2018 жылдың 6 наурызында  ОҚО әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасына қарасты Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі  8 наурыз  Халықаралық әйелдер күніне орай, «Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – нұр» атты тамаша мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Шымкент қалалық мемлекеттік архиві халыққа танымал мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан, ақын, қоғам қайраткері, ұстаз дәрігер, Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аналарымыз туралы мемлекеттік сақтауда тұрған  архивтік құжаттарды  жарыққа шығару, жас ұрпаққа насихаттау болып табылды.

Аталған іс-шараға  облысымызға  танымал ақын Қабылбек Төретай, ОҚО әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы М.Құдияр, облыстық маслихат депутаты Р.Қуатбекова, зейнеткер – дәрігер П. Жәутікова, зиялы қауым өкілдері мен жоғары оқу орындарының ұстадары мен студенттері қатысты.

Сонымен қатар жеке текті құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданған қор құрушыларға, яғни бүгінгі таңда қоғамымызда айналасына нұрын шашып тұла бойы білім мен даналықтан өрілген, әйел адамның үлкен саясатта төрдегі орнын нақтылап көрсетіп берген адамгершілікпен, сұлулықтың символы бола білген  Жәутікова Парида Мергенбайқызы мен облыстық маслихат депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызына куәлік тапсырылып,  әдемі  сұхбаттасу, пікір алысу аясында  осы кісілердің фото құжаттарынан, еңбектерінен және архивтік құжаттар негізінде «Аңызға айналған арулар» атты екі көрме ұйымдастырылды, жылы лебіздер айтылды.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде тақырыптық өлең-жырлар оқылып, мерекелік әндер шырқалды.

                                                                                 Т.Жанәділов,

                                                                            ҚИПХДУ-нің

                                                                                 тәрбие және әлеуметтік істер

                                                                            жөніндегі проректоры