2018 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар университетінің акт залында дәстүрлі Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай «Жұлдызды жұп» сайысы өтті.

«Жұлдызды жұп» сайысына университет факультеттері арасынан білімі мен сымбаты жарасқан, ақылына көркі сай 1-2 курс студенттерінің арасынан 5 жұп іріктелініп алынды.

Олар: Б.Жалеев – А. Усманова, С. Жолдас – М. Мұхамова, Д. Жолдасов – Ә. Әшірбек, Н. Сұлтан – А. Еркінқызы, Ж. Қабылбай – Л. Әбдіраймова.

Сайыс 3 бөлімнен тұрды:

  1. «Өз-өздерін таныстыру» бөлімі бойынша үміткерлер сазды әуен арқылы тамаша өлең жолдарымен өз-өздерін таныстырды. Онда үміткерлердің шыққан тегі, ата-анасы, туған жер, өскен ортасы мен оқу орны, болашақ жоспарлары толық қамтылды.
  2. «Көрініс». Тақырыпқа сәйкес, халыққа танымал «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Еңлік – Кебек», «Қыз Жібек пен Төлеген» атты лиро-эпостық және «Алпамыс», «Қобыланды» батыр жырларынан түрлі көріністер  көрсетті.
  3. «Өнерлі бала сүйкімді». Бұл сайыс бойынша барлық жұптар өз өнерлерін  көрсетті. Онда ән де, жыр да, заманауи  би де, көркем сөз оқу да барлығы қамтылды.

Жастардың сайысқа үлкен дайындықпен келгені – белгіленген сайыстың бар бөлімдерінен көрініп тұрды. Әзілдері де, киген киімдері де өте жарасымды, тартымды болды. Күнделікті шаршаған  ұстаздар мен  жастарға сайыс үлкен көңіл мен шабыт сыйлады.

Сайысқа қатысушы үміткерлер арасында шын сезімін білдірген жұптар да табылды. Тіпті шынайы сезімде көрсетті. Үлкен жастағы азаматтар жастық шақтарын бір сәт көз алдарына елестетіп, «Пах, шіркін! Жастық шақ өтер, жалт беріп»,-деп тарасты.

 Сайыс нәтижесінде барлық үміткерлер алғыс хаттармен марапатталып, бас жүлде және ректор Р. Қуатбекованың оқу төлемақысына 30 % жеңілдігі мен үздік Диплом  университетіміздің студенттері Дастан мен Әсемге бұйырды.

Тәрбие және әлеуметтік істер

жөніндегі проректор   Т.Жанәділов

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған