13.12.2017ж. сағат 1500-де  әдістемелік кабинетте Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжаты екендігін насихаттау бағытында семинар ұйымдастырылды.

«Болашаққа қадам» тақырыбында көрсетілген бейнероликті талқылап, еліміздегі  рухани жаңғыру жолында атқарылған істер мен қол жеткен жетістіктер туралы жастар өз ойларымен бөлісті.

Заман талабына сай механизмдерді жолға қойып, болашаққа қадам басу туралы пікір алмасты.

Семинарға университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.

«Қазақстан тарихы  және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Д. Жақаш  баяндама жасауда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын қазақ тілін латын қарпіне көшіру тұрғысынан талқылау бойынша  «Филология және тілдер» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ.С. Қайырбекова пікір білдірді.