«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» сияқты «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жорал­ғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», деп айқын көрсетілген болатын.Осы мақала  аясында филология кафедрасының Абайтану бөлімінің меңгерушісі ф.ғ.к. аға оқытушы Қожахметов Бектай  ағайымыз студенттер мен аға оқытушылар арасында   «Абай ілімі және Рухани жаңғыру» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында адам бойындағы «адамгершілік» деген қасиетті сақтап тұратын ол – рухани тәрбие екенін, Абайдың тілімен айтсақ «Ары бар, ақылы бар, мейрімі бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес» және « Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол» -деген бес қасиетіне талдау жасады.   Студенттер дәрістен алған әсерлерімен бөлісіп, А.Құнанбаевтың  өлеңдерінен үзінді оқыды. Қонаққа жас ақын, қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Сейтов Сүндет Мұратбекұлы қатысып өзінің Абайға арнау атты өлеңдерін оқып берді.

     Абай, ең бірінші, – қазақ хал­қының жаны, ал оның «қа­ра сөздері» әлем мен адамдар мағынасын ұғынудың құн­ды кітабына айналды. Абай үні ға­­сырлар өтсе де өзінің қуат­ты кү­шін жоғалтқан емес. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біреуі-ішсем, жесем,ұйықтасам деп тұрады,ал біреуі білсем екен демеклік», деген Абай үні (Жетінші сөзі) «Жарлы болсаң, арлы болма»- дейді.Ардан кеткен соң,тірі болып жүргені құрысын.(Жиырма тоғызыншы  сөзі)  ғасырдан артық уақыт өтсе де өзінің қуат­ты күшін жоғалтпай, те­рең­ді­гімен таңғалдырады.

    Ұлы Абай – қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай­ла­нысты, ал даналығы қа­зір­гі заманмен үндес. Абай шығар­машылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді.

    Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге.

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған