Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті

Жаратылыстану-инженерлі факультеті

«Мұнай және құрылыс» кафедрасы

 

2017 жылдың желтоқсан айының 12 жұлдызында, магистр-оқытушы қызметін атқарушы Сатымбекова  А. «Сәулет І» пәнінен 5В072900Құрылыс мамандығының 2 курс, Т-729-16 топ студенттеріне 406А аудиторияда 16.30 – 17.20 аралығында «Қазақстанның қазіргі және ежелгі заманда сәулеті»  атты  практикалық сабағы өтті.

 

1. Жалпы сипаттамасы

Материалды түсіндіру сапасы: Практикалык сабақтың  мақсаты мен міндеттері айтылып өтілді. Тақырып бойынша материал ауызша түсіндіріліп, Сәулеттің тарихпен байланысы және маңыздылығы айтылып түсіндірілді.  Ғылыми терминдер орынды қолданылды.

Техникалық құралдарды пайдалану: Интерактивті тақта пайдаланылып, презентация жасалынып,  жоспар  экранға шығарылып, онлайн түрде көрсетілді.

Студенттер Тақырып бойынша студент  өз жұмыстарын онлайн интерактивті тақтада көрсетті.

  1. Қызығушылық: мұғалім студенттердің жұмыстарын интерактивті тақтаны қолдана отырып теория және практикалық дағдыларды байланыстырып түсіндіру барысында жеңілдетіп және сабақ соңында студенттерден тест алып қызығушылығын жоғарлатты.
  2. Дамытушылық: практикалық сабақта ежелгі дәуіргі және ұлттық сәулетті дәріптеу барысында студенттердің сәулет жайлы ой-өрісін кеңейтуге және болашақ маманның қалыптасуына ықпал жасайды.
  3. Пән аралық байланыс: партикалық сабақ жүргізілу барысында мұғалім пәнің бірнеше өзге пәндермен байланыстырды. Атап айтқанда, тарих және құрылыс материалдары, құрылыс конструкциясы пәндерінің элменттері көрінді.
  4. Тәрбиелік: Сәулет пәні арқылы студенттерді патриоттық қасиетін арттырды. Себебі, сабақ барысында елімізде салынып жатқан, салынған ғимараттар студенттердің ой-өрісін дамытты.