Гуманитарлы-педагогикалық факультет

Факультет туралы
Факультет тарихы

2005-2006 оқу жылында, университет құрамында «Гуманитарлы-педагогикалық»  факультеті ашылып, бүгінде студенттерге жан-жақты, заман талабына сай  білім берудің жаңа технологияларын оқу процесіне ендіре отырып, қызмет жасап келеді.

Факультеттің құрылымдық бөлімдер туралы ережесінде мәртебе, тағайындау, құрылым, бөлімдерінің негізгі қызметі мен өкілеттігі, жауапкершілік пен құқықтары, басқа бөлімдермен өзара әрекеті белгіленген.

Факультет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларына сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерлерге қойылатын квалификациялық талаптар, лауазымдық қызметтері, құқықтарымен жауапкершілігі анықталған.

Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің дайындайтын бакалавриат мамандығының тізімі

Мамандық коды Мамандықтың аталуы
«Педагогика және психология» кафедрасы бойынша мамандықтары тобы
1 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
2 5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
3 5В010300 Педагогика және психология
4 5В010500 Дефектология
5 5В010600 Музыкалық білім
«Қазақстан тарих әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы бойынша мамандықтары тобы
1 5В011400 Тарих
2 5В011600 География
«Филология және тілдер» кафедрасы бойынша мамандықтары тобы
1 5В011700 Қазақ тілі және әдебиет
2 5В011800 Орыс тілі және әдебиет
3 5В011900 Шет тілі: екі шет тілі
4 5В020700 Аударма ісі
«Экономика және құқық» кафедрасы бойынша мамандықтары тобы
1 5В030100 Құқықтану
2 5В050600 Экономика
3 5В050800 Есеп және аудит
4 5В050900 Қаржы
5 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы бойынша мамандықтар тобы
1 5В010800 Дене шынықтыру және спорт

Күндізгі бөлімде білім алу мансаптың өсуіне және жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруға шексіз мүмкіндік береді. Жоғары сапалы жоғары экономикалық, құқықтық және педагогикалық білімге қол жеткізуді кеңейтудің ең жақсы тәсілдерінің бірі. Әртүрлі жастағы азаматтар арасында табысты жұмыс істейтін және өз жұмысында ғылымды игере алатын қабілетті, талантты адамдар бар. Сонымен қатар, олардың көпшілігі шығармашылықпен айналысады және өздерінің дүниетанымы мен біліктілігі жоғары мамандарды даярлайды. Дегенмен, оларға ғылыми және теориялық оқыту жеткіліксіз. Мұндай тұлғаларға жоғары сапалы экономикалық, құқықтық біліммен қамтамасыз ету, олардың үздіксіз кәсіби және ғылыми өсуіне жәрдемдесу – күндізгі бөлімнің басты мақсаты.

Күндізгі бөлімде өз ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Ең бастысы, олар теориялық білімді практикамен тығыз байланыстыру, студенттердің бастамасы мен тәуелсіздігін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылар практикалық өзін-өзі жүзеге асыру жолын ашады, өз білімін үнемі қолданады. Теорияны тәжірибемен біріктіру арқылы студенттер білім мен ғылымға деген қызығушылықты жоғарылатуда, олар алған біліміне сенімді.

Қазіргі кезде факультетте бакалавриаттың 18 мамандығы бойынша мамандар даярланады.

Академиялық дәрістерді 5 мамандандырылған кафедралардың тәжірибелі профессор-оқытушылары оқытады. Оқу үрдісіне және профессор-оқытушылар құрамында: академиктер, ғылым докторлары, тәжірибелі заңгерлер, профессорлар, ғылым кандидаттары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері қызмет атқарады. Кафедраларда арнайы әдістемелік әдебиеттер, сондай-ақ электрондық және компьютерлік жабдықтар бар. Факультеттің студенттері кітапхананың ғылыми қорын пайдаланады, оның материалдары үнемі жаңартылып отырады. Кітапхананың ғылыми базасы студенттің логині мен паролі арқылы қашықтан барып, қашықтан келгенде оқу жоспарымен жоспарланған емтихандарға, жазбаша бақылауға, курстық, дипломдық және магистрлік жұмыстарға өзін-өзі дайындауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта факультет еңбек нарығының талаптарына толық жауап беретін, профилі, құзіреттілігі мен мамандығы бәсекелесе алатын, академиялық орта құруға бағдарланған. Басымдылығы инновациялық типтегі ЖОО қалыптастыру болып табылатын университеттің  даму стратегиясы мен миссиясын орындауда.

Факультет мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, құқық қорғау органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, бизнес-құрылымдармен белсенді түрде жұмыс істейді.

