Тәрбие  тағылымының  танымдылығы

  Жаңа қоғамдық – әлеуметтік өмірге өтуіміз, еліміздің  эканомикалық  және мәдени, рухани жағынан өсуіндегі  жаңарудың  маңызды  жүйесі  болып табылады. Сапалы білім беру жүйесіндегі  жеке  адамның  әлеуметтік  есеюі  көптеген ғасырлардан мұра болып  келе  жатқан  еліміздің  дәстүр  тағылымдары мен  салт-сана  иірімдерінен, халық  өмірі  мен тұрмысынан, тілі  мен  мәдениетінен өріс, бастау, арна  алары сөзсіз. Адамның  рухани  тұрғыдан  жетілуі  өзін-өзі тәрбиелеуден  балталады  десек,  тәрбиенің   адам  тарихында  алар орнының  мол екендігін   атап өткен  жөн.

«Рим халқын  атақты,  күшті  қылған кім?- тәрбие.  Ескендірді  данышпан қылған кім?- Аристотельдің  тәрбиесі. Неміс жұртының  ұлтшылдық, бірлікшілдігі неден?-  Тәрбиенің  қуатынан». Демек, тәрбие мұратының   адам өмірінен алар  орны қай кезеңде  болмасын маңызды  әрі философиялық  мағынаға ие болып  келгені сөзсіз.

Ұлттық  тәлім – тәрбие  саласында  отбасындағы  әке-шешенің  тағлымды  тәрбие  тәлімнің  жас  буынға, оның  қалыптасуына, өріс-өресіне  тиер әсері мол. Атап айтсақ, адамның  туу, қалыптсуы, жетілуіндегі  тәрбиенің  мәні  ерекше.

Тәрбие – белгілі  бір ұлттың  ұлы  байлығы. Сондықтан, жастар тәрбиесінің арқауына  ұлттық  әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, халықтың рухани  игілігін пайдалану басты назарда болу қажет.Тәрбие-көп арналы,қыр-сыры мол,күрделі құбылыс.Тәрбие мұратының басты бағыты-тарихын,әдет-ғұрпын,салт-сана,дәстүр,тәлім-тәрбие,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген жастарымызды ұлттық тәлім-тәрбие, тағылымдары тұрғысынан тәрбиелеу болып табылады. Демек, тәрбие ұлттың салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезең ерекшелігіне, қоғамтану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан ұлағатты ұлы  мұра.

Бүгінгі  таңда университет  студенттеріне  әлемдік  ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру, студенттердің  рухани  байлығы  мен  мәдениеттілігін, ойлай  білу мүмкіндігін  жетілдіру және  университет қабырғасындағы  әр студенттің  тәрбиелік  мәдениеттілігі  мен білімділігін, іскерлігін арттыру  университеттің  тәрбие  жұмыстары  ережесінің міндетіне, айналып, бүгінгі  студенттердің  тәрбиесіне  зор үміт  артылып  отыр. Бүгінгі  таңдағы  Қазақстан Халықтар Достығы  университетінің  тәрбие  жұмыстарының ережесіндегі  негізгі  басты  мақсат: ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани ойлау  дәрежесі  биік, мәдениетті,  парасатты, университет  білімін  бойына  дарытқан  игі қасиетті студент жастарды тәрбиелеу  болып табылады.

 

Бөлімнің бас маманы:
[/su_spoiler]

Тәрбие және әлеуметтік істер бөлімінің құрылымы:
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

Тәрбие жұмысы жөніндегі Кеңес

                         1.Жалпы ережелер

Тәрбие жұмыстары жөніндегі ҚХДУ көлемінде барлық тәрбие жүйелерін үйлестіру және жетілдіру. Оның төраға орынбасары, хатшысы болады. Кеңес мүшелері қоғамдық ұйым өкілдері, оқытушы-профессорлар, тәрбие ісімен айналысатын  құрылымдық бөлім қызметкерлері құрамынан ұйымдасады.Сондай-ақ Кеңес құрамына міндетті түрде институттар енеді.

2.Кеңес қызметі

Кеңес мынадай қызмет түрлерін атқарады:

  • Тәрбие процесі бойынша нұсқаулар мен концепцияларды, іс-шара жоспарларын түзіп, бекітуге ұсынады және олардың орындалуын қадағалайды;
  • Факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің, топ тәлімгерлері мен эдвайзерлерінің, тәрбие ісімен айналысатын басқа да қоғамдық құрылым өкілдерінің есептерін тыңдайды;
  • Топ тәлімгерлері мен эдвайзерлеріне, тәрбие ісімен айналысатын басқа да қоғамдық құрылым өкілдеріне арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеп, баспаға ұсынады;
  • «Жылдың үздік тәлімгері,эдвайзері», «Жылдың үздік студент тобы», «Жатақханадағы үздік студент бөлмесі», т.б. номинациялар бойынша ережелерді бекітуге ұсынады;
  • Факультет пен кафедраның тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарларының, тәлімгерлер мен эдвайзерлердің топ жоспарларының, жастар комитеті мен тәрбие ісімен айналысатын басқа да қоғамдық құрылым өкілдерінің іс-шара жоспарларының сапасы мен орындалуын тексеруді ұйымдастырады;
  • Факультет тәрбие жұмыстарының есебін тыңдайды.

Бөлім жаңалықтары

 

1 курсқа кабылдау

 

[/su_spoiler]
«Тәуелсіздік тұғыры биікте»
«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

 

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған