2018 жылдың  13 сәуірінде  Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты  Р. Қуатбекова  Арыс қаласы әкімінің мәжіліс залында кезекті мәрте сайлаушыларымен  кездесу өткізді.

Кездесуге Арыс қаласы мен Қожатоғай, Байырқұм, Монтайтас ауыл тұрғындары мен облыс мәслихатының депуттатары Р. Қуатбекова, Қ. Әбдіхалық,  қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, этномәдени орталықтардың өкілдері және әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Негізінен тұрғындар ауылға қажетті газ, жол,  ауыз су, ауыл арасын жарықтандыру т.б күрделі мәселелерді шешуді көтерді.

Ауыл тұрғындарының сұрағына облыс мәслихатының депутаты Р. Қуатбекова жауап беріп, алдағы уақытта бұл мәселелерді облыс, аудан әкімдерінің назарына жеткізетіндігін хабардар етті.

Кездесуден соң Р. Қуатбекова Арыс қаласындағы Т. Тәжібаев атындағы «Отбасы  үлгісіндегі  балалар  ауылы» КММ-нің тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламасын тамашалады. Өз тарапынан балалар үйіне сый-сыяпаттар беріп, тәтті-тағамдар таратылды.

Жалпы Арыстағы кездесу жоғарғы деңгейде өтті.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық

Халықтар достығы университеті

Тәрбие және әлеуметтік істер

жөніндегі проректор Т. Жанәділов  

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған