2018 жылдың 16-шы қаңтар  күні  Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің акт залында оқу әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тақырыбында ашық лекция оқылды. Аталған жиынға  университетіміздің құрметті президенті х.ғ.д., профессор, ҚазҰЖҒА академигі Қуатбеков Әбдімұса Мұратұлы,  университетіміздің вице президенті т.ғ.к., профессор, Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы, университетіміздің ректоры,облыс мәслихат депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы  және университет  ұжымы қатысты.

Жиын барысын “Филология және тілдер” кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.,  Қожахметов Бектай Қалиұлы жүргізді. Жиында Абайдың тәрбие үрдісі мен үдерісі, қара сөздері, өлеңдері, поэмалары мен аудармалары және қазыргі заманғы тәрбие ісіндегі маңыздылығы жайлы ой қозғалды. Қорыта келе “Абайды таныту арқылы Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс ” -деп Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың айтқан пікірімен аяқтады.