УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕЛУІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университеті іс-әрекетінің Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде қойылатын талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми мойындауын қамтамасыз ету мақсатында университет ұжымы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетін аккредиттеу бойынша ұсыныс жасап, наурыз айында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіне жіберген еді. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 23-бабына сәйкес 2018 жылдың 14 наурызында Қазақстан инженерлі – педагогикалық халықтар достығы университетінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелуі бойынша КУӘЛІК алынды. Бұл КУӘЛІК-ке сәйкес біздің университет Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен байқауларға қатыса алады.

Университет ұжымын осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз, университеттің ғылыми және инновациялық іс-әрекеттерінде үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз. Бұл құжат университетте ғылым мен инновациялық іс-әрекеттерді жаңа сапалы деңгейге, сонымен бірге ғылыми және инновациялық жобаларды мемлекет бюджетінен өткізілетін байқаулар мен гранттарға қатысуына байланысты қиыншылықтарды алып тастауға, мүмкіндік береді деп сенеміз. Қазіргі уақытта ғылыми және инновациялық іс-әрекеттерге бағытталған жұмысты жандандыру бойынша университеттің барлық бөлімшелерінің белсенділігін арттыру мақсатында іс-шаралар жасалуда.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық
Халықтар Достығы университеті
«Болашақ» инновациялық
ғылыми-зерттеу институтының
директоры Туртаев Мутал Расулұлы