Гуманитарлы педагогикалық факультетінің ұжымы осы жылы бірталай жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ спортсмендеріміз 12-16 қазан аралығында Сербия мемлекетінде Нови-Саде қаласында өткен жастар арасында әлем чемпионатында самбодан ҚИПХДУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығың 2-курс студентті Құдыретілла Айжан қола медальға (ІІІ-орын) ие болды. Қазақстан Республикасының ІХ-жазғы универсиадасында үстел теннисінен ҚИПХДУ дене шынықтыру және спорт мамандығың 2-курс студентті Алтай Азамат 2-орын, 1-курс студенті Есенгелді Рахымжан, 3-курс студенті Аман  Сабыржан  5- орынды иеленді.

«Экономика және құқық» кафедрасының мамандықтары  студенттерінен құралған  «Халықтар Достығы» командамыз ОҚО жоғары оқу орындары арасында өткен «Кәсіпкерлік – экономиканың даму негізі»  атты   Аймақтық студенттік олимпиадада жүлделі 1 орын алып,  сертификатпен оралды.

«Филология және тілдер»  кафедрасынан 11 қараша күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен  «Латын әліпбиіне көшу-Руxани жаңғырудың баспалдағы»  атты облыстық пікірсайыс турниріне  университетіміздің   «АЛАҢ»  Жастар пікір сайыс клубы қатысып ең үздік төреші  номинациясын «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының ІІ-курс студенті Сүйіндік Диана Әлімжанқызы жеңіп алды,  «Ең үздік философиялық ой» номинациясымен “ХДУ АЛАҢЫ”  фракциясы Байгөбекқызы Алуа  және Асқарқызы Балнұр марапатталды.

Құрметті ұжым және студенттер! Сіздерді Жаңа 2018  жылмен шын жүректен құттықтаймын!  Сіздерге келіп жеткен 2018  жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін!

Ескі Жылдың қайғы – мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл – күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе – назымызды, өкініш – мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!
Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар, тың шығармашылық ойлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, тамаша бастамалар мен оң шешімдер, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін!!!

Гуманитарлы педагогикалық факультет деканы, доцент У.Т.Сулейменова