Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңке жастарға бүгінде білім беру ошақтарындақай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқ аорналасуға болатындығын анықтауға септеседі. Сондай-ақ, «Дипломмен – жұмысқа» жобасын жүзеге асыруға  мүмкіндік  береді.

Мемлекет басшысының бұл стратегиялық тапсырмасын орындауда ел жастарының рөлі зор. Президент өз еңбектерінде жастар реформалардың алғыс  болуға тиіс және ХХІ ғасырда Қазақстанды құратын да, дамытатын да нақ осы өскелең ұрпақ екенін ерекше атап көрсетті. Жолдауда жүктелген әлеуметтік жаңғыру жолындағы нақты міндеттерді жүзеге асыруда бұл жәрмеңкенің өзіндік маңызы бар екендігін ерекше атап өткім келеді. Іс-шара жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешетін маңызды механизм болып табылады, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

Жәрмеңкеге Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары.

ОҚО  Халықты  жұмыспен қамту орталығы,Шымкент қалалық білім бөлім басқармасы

«Коорпарация Сити-Строй» ТОО ЖШС директоры Қасымбай А.Н,Сыздықова Гулбаршын Алипқызы  ТОО «HILL Corporatijn» – кадр бөлім бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңОңтістік Қазақстан облысы бойынша департаменті,Жастар ресурстық орталығы КММ, ТОО «Интеркомп аутсоринг» қызметкерлерді іріктеу және бейімдеу бөлімінің басшысы  Жаманкараева Баян Жумадиллаевна,ЖШС С.Рахимов атындағы бала-бақша меңгерушісі Сейдуалиева Галия Джумановна, № 6 Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі тәрбие ісі жөніндегі Нартбаева Г.Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды.

Жастар өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал біздер үшін түлектердің іскерлік қасиетін бағалауға мүмкіндік тудырады. Осы тақылеттес шаралар арқылы түлектерге ақпарат бере аламыз. Орта мектепке қызметке орналасқан жас маманға тәжірибесі мол ұстаздар бағыт-бағдар беріп, жұмысының қыр-сырын терең меңгеруіне әрқашан қолұшын cозып отырады. Сондықтан жастар жұмыс істеуге деген ынта-ықылас танытса, біз өз тарапымыздан әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді жәрмеңкеге қатысушы жұмыс беруші.

                               

 

 

 

 

 

Жұмыс берушілер, бітіруші түлектерге мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне орналасу мүмкіндіктері туралы айтып үміткерлерге арналған   ақпараттық -түсіндірмелік жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Жұмыспен қамту және іс тәжірибе бөлімі мен маман даярлаушы кафедралар өткізген жәрмеңке өз нәтижесін берді, студенттер өздеріне керекті мәліметтерді алды.

 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған