Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлымен кездесу.

2018 жыл 4 қаңтар күні Қазақстан иженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің АКТ залында университет қызметкерлері және студент жастарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлымен кездесу өтті. ҚИПХДУ-нің оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректоры Ә.Ақкөзов қонақтарды университет қабырғасымен қызметкерлерді және студент жастарды таныстырды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қаратаев Фахриддин өз сөзінде республикамыздағы тың идеялар мен жаңалықтарды айта кетті. Кездесуде Елбасы Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы жайында сөз қозғалды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қаратаев Фахриддин мырзаға университет қызметкерлері және студент жастары көптеген сұрақтар қойып көкейндегі жүрген сұрақтарына жауап алды. Қызметкерлер тарапынан сұрақтар көп болды, уакыттың тығыздылығына байланысты сұрақтарын жазбаша түрде берді. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қаратаев Фахриддин мырза жазбаша түскен сұрақтарға міндетті түрде жауап қайтаратындығын жеткізді.

Қатысқандар:

 

Оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор:                                      Ә.Ақкөзов

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор:                         Т.Жанәділов

Ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор:          Т.Ниязов

Даму және әкімшілік істер жөніндегі проректор:                              Б.Сүлейменова

Ректордың қоғамдық-саяси және идеологиялық

жұмыстар жөніндегі кеңесшісі:                                                       С.Сахов

Әкімшілік мәселелер жөніндегі ректордың көмекшісі:                А.Қуатбеков

Гуманитарлы – жаратылыстану факультетінің деканы:                     З.Илясов

Гуманитарлы- педагогикалық факультетінің деканы:                       У.Сулейменова

Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы                                                   Д.Ғаниұлы

Университет ұжымы

Университетің студент жастары