Факультетті филология ғылымдарының кандидаты,  доцент м/а Ботабаева Жанна Нуралиевна басқарады. Оқу үрдісін ұйымдастыруда көп күш-жігерді декан орынбасары Тлемисова Алия Данибековна., әдіскер Тургинбекова Айгерим Сапарбековна.,  оператор Мәлікқызы Фариза өз үлестерін салады . Гуманитарлық-педагогикалық факультеті білім берудің жоғары сапасымен ерекшеленеді және педагогикалық, экономикалық және заңгерлік қызметтің барлық салаларында мамандар даярлайды. Студенттер тәжірибелік білімдерін теориялық білімдермен сәтті үйлестіреді. Күндізгі оқу бөлімінің студенттері университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады.

Оқу түрлері:

  1. Күндізгі

Білім беру технологиясы:

  1. Кредиттік

Оқу тілдері:

  1. қазақ
  2. орыс
  3. ағылшын

Факультет жетістіктері

2017 жылдың қаңтарында  Гуманитарлы-педагогикалық факультетінде білім беру және ұйымдастыру процестерін басқару «Орыс Регистрі»  және IQNet сертификаттау қауымдастығымен сертификатталған MS ISO 9001 қабылданған бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

2017 мен 2018 жылдары Қазақстан  инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті аккредиттеу және рейтингтің Тәуелсіз агенттігінің аккредиттеуінен  (НААР) (3 жыл мен 5 жыл)  сәтті өтті. Айта кету керек, университетте аккредиттеудің екі деңгейінен (институционалдық және мамандандырылған) жоғары оқу орындарының қатарында бірінші болды.

Организация образования Дата аккредитации Срок аккредитации Дата окончания
1 Учреждение «Казахстанский инженерно-педагогический университет дружбы народов» 19.06.2017 3 года 18.06.2020
Програмамы Дата аккредитации Срок аккредитации Дата окончания
1 5В011700 – Казахский язык и литература 29.03.2018 5 лет 28.03.2023
2 6В011700 – Казахский язык и литература 29.03.2018 5 лет 28.03.2023
3 5В011400 – Иностранный язык: два иностранных языка 29.03.2018 5 лет 28.03.2023
4 5В011400 – История 29.03.2018 5 лет 28.03.2023
5 6В011400 – История 29.03.2018 3 года 28.03.2023
6 5В050600 – Экономика 29.03.2018 3 года 28.03.2023
7 6В050600 – Экономика 29.03.2018 3 года 28.03.2023
8 5В050900 – Финансы 29.03.2018 3 года 28.03.2023
9 5В051000 – Государственное и местное управаление 29.03.2018 3 года 28.03.2023
10 5В030100 – Юриспруденция 29.03.2018 3 года 28.03.2023
11 5В010100 – Дошкольное обучение и воспитание 19.06.2018 3 года 18.06.2020
12 5В010200 – Педагогика и методика начального обучения 19.06.2018 3 года 18.06.2020
13 5В010300 – Педагогика и психология 19.06.2018 3 года 18.06.2020
14 6В010300 – Педагогика и психология 19.06.2018 3 года 18.06.2020
15 5В010800 – Физическая культура и спорт 19.06.2018 3 года 18.06.2020

Е.Сағадиевтің 2018 жылғы 5 қазандағы № 545 бұйрығымен Қазақстан Республикасының бос білім гранттарының иегерлері Гуманитарлы – педагогикалық факультетінің 5В010600 – «Дефектология» мамандығының 4 курс студенттері Яхеева Комила және Аккулиева Жансая болды.

Студенттерді  ректор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы, факультет деканы Жанна Нуралиевна Ботабаева және оқытушылар атынан құттықтаймыз!

Қызметкерлер
Декан

Филология  ғылымдарының  кандидаты       Ботабаева  Жанна  Нұралиевна

1970 жылы  25 маусымда Қазақстан  Республикасы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Тулкібас  ауданында  дүниеге  келген.

1977-1987 жылдар аралығында  Шымкент қаласы  №32 орта  мектепті  оқып  бітірген.  1988-1993 жылдар аралығында  Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университеті  Шымкент институтының  «Ұлттық мектептердегі  орыс  тілі  мен  әдебиеті» мамандығын үздік  дипломмен  бітірген.  Ж.Н.Ботабаева еңбек  жолын  білім  беру  саласында  бастап,  көп  жылдар  бойы Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіруге, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне  назар аударды.  1993 жылы  Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университеті  Шымкент институтының әлем  әдебиеті  кафедрасында   оқытушы  қызметінен  бастаған.

2006 жылы  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  Диссертациялық  кеңесінде филология  ғылымдарының  докторы, профессор К.Сыздыковтың  жетекшілігімен «Ш.Айтматов, К.Мухамеджанов және  М.Шахановтың  әдеби-публицистикалық байланысы» тақырыбында  кадидаттық  жұмысын  қорғаған. Ғылыми-зерттеу бағыты: Әдебиеттердің өзара байланысы. Ж.Н.Ботабаеваның  негізгі  ғылыми-зерттеу  жұмысы қазақ тілі мен әдебиетін дамытуға, филологияның мәселелерін ғылыми және әдістемелік тұрғыдан зерттеуге, әдебиеттердің  өзара  байланысын айқындауға бағытталған.

2006-2018жж. аралығында Шымкент университетінде  факультет деканы, институт директоры болып қызмет атқарды.

Ж.Н.Ботабаеваның ғылыми жұмысы мен мақалалары отандық, шетелдік ғылыми басылымдарда, сонымен қатар халықаралық және республикалық конференция жинақтарында  жариялануда.  Республикалық  және  шетел  журналдарында, халықаралық,  республикалық, облыстық  ғылыми  және  тәжірибелік конференциялардың жинақтарында  мақалалар  тұрақты  түрде  жарияланып  тұрады,  қазіргі  таңда  50-ден астам  ғылыми  еңбектері  бар.  Соның ішінде «Орыс тілі мен  әдебиеті» мамандығының  студенттеріне  арналған  «Білім  беру  процесіндегі интерактивті  технологиялар» атты  оқу  құралын қазіргі кезде студенттер оқу процесінде қолдануда.

Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қолжеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

       

   

Деканат

  • Деканат кызметтік орган болып табылады және кажет болган жагдайда декан жанында және оның басшылығымен құрылады;
  • Деканаттың негізгі мақсаты, кафедралар мен факультет арасындағы күнделікті мәселелерді шешу болып табылады;
  • Деканат мүшелігіне декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, әдістемелік комиссия басшысы және факультеттің коғамдык үйымдарының өкілдері енеді;
  • Деканат жұмысы жылдық жоспар бойынша атқарылады.
Факультет деканы Ж.Н. Ботабаева факультет құрамымен

Декан орынбасары
Тлемисова Алия Данибековна Факультет деканының орынбасары, aliya_tlemisova@mail.ru Байланыс телефоны: 8-702-740-89-17

Тлемисова Алия Данибековна 1978 жылы 17 ақпанда Шымкент облысы, Бөген ауданы, Бадам станциясында дүниеге келген.

Шымкент облысы, Бөген ауданы, Бадам станциясында 1985-1995 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы орта мектепті оқып бітірді.

1995 жылы Шымкент педагогикалық институтына «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқуға түсті.

1999 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін үздік бітірді.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 1999-2001 жылдар аралығында «Педагогика және психология» кафедрасында стажер-зерттеуші болып жұмыс істеді.

2002-2003 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарды.

2004-2007 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан Ашық Университетінде «Педагогикалық пәндер» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде «Педагогика және психология» кафедрасында аға оқытушы қызмет атқарады.

2017 жылдан бастап Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің «Гуманитарлы-педагогикалық» факультетінде декан орынбасары болып қызмет атқарады.

Әдіскер
Мәлікқызы Фариза Оператор Байланыс телефоны 8-775-451-54-92

Мәлікқызы Фариза Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ елді-мекенінде 21.01.1994 жылы дүниеге келген.

2001-2012 жылдар аралығында Қазығұрт ауданы, Қақпақ елді-мекенінде «Қызылтаң» жалпы орта мектебін бітірген.

2012-2016 жылдар аралығында Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетін 5В012000- «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша білім бакалаврын алып шықты.

2019 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің магистратура 6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығын бітірді.

Студенттерге
Нормативтік құжаттар

Заң:

Жылдық жұмыс жоспары:

Стратегиялық жоспары:

СМЖ бойынша құжаттар:

Бірінші курс студенттерін бейімделу бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары:

Оқу үдерісі

Академиялық күнтізбе

Шетел студенттерімен жұмыс:

Академиялық ұтқырлық

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы қабылданған стратегиялық бағдарламаларда жоғары кәсіби деңгейдегі, еңбек нарығындағы бәсекелес, қазіргі инновациялық технологияларды меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге дайын, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығы бар мамандарды даярлау мақсаты қойылған.

Қазақстанда академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізгі мақсаты – ол білім берудің сапасын халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу арқылы арттыру. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді формасының бірі.
Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараманнан өтуімен бірге, 1 семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға (шетелдік, қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізуі.

Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік ЖОО-да білім алу және оқытушылардың зерттеу жұмыста-рын өткізуі.
Ішкі академиялық ұтқырлық – қазақстандық ЖОО-да білім алу және оқытушылардың алдыңғы қатарлы білім беру немесе ғылыми мекеме-лерде зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты – таңдалған кәсіби бағыт бойынша жан-жақты білім алу, әлемдегі танылған білім орталықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, Еуропа және Азия елдері мәдениеті мен кеңірек танысу.
Академиялық ұтқырлықтан өтудің басты мақсаттарының бірі – ол прес-тижді білім алу негізінде болашақта жалақысы жоғары жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.

             Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеңес беру

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша факультет студенттерінің семинар барысы

               

ҒЗЖ, СҒЗЖ
Жұмыс берушілер, түлектер
ДИПЛОММЕН-АУЫЛҒА бағдарламасы

ВАКАНСИИ

Байланыс:

 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 32

Факультет нөмірі: 8 (7252) 95-25-83

Scroll to Top