2018 жылдың 25-ші қаңтарында Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2017 жылдың 15 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабымен танысу кеші өтті.

Кешті Манасбай Диана және Қазытай Медеу  жүргізді. Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Т.Жанәділов ашып берді. Жаңа кітаппен МТ-116, ҚТ217, ШТ-217, ХМ-117, ХМ-117, МТ-116, ҚС-217, ШТ-217, МЗ-217, МЗ-217 топтардың студент жастары толық танысын өз пікірлерімен бөлісті.

Баянды бірлік пен байсалды тірліктің мән-маңызын жете тусінетін біртұтас Қазақстан халқы Мемлекет басшысының жаңа еңбегінен тағылым да, таным да ала беретініне сенімдіміз. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.

Қазақстан – бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз жолын, өз болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдындағы беделі биік, үш бірдей жаңғыруды ойдағыдай өткізе білген абыройлы мемлекет. «Тәуелсіздік дәуірі» мәдениет пен әдебиеттің өлшем ретінде ұлттық мұраларымыз ел игілігіне айналып, болашақ ұрпақ танымын қалыптастыруға  қызмет ету.