Жолдауды қолдау

 

2018 жылдың 16-шы қаңтар  күні  Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10-қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқыланды. Аталған жиынға Оңтүстік Қазақстан Облысы мәслихат депутаттары; Әбіш Дулат Назарбекұлы, Саттар Қуашбай, университетіміздің құрметті президенті х.ғ.д., профессор, ҚазҰЖҒА академигі Қуатбеков Әбдімұса Мұратұлы, университетіміздің ректоры,облыс мәслихат депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы  және университет  ұжымы қатысты.

Жиын барысын университетіміздің ректоры облыс мәслихат депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы жүргізді. Елбасы жолдауын талқылауға  келген қонақтар және университет профессор оқытушылары  өз ойларын білдіріп, университет ұжымына түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу қажет екендігін атап өтті.

Жиын соңында университет ұжымы Елбасы саясатын бірауыздан қолдайтындарын айтты.