Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті

Жаратылыстану-инженерлі факультеті

«Мұнай және құрылыс» кафедрасы

 

2017 жылдың желтоқсан айының 14 жұлдызында, магистр-оқытушы қызметін атқарушы Сейітқасымұлы Қ. «Құрылыстағы сызу AutoCAD негіздерімен І» пәнінен 5В072900Құрылыс мамандығының 2 курс, Т-729-16 топ студенттеріне 406А аудиторияда 13.30 – 14.20 аралығында «Графикалық жүйенің интернетпен байланысы. AutoCAD пен интернеттің өзара іс-әрекеттерінің негізгі принциптері»  атты практикалық сабағы өтті.

 

  1. Жалпы сипаттамасы

Практикалық сабағы тұтастай алғанда жақсы әдістемелік деңгейде өтті.

Материалды түсіндіру сапасы: Практикалык сабақтың  мақсаты мен міндеттері айтылып өтілді. Тақырып бойынша материал ауызша түсіндіріліп, AutoCAD-тың интернетпен байланысы және маңыздылығы айтылып түсіндірілді. Ғылыми терминдер орынды қолданылды.

Техникалық құралдарды пайдалану: Интерактивті тақта пайдаланылып, жоспар сызбасы экранға шығарылып, онлайн түрде сызу барысы көрсетіліп, оный интернет арқылы вертуалды жатқа сақтау барысы көрсетілді.

Студенттер персоналды компьютерлеріне отырып, тақырып бойынша сызба жұмыстарын жүргізді. 5 студент  өз жұмыстарын онлайн интерактивті тақтада сызып көрсетті.

  1. Қызығушылық: мұғалім студенттердің жұмыстарын интерактивті тақтаны қолдана отырып теория және практикалық дағдыларды байланыстырып түсіндіру барысында жеңілдетіп, қызғушылықтарын арттыра түсті.
  2. Дамытушылық: практикалық сабақта дербес компьютерлер арқылы сабақ барысын жүргізіп, мамандыққа қажетті бағдарламалармен сызу жұмыстарын жүргізді. Болашақ маманның ИТ технологияларды меңгеруі және оны ғаламтор арқылы жатта сақтау және вертуалды пошта арқылы өзгеге беру дамыту процессіне жақсы әсер қалдырады.
  3. Пән аралық байланыс: партикалық сабақ жүргізілу барысында мұғалім пәнің бірнеше өзге пәндермен байланыстырды. Атап айтқанда, сызу және информатика, құрылыс конструкциясы пәндерінің элменттері көрінді.
  4. Тәрбиелік: компьютерде AutoCAD бағдарламасы арқылы сызу ұқыптылық және қырағылықты қажет етеді. Себебі, сызу барысында см қате жіберілмеуі қажет. Бұл дағдылар студент бойында болашақ маманның қалыптасуы барысына оң әсерін тигізеді.