«ӨНДІРІС, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»

2017 жылдың 10-11 қараша күндері, Қазақстан инженерлі–педагогикалық Халықтар достығы университетінде,  университет негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, академик Қуатбеков Әбдімұса Муратұлының 75-жылдық мерейтойына арналған  «ӨНДІРІС, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның қосалқы ұйымдастырушылары ретінде И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университеті, Ресей халықтар достығы университеті, М.Улыкбек атындағы Өзбек ұлттық университеті, Ташкент химия-технология институты, Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті, М.Рысқулбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті және Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының Оңтүстік Қазақстан филиалы қатысады.

Конференция аясында, алыс шет ел және  ТМД елдерінің химия және жаратылыстану саласындағы ғалымдары мен отандық ғалымдардың қатысуымен ғылыми, әдіснамалық және тәжірибелік талқылаулар мен бірқатар семинарлар, шеберлік сабақтар және дөңгелек үстелдер өткізу қарастырылуда.

Аталған ғылыми іс-шараның маңыздылығы мен жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, оған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, сондай-ақ Ресей, Өзбекістан,Қырғызстан және Тәжікістан Республикаларының белді ғалымдары шақырылған.