ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

М Ә Л І М Е Т

         Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудағы негізгі ұстанымы ғылым мен білім берудің жаһандық интеграциясы принципіндегі жоғарғы білікті мамандарды дайындауды жүзеге асыратын заман талабына сай ғылыми-зерттеу ортасын қалыптастыруға бағытталған.

     Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар оқу үдерісімен тығыз байланыста, университет профессор оқытушы құрамының жеке жоспарлары, кафедралардың ғылыми зерттеу жұмысының перспективті тақырыптық жоспарлары мен «Болашақ» инновациялық орталығы, «Жай сандар мәселесі» ғылыми-зерттеу және «Абайтану»  ғылыми-оқу орталықтарының жоспарлары негізінде жүргізіледі.

    Жалпы ПОҚ мен қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып келеді.

Бөлім бастығы: Ниязов Талғат Жақсыбайұлы

              Ғылыми ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі бөлім заманауи инновациялық технологияларды, қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстардың жүргізілуін, университеттің оқу үрдістері мен ғылыми жұмыстардың дамуын, ғылыми – зерттеу жұмыстарының аясында халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында өз іс-әрекетін жүзеге асырады.

       Ғылым бөлімнің іс- әрекеті төмендегідей тапсырмаларды шешуге бағытталған:

  • Қазақстан Республикасы және шетелдің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтарымен тәжірибе алмасу және ортақ ғылыми инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған әрекетті нығайту және дамыту;
  • университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
  • университет жоспары бойынша жыл сайын өткізілетін ғылыми конференциялар мен өзге іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) ұйымдастыру және қамтамассыз ету,
  • конференция  материалдары мен тезистері жинақтарын құрастыру және басылымдарға дайындау;
  • Thomson Reuters және Elsevier компанияларының ақпараттық ресурстарын пайдалану және қолдану;
  • университет, облыс және Республика көлемінде орындалатын инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқытушылар, студенттер, магистранттардың қатысуына тарту және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үрдістерімен байланыстыру;
  • университет жоспары бойынша жыл сайын өтетін ғылыми конференциялар, студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларының  материалдары мен тезистерінің жинақтарын құрастыру және басылымға дайындау;
    ғылыми жобалардың жетекшілеріне және орындаушыларына өтінім, келісім-шарт, есеп және басқа құжаттарын рәсімдеуде кеңес беру және ақпараттық көмек көрсету;
  • білім саласындағы халықаралық қатынастың дамуын жүзеге асыру;
  • университеттің халықаралық қатынасын жетілдіруге көзделген кешенді бағдарламаларын талдау және іске асыру;

      Қазіргі таңда ұлттық экономиканың инновациялық мазмұны мен 2010-2020 жылдарға арналған үдемелі индустиралды-инновациялық дамудың және ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламамаларында атап өткен негізгі міндеттерді ескере отырып,  университеттің профессор оқытушы құрамының 95 пайыздан астамы нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр.

     Бүгінде, Университеттің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру заман талабына сай жаңа деңгейге бағдарланған. Бұл әрекет жалпы білім беру үдерісінің ғылыми-зерттеу, конструкторлы-технологиялық, қаржы-экономикалық және өндірістік қызметтерді орындаумен тығыз байланыстыра алатындай, ғылыми үдеріске инновациялық бөлімшелерді, ғылыми зерттеу орталықтарын және басқа да құрылымдық бөлімшелерді жұмылдыру арқылы  көрініс табуда.

      Университетегі ПОҚ-ның ғылыми-зерттеулері және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары, алдын ала құрылған перспективті жоспарға сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өткен,  меншікті қаржы есебінен жүргізілетін 16 және шаруашылық келісім шарт негізінде жүргізілетін 4, жалпы саны 20 ынталы ғылыми-зерттеу тақырыптары негізінде, 13 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Ғылыми бағыттағы зерттеу, сараптау дәне талдау жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 14 оқу-ғылыми зертханалары мен кабинеттері бар, алдағы уақытта да университеттегі бар ғылыми зертханаларды әрі қарай қажетті деңгейде жабдықтау жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

          Университеттің ғылыми-зерттеу қызметін қаржыландыру жеке қаржы көздері, шаруашылық келісім шарттар, ғылыми жобалар мен гранттық қаржыландыру көздері арқылы жүзеге асырылып келеді.

       Нақты айтқанда, 2016 жыл барысында университет тарапынан  жалпы құны 8 миллион тенгені құрайтын 4 шаруашылык келісім шарт жасалып, жалпы құны  5 млрд. 478 млн. 500 мың тенгені құрайтын 5 ғылыми жоба құажаттандырылып, оның 3-еуі қаржыландыру мақсатында гранттық қонкурстарға ұсынылған.

Олар:

-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасымен «Разработка и изготовление макетов для проведения научно-исследовательских и учебно-методических проектов» қаржыландыру көлемі 10 млн.тенге жетекшісі Шамшиметов Ф. Ағымдағы жылы қаржыландыру мәселесі бойынша тиісті конкурстарға жіберу жоспарланып отыр;

-Болашақ» инновациялық орталығымен «Гидроэлектростанция на сквозных редукторах усилителях» тақырыбындағы жоба, қаржыландыру көлемі 5 млрд 322 млн 265 мың тенге. Аталған жоба жыл барысында мемлекет есебінен қаржыландыру мақсатында «НАТР» АҚ мен «Ғылым қоры» АҚ-на жолданған болатын;   

-«Жай сандар мәселесі» ғылыми-зерттеу орталығымен «Разработка теории простых чисел и решение гипотезы Римана» тақырыбандағы жоба, қаржыландыру көлемі 6,5 млн.тенге, жетекшісі  Қырғызбаев Ж.Қ. Жоба ҚР Ғылым және білім министрлігінің ғылым Комитетіне мемлекеттік қаржыландыру гранттық конкурсына бір рет жолданған;

-«Педагогика және психология» кафедрасымен «Білім беру жүйесінде Қазақстандық патриоттықты қалыптастыру» тақырыбындағы жоба қаржыландыру көлемі 10 млн.тенге, жетекшісі А.Құралов. Жоба ағымдағы жылы қаржыландыру конкурсына ұсыну жоспарланып отыр;

-«Мұнай-газ және құрылыс» кафедрасымен «Исследование возможности утилизации шахтных отвалов Карагандинского и Экибастузского угольных бассейнов на пригодность получения аглопорита искусственного пористого заполнителя для легких бетонов и теплоизоляционных изделий» тақырыбындағы жоба, қаржыландыру көлемі 140 млн.тенге, жетекшісі А.Медеуов. Жоба құжаттары Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне бірлесе гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін жолданған.

            2016 жыл барысында Университеттің ПОҚ мен ғылыми қызметкерлері тарапынан 40-қа жуық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зерттемелер жүргізіліп, 35 ғылыми зерттеу нәтижелері өндіріске және оқу үдерісіне ендірілген.

      Бүгінгі таңда, университет ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу қызметінің басты көрсеткіштері ғылыми-зерттеу нәтижелерінің ғылыми басылымдарда жариялануы болып табылады. Жыл барысында университет ПОҚ-ның 800-ден аса ғылыми мақалалары, отандық, алыс-жақын шет елдік ғылыми басылымдарда жарияланса, оның 31-ші жоғары коэффициентті инпакфакторлы басылымдар, 11– шет елдік ғылыми басылымдарда жарық көрген. Маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері 41 оқулық, 38 оқу-әдістемелік құрал және 9 монография түрінде жарық көрген.

          2016 жыл барысында, университет аясында өткізілген 1 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресс, 1-халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 1 студенттер мен арнайы және орта білім беру мекемелерінің білім алушыларына арналған республикалық  ғылыми–теориялық конференциясында  жалпы саны 1000-ға жуық ғылыми мақалалар алыс-жақын шет елдерден келген және отандық ғалымдар мен магистранттар және студенттердің қызу талқылануына  салынып, олар бойынша нақты резолюция, ұсыныстар мен қолдаулар жасалды. Аталған ғылыми іс-шаралар материалдары негізінде жинақтар жасалып баспадан шығарылды.

Атап айтар болсақ:

  • 24-25.11.2016 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ-і ғасырдағы Педагогика және психология: теория, әдіснама және тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресс. (конгресте  300-ден астам ғылыми мақалалар қаралды);
  • 07-08.04.2016 ж. «EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында өткізілетін «Жасыл экономика және бүгінгі таңдағы қаржылық реформалардың қалыптасуы мен тиімділігі» тақырыбындағы студенттерге, арнайы және орта білім беру мекемелерінің білім алушыларына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция. (жалпы саны 200-ден аса студенттер мен білім алушылардың ғылыми мақалалары талқыланған).

        Қазіргі таңда, университет аясында 18 студенттердің ғылыми үйірмесі қызмет жасап келеді. Аталған үйірмелерге қатысатын студенттер саны 317, немесе жалпы күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жүрген студенттердің 13%-ы  (2015 жылы 0,5%).

      Ғылыми үйірмелерде студенттер эксперименттер жүргізуді, қол жеткізілген нәтижелерді сұрыптауды, жобалау жұмыстарын жүргізуді үйренеді және көрнекі құралдар жасайды, зертханалық жабдықтар мен білім берудің техникалық жабдықтарын құрастырады.

      Өткен жыл барысында студенттердің ғылыми үйірме отырысында жалпы саны 113, студенттердің ғылыми баяндамасы тыңдалған. Айрықша деп танылған баяндамалар ғылыми конференцияларға ұсынылған.

       2016  жыл барысында университеттің 400-ден аса 1-4 курс студенттері ғылыми-зерттеу және өзіндік зерттеу жұмыстарымен айналысса, оның 152-сі университеттен тысқары басқа ЖОО-да өткізілген, 319-ы университет аясында өткізілген, 305-і факультеттер аясында өткізілген әртүрлі пән олимпиадалары мен ғылыми жобалық байқаулар, конференциялар мен ғылыми форумдарға қатысты.

      Жастардың творчествалық және ғылыми потенциалын жүзеге асыру мақсатында университетте құрылған «Жас ғалымдар кеңесінің де қосар үлесі баршылық. Аталған ұйым жыл барысында ұйымдастырылған барлық ғылыми іс-шараларға өз үлестерін қосып, ғылымға құштар білімалушылар мен жас оқытушыларға барынша ықпал етуде.

       Университеттің алдына қойған негізгі миссиясы мен мақсаттарын жүзеге асырудағы негізгі стратегиялық жұмыс бағыттары ретінде алдағы уақытта дүниежүзілік ғылым мен білім беру жүйесіне интеграциялану, оқу және ғылыми зерттеу үдерістеріне шет елдік танымал ғалымдарды жұмылдыру және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруды айтуға болады. Осыған орай, ғылыми-зерттеу жұмысын интеграциялау көрсеткішін жақсарту және өзара бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыру мақсатында 30-дан астам алыс-жақын шет елдердің және отандық ірі ЖОО мен ҒЗО-мен екі жақты келісім шарттар жасалған.

Атап айтар болсақ:

        Ресей халықтар Достығы университетімен, Халықаралық психология ғылымдары Академиясымен, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институтымен, Халықаралық ақпараттандыру академиясымен, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университетімен, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен, Өзбек мемлекеттік әлемдік тілдер университетімен, Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университетімен, Ресей жаратылыстану Академиясымен, В.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетімен,  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетімен, Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен т.б.

          Университет базасында 2014 жылдың қаңтарынан бері дәстүрлі түрде  «ҚИПХДУ-Жаршысы» (куәлік №14153-Ж, 11.02.014ж.) атты ғылыми публистикалық журнал әр тоқсан сайын бір рет жарияланып келді. Аталған журналда университетіміздің профессор оқытушылары мен студенттерінің ғана емес облыс және оңтүстік аймақта орналасқан басқада түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарияланып отырады.

       Алдағы уақытта университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің көрсеткіштерін әрі қарай дамыту және сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

  1. Университеттің ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғалымдарының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарының нәтижелерін коммерциялизациялау және оқу үдерісіне ендіру бағытындағы тұрақты түрде, нақты жұмыстарды ұйымдастыру;
  2. Алдағы уақытта, университеттің ғылыми-зерттеу орталықтары, «Болашақ» инновациялық орталығы және профессор оқытушыларының тікелей қатысуымен мемлекеттік бюджет, шаруашылық келісім шарттар және әртүрлі халықаралық бағдарламалар мен гранттық қаржыландыру арқылы орындалатын нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруды жоспарлау;
  3. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың аяқталуы мен нәтижелілігін жоғарылату мақсатында ғылыми немесе инновациялық жобаны орындау және оған қатысты жасалатын инновациялық нәтижелерді коммерциализациялау жұмыстарын ұйымдастыру, «Болашақ» ИО мен «Жай сандар мәселелері» ғылыми – зерттеу орталығының осы бағыттағы жұмыстарын жандандыру;
  4. Студенттердің ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында университет кафедраларындағы ғылыми-үйірмелердің қызметін жандандыру, аталған бағыттағы жұмысты үйлестіру сапасын жақсартуға арналған университеттің «Жас ғалымдар кеңесі», студенттердің ғылыми қауымдастығы мен қоғамдарының жоспарлы да нақты жұмысын ұйымдастыру;
  5. 2017-жылдың соңына дейін ғылыми-зерттеу жұмысын зертханалық қамтамасыз ету мақсатында университет базасындағы оқу зертханаларына арнайы жабдықтау жұмысын ұйымдастыру арқылы 9 оқу-ғылыми зертханасын ұйымдастыру;
  6. Университеттегі фундаментальды және қолданбалы ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелілігі мен сапасын арттыру мақсатында университеттің ғылыми-техникалық кеңесінің жұысын жақсартуға аса мән беру;
  7. Тұрақты түрде, университет аясындағы мемлекеттік тіркеуден өткен ынталы ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша сапалы және нәтижелі жұмыстар ұйымдастыру.

Ғылыми-зерттеу және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор э.ғ.д.Т.Ниязов

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *