Туртаев М.Р. – КИПХДУ «Экономика және құқық» кафедрасының доценті

«ТҰЛҒА ЕСКЕРТКІШТЕРІ   –  ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»

2018 жылы 23 ақпанда Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінде  Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясын іс – жүзіне асыру мақсатында студенттер мен жастар арасында  «Тұлға ескерткіштері  –  ұлттық рухымыздың құндылығы» атты аймақтық ғылыми-танымдық жобалар байқауы өтті.

«Рухани жаңғыру»  идеясын насихаттау,  хабардар ету және жастарды отансүйгіштікке қызығушылығын арттыруға Шымкент қаласындағы  тұлғаларға қойылған ескерткіштерді классификациялап,тұлға ескерткіштерінің рухани-құндылықтық маңызын және қаламыздағы  қызмет еткен тұлғаларға қойылған мемориалдық тақтайшалардың қала тарихындағы орнын тұлғатану ретінде таныстыруға арналған жобаға «Облыстық тарихи – мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық»  МКҚК-ы бөлім меңгерушісі Таджиев Хамидолла Хабибуллаұлы, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық ортылығы» КММ-нің басшы орынбасары Исмаилов Сейдулла Кеңесбайұлы қатыстыБұл жобаға қаладағы басқа да университет пен колледж студенттері қатысты.

Байқауға тақырып бойынша маңызды деген тұлғалардың фото суреттері мен олардың тарихы жайлы мәліметтер дайындлып, аймақтағы студенттер мен жастар және шығармашылық топтар қатысты. Байқау Шымкент қаласындағы ескерткіштерді насихаттау арқылы туған қаламыздың тарихын тереңінен танып білу мен қастерлеу, патриотизге баулу негізінде өткізілді.

«Тұлға ескерткіштері  –  ұлттық рухымыздың құндылығы» атты аймақтық ғылыми-танымдық жобалар байқауы үш бағытта өткізілді:

Шымкент қаласының көркіне үлес қосып отырған Тұлғалардың толық ескерткіштері рухани құндылық ретіндегі алатын орны туралы мәліметтер беру толық бейнедегі ескерткіштер бойынша материалдар беру;

  • Шымкент қаласының көркіне үлес қосып отырған Тұлғалардың жартылай (Бюстеріне) ескерткіштері рухани құндылық ретіндегі алатын орнына жан-жақты мәліметтер беру;
  • Шымкент қаласының көркіне үлес қосып отырған Тұлғалардың ескерткіш-тақтайшаларын рухани құндылық ретіндегі алатын орнына жан-жақты мәліметтер беру;

Байқау «Қаламыздағы тұлға ескерткіштері  –  ұлттық рухымыздың құндылығы» атты байқауының ЕРЕЖЕСІ негізінде өткізілді.

 Байқауда университетіміздің проректорлары, кафедра менгерушілері мен профессор оқытушылары қатысты. Сонымен бірге университетіміздің Президенті, кұрметті академігіміз Куатбеков А. М. қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені Жолдасов Дастан, ҚИПХДУ

1-орын Құлтас Ақерке, ҚИПХДУ

2-орын Зулхарнаев Ерік, Өтей Нұрғалым , ОҚМФА Мұрат Гүлназ ҚИПХДУ

3-орын Шегебай Толқынай, АИУ Манасбай Диана, ҚИПХДУ жеңіп алды.

Ынталандыру сыйлықтарын Тұрғанбек Сапарәлі, Жамал Ұлжалғас, Төлен Айдар, Құдайберген Одилбек, Ғаппар Гаухар.

Орын алған студенттерге университет тарапынан сыйлықтар ұсынылды. Жобаға қатысқан студенттер сертификаттармен марапатталды.