Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде «7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні» іс-шара өтті.

Облыстық салауатты –өмір салтын  қалыптастыру  орталығының  «Сау болу-сәнді!» ұранымен  іс-шаралар (мекемелерде, оқу орындарында, мектептерде, балабақшаларда) ұйымдастырылып өткізілуде. Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара.

Биыл Денсаулық күні «Сау болу-сәнді!»  ұранымен өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ , сәнді, мәнді жасау үшін жастарға  толыққанды өмір сүріп, отбасы мен қоғамның  белсенді мүшесі болатынына  көңіл бөлуге шақырады.

Іс-шараға университет ұжымы және   тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры  Т.Жанадилов , студенттер бұл іс-шараға белсенді  қатысты. Дене шынықтыру  кафедрасының оқытушыларының   бастауымен таңғы жаттығудан басталды. Медпункт меңгерушісі студенттердің қан қысымы өлшеу жұмыстары жүргізді,  салмақтары, бойлары  өлшенді.

«Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде дегендей, скрининг – арнайы жастағы  тұлғаларды  қауіпті  факторлар мен ауруларды ерте анықтау , сонымен қатар емдеу тиімділігін  арттыру  өз денсаулығымызды  күтінім –медициналық тексеруден  өтуге тиіспіз.

Сондай-ақ мемлекеттік орындарда, бюджеттік мекемелерде және халықтың көп шоғырланатын орындарында тұрғындардың қан қысымын өлшеу жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылуда,-деп қорытындады медпункт меңгерушісі  Қ.Есмұрзаева .