Медпункт

Медициналық пункт

     Медициналық пункті Қазақстан  инженерлі –педагогикалық  халықтар достығы  университеті (ҚИПХДУ) Шаруашылық бөлімінің құрамында болып табылады. Медициналық пункті тікелей әкімшілік шаруашылық жұмыстары жөніндегі проректорға бағынады.

         Медициналық пунктінің жоспары мен есебі университет проректорына тапсырылады;

Жалпы ережелер:

Медициналық пунқті өз қызметін жүзеге асыруда:

  • ҚР Конституциясын
  • Заңдарын, Еңбек кодексін
  • ҚР Үкіметінің құқықтық- заңнамалық актілерін
  • ҚР денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын
  • ҚР Үкіметінің “Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” санитарлық қағдаларын бекіту туралы  қаулысы
  • Университет  Жарғысын, Ғылыми Кеңес шешімдерін
  • Университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін
  • КИПХДУ  сапа менеджменті жүйесі құжаттарын және осы Ережені басшылыққа алады.

Медициналық пункт мейірбикесі - Есмұрзаева Қалшаткүл Кенжебекқызы
img_1268Туған жылы:  17.05.1967 ж.

Білімі:  ОҚО  Ленгірлік  медициналық училищесі

1982-1985 ж.  мейірбике мамандығы

2005-2008 жыл   Шымкент университеті.  Психология және педагогика мамандығы

 Еңбек өтілімі:  32 жыл.

Сертификаттары:

15.08.2011 ж.  № 260-ө  «Мейірбике ісі»  мамандығы бойынша  жоғарғы біліктілік  санаты.

24.11.2014 ж.  «Ересекке және балаға жедел көмек көрсетудің тактикасы » BLS курс Медициналық стандарттың амалдары. Астана қаласы

11.12.2013 ж. «Төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныс саласында басшы құрамының  және мамандардың  біліктілігін арттыру курсы. Шымкент қаласы .

 24.05.2014 ж.   « Инфекциялық  бақылау. Ауруханаішілік  аурулардын алдын алу          мейірбикесі»   Шымкент  қаласы.

09.03.2011 ж. « ФАП фельдшері циклынан «Емдеу ісі»  Шымкент қаласы

27.05.2010 ж.  «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейірбике жұмысы»

12.03.2009 ж.  Иммунопрфилактикалық егу  мейірбикесі» Шымкент қаласы

Жетістікктер:  Статья «Бірлігіміз жарасқан» газетінде рубрика.

Мекен жайы: ОҚО Шымкент қ. Төле би 32, ҚИПХДУ ғимараты, 101 каб.

E-mail:  esmurzaeva_ 67@ mail.ru

Негізгі міндеттері:

Медициналық пункті жүктелген мақсаттарын орындау барысында міндетті:

ҚИПХДУ  сапа саласындағы саясаты мен мақсатын жүзеге асыру;

 сапа менеджменті жүйесіндегі (ары қарай СМЖ) құжаттарын әзірлеу, жүргізу және ендіру;

оқу ғимараттары мен студенттік үйлерінің, асханалардың  санитарлық талаптарға сай болуын  бақылау;

дәрігерлік қызмет көрсету мекемелерімен келісім-шарт жасауға тиісті құжаттарды дайындауға, дәрі-дәрмекке сұраныс жасауға, олардың шығын есебін жүргізуге;

Кешенді медициналық тексеріс өткізу, иммундық профилактика, саниталық-эпидемиологиялық бақылау, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу.

Қызметтері:

Менің басты миссиям:

Уланған, зақымданған , сырқаттанған  студенттерге  алғашқы медициналық көмек көрсету;

Флюрографиялық , алдын алу  тексеру  мен диспансерде  есепте тұратын студенттерді қарасты  емханаға жіберу;

Күл мен қызылшаға қарсы  алдын ала егу  жұмыстарын жүргізу;

Шетел студенттеріне   емханаға тексерілуге  жолдама беру;

Туберкулездің , сары аурудын , тері ауруларының , іш ауруларының  және АИТВ –нің алдын алу зиянды әдеттерден  бас тарту  жайында  салауатты өмір салтын насихаттау   жұмыстарын  өткізу .

 ҚР конституциясын , ҚР еңбек кодексін , денсаулық сақтау  саласына қатысты  жоғары тұрған  мекеме , ұйымдардың қаулыларын , өкімдерін , бұйрықтар мен басқада   нормативтік құжаттарды , ғимараттарға , дәрісханаларға , зертханаларға , бөлмелерге , жатақханаларға  қойылатын  санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай  екенің қадағалау.

Құқықтары:

Қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін медициналық пункті келесі құқықтарға ие:

медициналық пунктіне қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар алуға сұраныс, ұсыныстар енгізуге;

институт құрылымдық бөлімдерін өз құзырына жататын ақпараттарды сұрап алуға;

қызмет құзырына кіретін мәселелер бойынша жиналыстар және басқа да ұйымдастыру бақылау шараларын өткізуге;

Университеттің медициналық пункт лицензиясы.

Лицензияның нөмірі № 0110448ДХ

Лицензияның берілген күні 02.12.2015жылы

Лицензияланатын  қызмет түрінің кіші қызметтері:

-Ересектерге мына  мамандықтар бойынша амбулаториялық  емханалық көмек

-алғашқы медициналық -санитарлық көмек

– дәрігерге дейінгі 

Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс

       1111Төтенше  жағдайлар  және Азаматтық  қорғаныс  бойынша университетте « Санитарлық бекет»өтілді.  Оқу орнында,  үйде қайғылы  оқиға орын алғанда  жедел жәрдем келгенге дейін  не істеуге  болтынын  университетте   20-адам құрамындағы  команда құрылып іс-шара жүргізіледі.

Емдеу алдын алу іс шаралары:

            ҚПИХДУ оқу орны «Медициналық орталық Орынбай емханасымен»  келісім –шарттарға отырған.

Аталмыш   емханадан :

терапевт

невропатолог

хирург

құлақ-мұрын

          Көз дәрігерлері – келіп  жылына бір рет прфилактикалық байқау жүргізеді. Қайта анықталған науқастарды, мүгедек студенттерді   жолдамамен емханаларда қосымша тексеріліп, «Диспансерлік» есепке алынады. 

24-наурыз Дүнижүзілік Туберкулезге қарсы қүрес күн
img_0208

24-наурыз Дүнижүзілік Туберкулезге қарсы қүрес күніне ОҚО  туберкулезге қарсы диспансерінен флюроқондырғысы бар автокөлік шақырылып, бүдкіл профессор-оқытушыларды, қызметкерлерді, студенттерді  флюрографияға түсіреміз.

 

Санитарлық ағарту жұмыстарының жоспарына сай іс-шаралар.

Кешенді медициналық тексеріс өткізу, иммундық профилактика, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу үшін сұқбаттар мен лекциялар оқылуда. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мақсатында  «Дөңгелек үстелдер» ұйымдастырып, волонтерлер   құрылтайы өтті. Онда ынталы жастардың тізімі алынып ,  жоспарға сай іс-шараларды студенттер үшін   қамытылады. 

Өз статусыңды біл!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған