2017 жыл 27 желтоқсан күні Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде Жаңа Жыл мерекесіне орай «Депутат шыршасы» атты балаларға арналған таңертеңгілік мерекелік іс-шара өтті.       

Кештің негізгі мақсаты: Балаларды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтау. Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, қуанту болып табылды.

Мерекелік кешке аз қамтылған отбасылардың, жалғыз басты аналардың және университет ұстаздарының балалары қатысты. Іс-шараға Аяз ата мен Қарша қыз шақырылып, балаларды қызыққа бөледі.

Мерекелік шыршаға 77 бала қатысты. Университет ректоры, Облыстық мәслихат депутаты Р.Қуатбекованың атынан барлық кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылды.

Сонымен қатар, бүлдіршіндер арасында сурет байқауы өтті. Балалар Жаңа Жыл тақырыбында суреттер салып, үздік болып табылған бүлдіршіндер сыйлықтармен марапатталды.