Рухани  жаңғыру болашаққа бағдар: аясында  Қазақстан инженерлі-педагогикалық  халықтар Достығы университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы және Тәрбие бөлімі мен ұйымдастырған университет  студенттері және университет ұжымымен  «Туған елге саяхат» жобасы ұйымдастырылды. Сапар барысында Ш.Ж. Нартбаев  студенттер мен университет ұжымдарына  рухани тәрбиелілігін аша отырып, қызығушылықтарын сыртқы әлемге арттыру, елдің тарихы мен сәулет ескерткіштеріне зерттеп патротизмге тәрбиелеу мақсатында жан – жақты  түсіндіріп алып жүрді.

«Туған елге саяхат» жоба  барысында  Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне, Отырар музейіне, Отырартөбе қалашығына және де Арыстанбаб кесенесіне кіріп құран  бағыштады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық  музейін аралады. Содан соң олар Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап «тарихи жәдігерлер мен бұрынғы өткен хандар мен билер жайлы»  мол мағлұматтарға қанық болды. Жоба барысының негізгі мақсаты студенттерді рухани тарихын кеңінен біліп үйренуге, студенттердің рухани байлығын қайта оятып Қазақ елі туралы жан – жақты мағлұматтар беріп студенттердің отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алдағы уақыттарда Қазақстанның және Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқада  тарихи жерлерге бару көзделіп отыр.

Іс – сапар барысында Тарих ғылымдарының кандидаты Ш.Ж.Нартбаев Студенттерге Ордабасы тауындағы табиғи ұлттық тарихи қорығындағы «Бірлік» монументінің биіктігінің 28 метрді құралған туралы, төменгі шеңбер диаметрі сегіз метрге жетекен туралы, Ескерткіштің үш бұрышындағы стелалар ақ мәрмәрдан жасалған, олар үш бидің тұлғасын білдіреді. Оның батыстағы қыры Сырдарияға, солтүстік қыры Қаратау тауларына, ал оңтүстік-шығыс қыры болса киелі Қазығұрт тауларына қарай бағытталған. Ескерткіштің әр бетінде  Төле, Қазыбек, Әйтеке айтып кеткен ұлағатты сөздер тасқа қашалып, жазылған деп студенттерге түсінік беруде.

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған