Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Сол айқын көрініп тұрған мәселе бойынша Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің басшылығымен әр түрлі қоғамдық іс-шаралар атқарылып жүзеге асырылуда. Гуманитарлы-педагогикалық факультетінде ұлт өкілдері арасында «Ұлтаралық татулықтың тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене түсуде екендігі осы іс-шарада айтылды. Бүгінгі таңда гуманитарлы –педагогикалық факультетінде 11 ұлт өкілдері (өзбек, татар, түркмен, орыс, тәжік, башқұрт, азербайджан т.б.) білім алуда. Алыс, жақын шет елден келген студенттерге деканат тарапынан, кафедра профессор-оқытушылар құрамы университет қабырғасына келген күннен бастап тәлімгерлік жұмысын атқарады. 1 курс студенттері үшін түсіндірме жұмыстарымен қатар қазақ тілінін жоғары деңгейде меңгеру үшін әдістемелік көмек көрсетеді. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен неке санының артуының нәтижесі. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр. Гуманитарлы-педагогикалық факультетінде ұлтаралық қарым-қатынастар жұмысын нығайту үшін профессор – оқытушылар құрамы жоғары жауапкершілікпен жұмыс атқаруда және күшейтуде.