АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

         «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің Жаршысы» ғылыми-публицистикалық журналы 2014 жылдың ақпан айынан бастап жарыққа шығады және республикалық ғылыми журнал болып табылады (тіркеу куәлігі 11.02.2014 ж. №14153-ж).

          Журналдың «Инженерлі-техникалық» сериясы үшін мақалалар төмендегідей рәсімделуі қажет:

           Сурет, кесте және формуламен қоса көлемі 3-6 беттік мақала электронды түрде (бір данасы қағаз бетіне шығарылған) MS Word форматында қабылданады.

      Мақала мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол және оң жағы – 2,5 мм, төменгі және жоғарғы жақтары – 30 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ   (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі,  бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде мақала тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e.mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме.  50 ден  150 сөзге дейін жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Мақаланың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін көрсетіледі. Мақаланы жариялаудың 2000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасын «Жаршыда жариялану үшін» ескертпесімен «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің» есеп-шотына жіберулеріңізді сұраймыз.

Реквизиттер: СТТН582200053058, БИН120940009832;

ИИК KZ47319Z010000330744, БИК ABKZKZKX, Кб 17;

«КазКоммерцБанк» АҚ

           Мақалаларды мына мекен-жай бойынша жолдаңыздар: 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 32, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті», «ҚИПХДУ-Жаршысы» журналының редакциясы; немесе  westnik-kipudn@mail.rue-mail-ы. «ҚИПХДУ Жаршысының» ұйымдастыру алқасы.

Ақпарат үшін сымтетік: 8(7252)95-23-09   8(7252) 95 25 21     (факс), 8 701 468 62 24

e-mail: westnik-kipudn@mail.ru

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған