ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ  БӨЛІМ

Жастар ісі жөніндегі бөлім Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік жастар саясатын жургізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие шығармашылық және қоғамдық жұмыстары мен айналысатын университеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Жастар ісі жөніндегі бөлім  факультет пен университеттің  жастар құрылымы және бөлім жұмысының дұрыс жүргізілуі мен оған жүктелген басқару саласының жағдайы үшін ректорат алдында жауапкершілікті алады.

Унивреситет жастар ісі жөніндегі бөлім басшысын өзін-өзі ұсыну тәрбие  және әлеуметтік істер  жөніндегі проректор ұсынысы негізінде ректор бұйрығымен тағайындалды.

3.Жастар ісі жөніндегі бөлімнің негізігі мақсаттары мен міндеттері:

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының концепциясы, Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген құқықтарды сақтауы қамтамасыз ету;

–  Университетте әрдайым жастар саясытын іске асыру жұмыстарын өткізу;

– Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

–  Университет студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау;

–  Студенттердің патриоттылығы мен азаматтылығын дамыту;

– Студент жастарды жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға қатыстыру;

– Оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу үрдістерінің жұмысын жақсарту;

–  Университеттің студент жастарының заңға қайшы іс-әрекеттерін жою жұмыстарын жүргізу;

Университетіміздің  құрылғаннан бері жастар жағына өте қатты көңіл бөліп келеді.Әр түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізіп келеміз.Жаңа оқу жылында университет басшыларының қолдауымен 2016-2017  оқу  жылынан   бастап жастар ісі жөніндегі комитет атауы жастар ісі жөніндегі бөлімі болып өзгетілді. Бөлім негізгі мақсатында Қазақстан Республикасы Жастар саясаты аясында жұмыс жасайтын бөлім болып табылады.Университнеттің жастар ісі жөніндегі бөлімінде  құрылымында үш  маманымыз  қызмет жасайды.

–  Бөлім басшысы;

–  Қоғамдық іс-шараларды  ұйымдастыру маманы;

–  Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру маманы;

Оның негізігі міндеті қоғамдық жастар ұйымы мен бірлестіктерді үйлестіру болып табылады. Жастар ісі  жөніндегі бөлімі белсенді, талантты студенттерді танытып, студент жастар үшін түрлі жобалар жасап, пікірсайыс турнирлер, түрлі акциялар, флешмобтар ұйымдастырады, студенттердің өзін-өзі басқару жетекшілері арасында семинар-тренингтер, конкурстар ұйымдастырылады.

Студенттің  жан-жақты дамуы  мен  шығармашылық  әлеуетін  қалыптастыруда  институттың  басқа  да  қоғамдық  ұйымдарының  мәні  бар.  Бүгінгі  таңда  Жастар ісі   жөніндегі бөлімінде мынадай  студенттік  ұйымдар, бірлестіктер, клубтар  жұмыс  істейді:

–  «Студенттік өзін – өзі басқару» ұйымы;

–  «Қазақстан Студенттерінің  Альянсы» Республикалық  Студенттік  Қозғалысы;

–  «Нұр  Отан» партия жанындағы  «Жас Отан» жастар  қанаты;

– «АЛАҢ» пікірсайыс клубы;

–   «Жайдарман»  КВН клубы;

–  «Жасыл ел» жастар  еңбек жасағы;

     Олардың қызметін өзінің Ережелері, жұмыс жоспарлары және мүшелер тізімі бар жастар ісі жөніндегі  бөлімін үйлестіріп отырады. Университет  студент жастары   республикалық және жергілікті жастар ұйымына мүше бола отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру процестеріне белсене қатысуда, ЖОО студенттері «Жас Отан» жастар қанатының, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігінің қолдауымен құрылған «Қазақстан Студенттінің Альянсы» республикалық студенттерінің қозғалысының мүшесі болып табылады. Шымкент қаласында бұл ұйым өзінің қатарына 12-ден астам жоғары және орта оқу орындарын біріктірген. «Қазақстан Студенттер Альянсы» РСҚ-ның қалалық штабы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да орналасқан. «Студент,тамақтануың қалай?», «Біз Жемқорлықты  тоқтамыз», «Есірткіге жол бермейміз», сонымен бірге  жастардың отансүйгіштік тәрбиесіне бағытталған т.б. іс-шараларға белсене қатысады.

Жастарға жұмысқа орналасуға көмек беру, жұмыс берушілермен өзара ықпалдастық  күшейту бойынша қосымша қызмет көрсету мақсатында бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру басқармасы жыл сайын «Жас маман» бос орын жәрмеңкесін өткізеді, ол кәсіптік іс-тәжірибеден ғана өткен, басқа тәжірибесі жоқ жас маманды жұмысқа орналастырудың тиімді тәсілі болып табылады.

Студенттердің  құқығын, еріктілігі мен қызығушылығын сақтау, демократияны  дамыту және студенттер мен университет басшылары арасында әріптестік қарым-қатынасты жақсарту мақсатында универститет ректорының бұйрығымен  2014 жылдан ректорат және оның құрлымы жайында Ережесі бар Студенттік  Ректорат  жұмыс атқаруда Университет  ректоры үзбей студенттермен  кездеседі, ай сайын студенттер активінің мәжілістеріне қатысып, білім алу, студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуеті – жалпы студенттік өмір жайында мәселелер талқыланады.

ЖОО-дағы студенттің өзін-өзі басқару жұмысының тиімділігі әр сессиядан кейін тәуелсіз студенттік сауалнама және анкета жүргізу жұмыстары арқылы да, сонымен бірге «СЕНІМ ЖӘШІГІ» арқылы іске асырылады.

ЖОО-ның тәрбие жұмысының сонымен бірге“ студент- оқытушы” әріптесттік жүйесінің тиімділігі арттырылуда.

Университеттің  тәрбие жұмысының тиімділігін көрсететін мониторинг үнемі жұмыс істейді. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Университетіміз  республика мен  облыс көлемінде ЖОО-ішілік жастар ұйымына белсенді қатысады.