«Аналар мен балалар – біздің болашағымыз!» Қазақстан инженерлі–педагогикалық Халықтар достығы университетінің белсенді студенттері және Жас Отандықтар жұмыла осындай тақырыптағы қайырымдылық акциясын өткізді. Жоба бойынша жастолқын арнайы қаржы жинаған болатын. Енді белсенді топ сол теңгеге қаламыздағы аналар үйіне барып, жаңа жылдық сыйлықтарын тарту етті. Балаларымен ойнап, көңіл–күйлерін көтеріп, аналардың басынан кешкен оқиғаларын тыңдап, қате қадамды қайталамауға сөз берді…Айта кететін ақпарат, бүгінде Шымкент қаласында 2 аналар үйі бар. Бүгінде біріншісінде — 16 ана, 12 бала, 4 жүкті әйел паналап отырса, екінші үйде — 9 ана, 9 бала, 1 жүкті әйел балаларымен осы «баспанада» тұрып жатыр.