Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар  достығы университетінде 28 сәуір күні сағат 15:00-де  «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасы өтті.

«Ашық есік күні» бағдарламасында келесі іс-шаралар болды:

«Материалдық-техникалық база – білімді меңгеру кепілі» атты экскурсиялар факультеттер тарапынан жасалды. Декандар – Ұ.Сулейменова және З.Илесов.

Іс-шара КИПХДУ құрылтайшыларының сөздері мен студенттерінің құттықтауы рәсімінен басталды (хор).

Жүргізушілер Алпысбаева Акерке Валихановна және Тұрсын Асылхан Рахматуллаұлы университет презентациясын (слайд-шоу) өткізді.

Қонақтар алдында «Академиялық ұтқырлық – уақыт талабы» тақырыбындағы баяндамасымен стратегиялық даму жөніндегі проректор Б.Сулейменова, «Кешкі, сырттай және қашықтан оқыту – жаңа мүмкіншіліктер» баяндамасымен сырттай оқыту факультетінің деканы У.С.Байменова сөйледі.

Әскери кафедрада оқудың ерекшеліктері жөнінде бұл салаға жауапты Ерлан Джазыбаев, Жас ғалымдар кеңесі мен Студенттердің ғылыми қоғамы (ғылыми үйірмелер) жұмыстарына проректор Талғат Ниязов шолу жасады.

Сабақтан тыс уақыттағы студенттік өмір туралы Жастар ұйымының жетекшісі Даурен Ғаниұлы, сонымен қатар 2018 ж. жоғары оқу орындарына оқуға қабылдаудың ерекшеліктері туралы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы М.А.Мамраимов сөз алды (сұрақ-жауап түрінде).

Іс-тәжірибеде үздік көрсеткіштерге ие болған студенттерді, магистранттарды, ОПҚ марапаттау рәсімін проректор Ә.Ә.Ақкөзов және жұмыс беруші серіктестерді марапаттау рәсімін А.Шалкеева жүргізді.

 Интервью бергендер (белсенді студенттер):

1. Жаратылыстану-инженерлі факультетінің 1 курс (Т 729-17 ҚС тобының) студенті Жолдасов Дастан Еркебекұлы. Мамандығы: ҚҰРЫЛЫС.

2. Әлеуметтік-педагогикалық факультетінің 2 курс (Т 117-16 ҚТ тобының) студенті Әлібек Бексейт Әшірбекұлы. Мамандығы: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ.

3.Әлеуметтік-педагогикалық факультетінің 1 курс (Т 106 тобының) студенті Әшірбек Әсем Берікқызы. Мамандығы: МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ.

Интервьюерлер (университеттің оқытушы-профессорлары):

4. Университет ректоры – Қуатбекова Рабиға Әбдумусақызы, медицина ғылымдарының докторы, академик.

5.ҚИПХДУ бірінші проректоры – Ақкузов Әбдіжәлел Әбутәліпұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.6. ҚИПХДУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы – Марат Арғынбайұлы Мамраимов, аға оқытушы, орыстанушы-филолог.

7. «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Купешова Айгүл Қуанышқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған