2018 жылдың 25-ші қаңтар  күні  Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің АКТ залында «Жастар Ресурстық Орталығының» директоры Береке Дүйсебеков  университет студенттеріне «Жастар дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында  лекция сабағын өтті.

Аталған жиында  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын және 2018 жылдың 10-қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын қолдайтындығын және  жастардың бос уақытын тиімді пайдалану әрі жастармен тыңғылықты жұмыс жасай отырып мәдениеттілігімізді одан әрі арттыру керек екендігін тілге тие кетті.