Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (Магистратура, PhD докторантура)

«ЖООКББ бөлімі туралы»
>>

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен республикамыздағы жоғары оқу орындарының  бірі болып табылады.

Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең ғылыми – педагогикалық дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Магистратураның бейіндік бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, магистрлік диписсертациялық жұмыс қорғайды.

PhD докторантура – магистратурадан кейінгі білім беру бағдарламасына бағытталған. Білімнің бұл саласы – заманауи инновациялық технолоргиялар негізінде әлемдік ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып жоғары квалификациялы ғылыми мамандар дайындайтын сала.

PhD докторантура халықаралық талаптарға және Болон процесінің принциптеріне сәйкес ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттарға тек республикамызда емес, сонымен бірге шет елдерде де кеңінен танымал жетекші ғалымдар, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен шет елдік серіктестері де ғылыми жетекшілік жасайды.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы магистранттары университеттің кең көлемдегі халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар шетелдегі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктер бар. Университетте магистранттар мен доктаранттар үшін жыл сайын шетелден шақырылған профессорлар дәріс оқиды.

Қазіргі таңда университетте 12 мамандық бойынша магистратурада, 2 мамандық бойынша PhD докторантурада кадрлар дайындалады.

Мамандандырылған Халықаралық аккредиттеуден 6М010300-Педагогика және психология, 6М011200-Химия, 6М011300-Биология, 6М011400-Тарих, 6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6М050600-Экономика мамандықары өткен.

Бөлімнің қызметкерлері
Бөлімнің бастығы

ЖООКББ бөлімінің бастығы:
Омарова Бекзат Амангелдіқызы

Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,

Төле би 32, №105 кабинет
Телефон: 8-7252-95-25-62
E-mail: bekzat.1972.26@mail.ru

1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығын  бітірген. 2002-2005 жылдары аралығында аталмыш университеттің «журналистика» мамандығы бойынша Аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алды.

2010-2012  жылдар  аралығында  Қазақстан  инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің магистратурасында оқып, «Қазақ  тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын бастаған уақыттан бері қырықтан аса ғылыми жұмыстары аймақтық, республикалық, халықаралық журналдарға жарияланған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Білім беру, ғылым жолындағы ізденіс жұмыстары үшін облыстық, университет басшылығы тарапынан көптеген дипломдарымен, мақтау қағаздарымен қоса алғыс хаттарымен марапатталған. 2016 жылы А.Байтұрсынов атындағы Тіл Білімі институты, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-де «Қазіргі тіл білімінің пәнаралық  аспектілері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың тыңдаушысы болды. 2017 жылы «НААР» тәуелсіз агентігінің  «Білім беру сапасын университет ішілік қамтамасыз ету жүйесін» атты семинар-тренингтің сертификатын алған.  2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.   

Бөлімнің әдіскері

ЖОККББ бөлімінің әдіскері:

Токсанбаева Гулнар Ильясқызы

 Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,

Төле би 32, №105 кабинет

Телефон: 8-7252-95-25-62           

Бөлімнің маманы

ЖОККББ бөлімінің маманы:

Нысанбай Алтынбек Бауыржанұлы

Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,

Төле би 32, №105 кабинет

Телефон: 8-7252-95-25-62

 

Мамандықтар тізімі
Магистратура
  1. 6М010300-«Педагогика және психология»
  2. 6М011100-«Информатика»
  3. 6М011200-«Химия»
  4. 6М011300-«Биология»
  5. 6М011400-«Тарих»
  6. 6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті»
  7. 6М011900-«Шетел тілі: екі шетел тілі»
  8. 6М020700-«Аударма ісі»
  9. 6М030100-«Құқықтану»
  10. 6М050600-«Экономика»
  11. 6М071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
  12. 6М072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»     
PhD докторантура
  1. 6D010300-Педагогика және психология
  2. 6D011200-Химия          

 

Нормативтік құжаттар
Академиялық ұтқырлық
>>

Ішкі  байланыстар академиялық ұтқырлық бойынша магистранттар саны

ЖОО атауы 2016-2017 2017-2018 2018-2019
1 Аймақтық әлеуметтік-инновацияық универсиеті 9 8 3
2 ҚазҰУ әл-Фараби атындағы университеті 1
3 Сырдария 2

Сыртқы байланыстар академиялық  ұтқырлық бойынша магистранттар саны

ЖОО атауы 2016-2017 2017-2018 2018-2019
1 Тәжікстан педагогикалық институты 7

 

Қабылдау ережесі
Толығырақ:

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА  ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Магистратура және докторантура құжаттар тапсыру мерзімі 3-25 шілде.

Магистратура және докторантураға түсуші үміткерлер 2 емтихан тапсырады, шетел тілінен және мамандық бойынша.

Түсу емтихандары:
– 
шетел тілінен емтихан тапсыру мерзімі 08-16 тамыз аралығында
– мамандық бойынша емтихан 17-25 тамыз аралығында
– оқуға қабылдау 28 тамыз

Ағылшын тіліндегі бағытталған магистратура және докторантураға түсушілер үшін кешенді тестілеу 08-16 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратураға түсуші үміткерлердің «Бакалавр» академиялық дәрежесі болуы міндетті.

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «Магистр» дәрежесі бар адамдар қабылданады.

1 ғылыми-педагогикалық  (магистратура, докторантура) барлығы 150 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 50 балл
2 бейіндік бағыттағы (магистратура, докторантура) барлығы 130 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 30 балл
  1. Шетел тілінен емтихан

Шетел тілінен емтихан ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының технологияларына сәйкес тест түрінде алынады.

Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.

  1. Мамандық бойынша тапсырылатын емтихан
    Шетел тілінен жеткілікті балл жинаған үміткерлер екінші мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберіледі.Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
  2. ұйым басшысының атына өтініш;
  3. жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.
  4. кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5. 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы (флюрография міндетті);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қосымша құжаттар (грамота, сертификаттар ж.е.т.б.);
  9. Бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
  10. тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал + көшірме, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 теңге төлем);
  11. Мекен-жай анықтамасы

 

Докторантураға түсу үшін тапсыратын құжаттар тізімі:

1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтініші;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) жоғары оқу орнын бітірген дипломын және магистратура дипломының нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.

4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін;

5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (3,3-форма);

6) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

8) кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын құжат;

9) құжаттар тізімдемесі;

10) 20 папка файл;

11) тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал копия, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 тенге төлем)

12) Мекен-жай анықтамасы

13) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ)  анықтамасы

Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы,

Төле би  №32.

Телефон: 8 (7252) 95-25-62

 

Іс-тәжірибе, тағылымдамалардан өту базалары
Сыртқы байланыс
Ішкі байланыс