Аккредиттеу

ҚР сұранысқа ие ЖОО-ның ұлттық рейтингі – 2020

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті-бүгінде еліміздің оңтүстік өңірінің жетекші оқу, ғылыми, әдістемелік және мәдени орталықтарының қатарына кіреді. Университет оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып және ғылыми зерттеулер базасын кеңейте отырып, білім беру қызметтерінің жоғары сапасы мен кең спектрін қамтамасыз етеді. Университет түлектері жұмыспен қамту нарығында еркін бәсекелесе алады, Қазақстанның халық шаруашылығы мен білім беру жүйесінің ең озық қатарында, сондай-ақ шетелде табысты жұмыс істейді. Жоғары оқу орнының қалыптасу және даму тарихы 20 жылдан астам уақытты қамтиды.

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті-Қазақстанның алғашқы мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының бірі.

Университет миссиясы – өңір мен елдің қажеттіліктеріне сәйкес білім, ғылым мен өндірісті интеграциялау арқылы жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

Кадрларды даярлау білім беру, Құқықтану, Экономика, жаратылыстану, гуманитарлық, техника және технология, өнер саласында 01.10.2012 ж.12013451 мемлекеттік лицензияға сәйкес бакалавриаттың 30 мамандығы, магистратураның 15 мамандығы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. ХДУ-да МС ИСО 9001 сәйкес сапа менеджменті жүйесі жұмыс істейді, оны “Русский Регистр”сертификаттау қауымдастығы сәтті сертификаттады.

Scroll to Top