Үстіміздегі 2017-2018 оқу жылында жақсы көрсеткіш пен үлкен жетістіктерге қол жеткізгендер арасында жас толқынның өкілі болып табылатын, төл жеңістерімен айрықша көзге түскен, жыл қорытындысы бойынша 4 мамыр күні «Үздік жас» медалімен Жастар ісі жөніндегі бөлімінің маманы Қалдыбек Бей-Барс марапатталды.

Марапаттау рәсімінде жарияланған рейтингілік қорытынды бойынша төмендегі ұтымды факторлар келтірілді:

– саяси бағыта «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, оның «Жас Отан» қанатының көшбасшысының бірі;

– тәрбие жұмысында 2014 жылдан бері «Зертас» КВН командасының белді ойыншысы;

– ғылым саласында – Халықаралық және республикалық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференциялардың еңбектер жинақтарында шыққан 10-нан астам мақалалардың авторы.

Соңғы қадамдарының бірі болып Беларусь Республикасындағы Франциско Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университетінің заң факультеті ұйымдастырған «Болон процесі аясында академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша «Образовательное право европейских государств» тақырында профессор Александр Грахоцкий өткізген 72 сағаттық семинарға қатысып, европалық үлгідегі сертификатқа ие болғаның айрықша атауға болады.

Номинанттың өз еңбегі арқасында тапқан марапатын университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО мәслихат депутаты Р.Қуатбекова тапсырды.

«БЖ-ақпарат» мүшелері Жас қызметкерлердің арасынан жақсы көрсеткіштер көрсетіп, топ жарған, Қалдыбек Бей-Барсты ҚИПХДУ жастарының тарапынан ыстық лебізін жібере отырып, келесі биіктерден көріне беруін тілейді!

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған