Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт елді мекенінің Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде мектеп бітіруші түлектер арасында математика пәнінен аудандық олимпиада болып өтті. Олимпиадаға аудан мектептерінен 55 түлек қатысып, бақтарын сынады. Олимпиаданы Қазығұрт аудандық білім бөлімінің қолдауымен Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің «Информатика  және математика» кафедрасы ұйымдастырды.

Ұйымдастыру алқасы төмендегі құрамда бекітілген болатын:

Ақылбаев М.И. – ҚИПХДУ тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, т.ғ.к., доцент.

Алимбаев Б.Т. – Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры.

Нұрахов Е. – «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі.

Сатеев П.У. – «Комсомол» ЖОМ математика пәнініңь мұғалімі.

Садиров Ж.С. – «Дихан» ЖОМ математика пәнінің мұғалімі.

Қолдасов Е. – Т.Рысқұлов атындағы мектеп-интернатының математика мұғалімі.

Нәтижесінде төмендегі оқушылар жеңімпаздар қатарынан көрініп, ҚИПХДУ ректоры грантының иегерлері атанды:

І орын. Махан Айбек Еркінбекұлы – Т.Рысқұлов атындағы мектеп-интернатының түлегі – 100% грант иегері.

ІІ орын. Елемесов Ерман – «Дихан» ЖОМ түлегі – 50% жеңілдік.

ІІІ орын. Тағаева Айымжан Маратқызы – «Ащыбұлақ» ЖОМ түлегі – 30% жеңілдік.

Сонымен қатар, жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі оқушылар Қазақстан инженерлі-педагогикалық университетінің мадақтамасымен марапатталды:

Түймебаева Аида – «Болашақ» мектеп-интернатының түлегі.

Қалдыбай Нұрәлі – «Дарын» мектеп-интернатының түлегі.

Өте Мейіржан – Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ түлегі.

Қаппарова Жанар – Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің түлегі.

Аймаханбет Дінмұханбет – «Қақпақ» ЖОМ түлегі.