Университетіміздің қабырғасында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «Туберкулезді алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Университетте студенттер арасында  жоспар түзіліп, апталық өткізілді.

«24-наурыз Дүниежүзілік туберкулездің алдын алу» бойынша ай бойында студенттер арасында сұхбаттар жүргізіліп, лекция оқылды.

*    Кітапханада тақырыптық   көрме ұйымдастырылды.

*    Туберкулезбен аурмау үшін  не білу қажет»  1-2 курс студенттеріне сауалнама жүргізілді.

*    Медициналық  орталықдәрігер Орынбай емханасында  студенттерді  флюрографияға  түсірілді..

*    Осы емханадан терапевт Сапарова Д.С, Абишев Е.Е.және  салауатты өмір салтын  насихаттаушы Туртаев М.Т дәрігерлері  және студенттермен бірлесіп  «Туберкулезден сақтанайық!» тақырыпта   дөңгелек үстел   өткізілді.

Дәрігерлер  спецификалық:

-вакцина және БЦЖ ревакцинациясы

Спецификалық емес:

-салауатты өмір салты;

-тиімді тамақтану;

-зиянды әдеттерден бас тарту керек екенін айтты.

Жылына бір рет міндетті түрде   флюрографияға тусу  керек екені ,туберкулезді жұқтыру қалай жүреді, ауруды дамуына  ықпал ететін факторларды  толық айтылды.Салауатты өмір салтын  насихаттаушысы   Максат Талипұлының   салауатты өмір салтын ұстанып , «ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде»  деген қағидаға сүйенді.

Аталмыш емханада   университет  студенттері  (РПН) тіркеліп  , алғашқы медициналық көмек көрсетілуде және   жылжымалы флюрографиясына   315 студенттерді  тегін  түсірілді.

Медпункт меңгерушісі, психолог  Қ. Есмұрзаева «Туберкулез ауруы – әлеуметтік маңызды індет»,  аурудың  белгілерінің  байқаған жағдайда медицина мекемесіне жүгінуді,  уақытында  анықталған туберкулез –ойдағыдай  айығып кетудің  кепілі екенін айтты.