Президент тапсырмасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда

ҚР Президент Әкімшілігі тарапынан мемлекеттік қызметті дамыту мақсатында бірқатар тапсырмалар берілген болатын.

-Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Мемлекеттік секторға талаптар пулын іздеу және қалыптастыру бойынша әдістемелік  ұсынымдар» атты   Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Жұмыспен қамту және іс тәжірибе” бөлімі бірлесе ұйымдастырған «Құқықтану»  және «Мемлекеттік  жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы студенттерімен мемлекеттік қызметке насихаттау мақсатында кездесу өтті.

-Таланттар пулын қалыптастырудың мақсаты: белсенді және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту және жұмыспен қамту.

Алғашқы болып сөз алған ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қалалық  департаментінің басқарма басшысы Қансейт Ардақ Кеңесәліқызы әдістемеге сәйкес, таланттар пулы-уәкілетті органның аумақтық жанынан құрылған «Жастар мемлекеттік қызметшілер мектебін» сәтті бітірген кандидаттардың тізімі қатарында болуға яғни ары қарай жұмысқа орналасуына мүмкіншіліктер туралы атап өтті.

-Шара барысында, университетіміздің “Жұмыспен қамту және іс тәжірибе” бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсұлу Анваровна білім беру жүйесі еңбек нарығына қарай, сұранысқа ие кадрларды, әсіресе педагогикалық және техникалық мамандарды дайындап, жұмыс беруші мекемелермен әріптестік орнатуды жолға қою керектігі баса назарда екенін атап айтты.

-Сонымен қатар,  аталған жиынға оқу ордамыздың бір қатар оқытушы-профессорлар құрамы қатысып оң өзгерістерге өз бағаларын берді.

-Жиын соңында студент жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Scroll to Top