2018 жылдың сәуір айының 21-22 жұлдызында Қазақстан инженерлі – педагогикалық Халықтар достығы университетінде университет ректоры, м.ғ.д., профессор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызының қолдауымен және «Алаң» жастар пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және «Ұлы дала жастары» кіші бағдарламасы аясында «Friendship of  Peoples CUP 2018» атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғарғы деңгейде өтті.

     Аталған турнирге еліміздің 10 аймағынан 20-ға жуық ЖОО және 40 команда 100-ге жуық жалынды жастар қатысты. 2 күнге созылған тартысты турнирдің нәтижесі І орын Түркістан қаласы Қ.А.  Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Сапарқұл Жансая мен Алматы қаласы Халықаралық Бизнес университетінің студенті Еркінбек Ерканатқа бұйырды.  ІІ орын Алматы қаласы Нархоз университетінің студенттері Архат Сәрсенбаевпен Нұрсипат Нұрсылтан иеленді. ІІІ орын М.Х. Дулати атындағы ТарМУ студенттері Өзбек Мағжан мен Әмре Жандос ие болды. «Үздік Талпыныс» номинациясымен ТарМУ студенттері Сұлтанғалиева Айгерім, Мырзақұл Оразбек иеленді. Шымкент қаласы ОҚМПУ-нің студенті Сейіт Құралайға «Үздік Спикер» номинациясы тапсырылды. «Үздік Төреші» номинациясын Қазақстан инженерлі – педагогикалық Халықтар достығы  университетінің белсенді студенті, «Алаң»ЖПК белгілі мүшесі Асқарқызы Балнұр марапатталды. Өздерінің өзгешелігімен «Үздік Делегация»  номинациясымен Астана қаласы және Алматы қаласының «Патриот» ДК иеленді. Қалған қатысушы пікірсайысшыларға белгілі тарапта диплом және алғыс хаттар тапсырылды.

     Турнирде: І орынға – 70 000 (жетпіс мың), ІІ орынға – 50 000 (елу мың),  ІІІ орынға – 30 000 (отыз мың), «Үздік Спикер» номинациясына – 30 000 (отыз мың),  ал «Үздік төреші» номинацияcына – 20 000 (жиырма мың) теңгемен қаржылай сертификаты берілді. Марапаттау сәтінен соң, ашық микрофон кезінде әр қаладан келген жалынды жастар өз тілектерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

 

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған