2018 жылғы наурыз айының 28 күні Университеттің кешенді жоспарына сәйкес 2017-2018 оқу жылында Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, жұмыс берушілердің қатысумен «БОС ОРЫН» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге жұмыс беруші төмендегі ұйымдар мен олардың өкілдері қатысты:

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары Алихан Ұлжан Әбдилхановна,ТОО «Интеркомп аутсоринг» қызметкерлерді іріктеу және бейімдеу бөлімінің басшысы  Жаманкараева Баян Жумадиллаевна, «Коорпарация Сити-Строй» ТОО ЖШС Усенбаева Тоғжан Кукенбаевна,ОҚО Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ  Әзімханов Даулет Қожахметұлы,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан обылысы бойынша департаментінің бас маманы Шынтаев Нарта. Қалалық білім беру басқарма әдіскері Талипбаева Гулжан Серикбаевна.

Жәрмеңкеде Шымкентте нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша түсіндірілді. Келген жұмыс берушілер бітіруші түлектерге жаңа бағдарламаның мақсатын және мазмұнын таныстырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар іс-шарада «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы да насихатталып, осы бағдарлама аясында жас мамандарға жасалатын мүмкіндіктер мен жеңілдіктер бойынша мәлімет берілді. Іс-шараға қатысқан өкілдер, бітірушілерге өз мекемелерінен бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыс берушілер, бітіруші түлектерге мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне орналасу мүмкіндіктері туралы айтып үміткерлерге арналған   ақпараттық –түсіндірмелік жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Жұмыспен қамту және іс тәжірибе бөлімі мен маман даярлаушы кафедралар өткізген жәрмеңке өз нәтижесін берді, студенттер өздеріне керекті мәліметтерді алды.