Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің 

«Болашақ» инновациялық ғылыми зерттеу институтының директоры

М.Р.Туртаев

Студенттер- қоғамды рухани жаңғыртуда үлкен күш!

2018 жылдың 30 қаңтарында университетімізде ҚР президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру тақырыбындағы бағдарламалық мақаласының негізгі тұстары жастар көзімен» тақырыбындағы студенттердің университеттік  ғылыми-теориялық  семинары өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты-мемлекеттің бүгінгі талаптарына сай қоғамды рухани жаңғыртуды жүзеге асыруда университет студенттерінің беделін асыру.

Семинарда барлық курстардың студенттерімен мұғалімдері қатысты. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында көрсетілген негізгі жәйіттерді толыққанды және сапалы талдау мақсатында семинардың БАҒДАРЛАМАСЫ жасалды. Ұйымдастыру комитеті құрамына университетіміздің  барлық кафедраларының уәкілдері мен ғылыми-зерттеу орталықтары кірді. ҚР президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауының келесі негізгі бағыттары таңдап алынды:

  1. Бәсекелік қабілет;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы;
  6. Сананың ашықтығы;
  7. Латын әліпбиіне біртіндеп өту;
  8. Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тілінде 100 жана оқулық;
  9. Патриотизм;

Барлық студенттердің жауапкерлігі жоғарылығы олардың дайындаған баяндамаларынын мазмұнынан көрсе болады.Студенттер өздерінің баяндамаларында таңдап алған бағыттардың ғылыми-теориялық негіздерін терең талдау алқа мүшелерінің көңілдерінен шыққандығын ерекше атап өту қажет.

Келешекте студенттер өздерінің баяндама материялдарын диплом тақырыбы ретінде алса мақсатқа сай болуын алқа мүшелері айтып өтті.Сонымен қатар, алқа мүшелері студенттерге келешекте өздерінің баяндамаларына еркін, мәтінге қарамай аудиторияға түсіндіруді үйрену керектігін ұқтырды.

Бүгінгі семинар студенттер үшін сапалы білім алудағы және оны жетілдіруде үлкен сабақ болды деп үміттенеміз.

Ғылыми-теориялық семинардың нәтижесі бойынша келесі қорытындылар жасалды:

Бірінші орын иегерлері: Салимбай Мадина, Култас Акерке, Нуржауова Айзере.

Екінші орын иегерлері: Атоханова Мунавар, Каратаева Дильдора.

Үшінші орын иегерлері: Бегман Жаксылык

Барлық семинар қатысушыларына белсенді қатысқандары үшін университет ректоры қол қойған сертификаттар тапсырылды.