитарлық бағыттағы мамандарды дайындау мақсатында аталған мамандықтардың профессор-оқытушылар құрамын күшейту мақсатында, аталған мамандық студенттерінің сапалы іс-тәжірибеден өткізуіне  байланысты бірнеше іс-шаралар атқарылуда.

            Әлеуметтік –гуманитарлық  білім беру жүйесін дамыту мақсатында  профессор –оқытушылар құрамының әрбір лекцияға тыңғылықты дайындық жүргізу үшін жағдай жасау қарастырылған.

       Қазақ халқының мәденитетін, салт дәстүрін қалыптастыру  және дамыту  бойынша студенттер арасында төмендегідей іс-шаралар  өткізіліп тұрады.

            «Қызы сыны», «Жігіт сұлтаны» , «Жұлдызды жұп» т.б конкурстарында  қазақ халқының мәдениетін, салт дәстүрін қалыптасыру мен дамыту үшін іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

            Көпконфессиялы және көпұлтты  қоғамымыздың негізгі жетістігі жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, мәдениетті, салт дәстүрді сақтау бойынша төмендегі  іс-шараларды  ұйымдастыру және іске асыру қарастырылған.

            Орталық мешіттің өкілдері универсиеттің студенттері арасында  терроризмге қарсы іс-шаралардың өтуіне мұрындық болды.

         Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің өкілдері көпұлтты  халқымыздың ұлттар арасында достығын нығайту, ұлттар арасында жаңа жолдардың шықпауы үшін насихат жүргізілуде тұрады.

     Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, мәдениетімізді, салт дәстүрлерді сақтау бойынша университетіміз түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

      Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің жаңа технологияларын зерттеу мақсатында  университет оқытушылары мен студенттерінен құрылған топ үнемі жұмыс атқаруда.

         Жаңа білім беру идеяларын насихаттау  мақсатында  оқу орындарымыздың профессор –оқытушылар құрамын Республикадағы жетекші оқу орындарына біліктіліктерін жетілдіру мақсатында  курстарға жіберіліп отырады.

      Қазақстандықтар үшін жаңа жасампаз базалық құндылықтарды  іздестіру мақсатында 2013-2015 жылдары аралығында бірнеше жұмыстар атқарылды.

           Жастарды патриоттыққа баулу мақсатында 2013-2015ж аралығында «Шешендік өнер арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу» атты Е.Омар, Ә.Ж. Елтаев, А.Н.Жолдасовалардың  оқу құралы жарық көрді.

      Тәлімгер-эдвайзерлер мектебінен тәлімгерлер эдвайзерлерге арналған тренингтерге оқу орнымыздың тәлімгер – эдвайзерлері  үнемі қатысып тұрады.

        Этносаралық келісіммен шыдамдылықты жасау бойынша студенттер арасында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.

          Жастар арасында діни экстремизмнің  алдын  алу  мақсатында орталық мешіт қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады.

        Студенттер арасында ғылыми-әдістемелік негіздегі тәрбие жұмыстарымен қамтамасыз ету орталықтары үнемі жұмыс істейді.

        2013-2014 ж аралығында дарынды балаларды қолдау мақсатында оқу ақысына жеңілдіктер беру,оларды жатақханамен қамтамасыз ету, оларды пәндік олимпиадаға, түрлі конкурстарға даярлау бағдарламалары жасалынды.

        2015-2016 оқу жылында балалар және қарттар үйлерінде «Жүректен жүрекке» қайрамдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция бағдарламасында концерттік бағдарлама, қарттар мен балаларға арналған киім үлестіру сияқты іс-шараларды қамтыды.

          Университетіміздің барлық бөлімдерінде «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі ерекшеліктерін талқылау мақсатында университеттің жетекші профессор- оқытушылар құрамынан комиссия құрылып, жете талқыланды.

      «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі ерекшеліктерінің мәнін ашатын сұрақтар экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық пәндердің оқу бағдарламасына енді.

          «Қазақстан 2005» Стратегиясын аудандық және қалалық ақпараттық –насихаттау топтарының құрамына университеттің оқытушылары мен ғалымдары тартылып, кең насихат жұмыстары жүргізілді.

         «Қазақстан 2050» Стратегиясын талқылау бойынша факульттерде, студенттік топтарда  тәлімгерлік сағаттар ұйымдастырылды.