«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы

Кафедра жаңалықтары

Х – УНИВЕРСИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕРІМІЗ.

Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні мен 10 маусым аралығында Ақтөбе қаласында жазғы Универсиада ойындарыны жүргізілді.  Жарыс спорттың 31 түрі бойынша өтіп, 9 мыңнан астам студент қатысты. Жарыстың қорытынды нәтижесі бойынша орын алған спортшы Италияда өтетін Бүкіләлемдік Универсиадада ел намысын қорғайды.Тартысқа толы спорттық сайыстарды Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері топ жарып, жеңіс туын көкке желбіретті. Атап айтар болсақ:

  • Плевматикалық қарудан ату жарысы бойынша жүлделі ІІІ – орын Оралбай Динараға;
  • Стол теннисі бойынша Ирислаев Сарвар – І орын;
  • Стол теннисі бойынша жүлделі І – орын Жамалы Еркебулан;
  • Сатаев Адильхан Грек-Рим күресінен 72 кг салмақ дәрежесінде І – орынға ие болса;
  • Жанибекұлы А. Грек – Рим күресінен 130 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ – орын;
  • Еркін күрестен 79 кл салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ – орын иегері Асқар Ерназар жеңіп алды.

ЖЕҢІМПАЗ СТУДЕНТТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! СІЗДЕР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗСЫЗДАР.

СТУДЕНТІМІЗДІ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жүлде құтты болсын!

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 4-2-768x1024.jpg
8-9 желтоқсан 2018 жыл күні өткен Халықаралық Бокс жарысынан «Конфедерация кубогі» турнирінде ІІ орын алғаны үшін 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» 3 курс студенті Сиқымбаев Азатты құттықтаймыз.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - Айкеноов-Ж.С.-67жас-2орын-1-724x1024.jpg

Желтоқсан айының 21-25 аралығында Шымкент қаласында «Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ашық Республикалық турнирінде Ушу – сандадан 60 келі салмақ дәрежесінде 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының Т108-38 тобының студенті Төреханова Айгерім І-орынды иеленгені үшін құттықтаймыз!
Кафедра тарихы

“Педагогика және дене шынықтыру” кафедрасы 2001-2002 оқу жылында құрылды, кафедраны п. ғ. к., доцент Т. К. Мухамеджаров басқарды. 2012 жылдан бастап кафедраны “Құрметті спорт қайраткері” А. А. Айтжанов басқарады.

Жеке парақша
Жалпы мағлұмат

Спорт үйірмелері

Спорт секцияларынын атауы Жалпы студенттердін саны Студенттердің жалпы санына спорт секцияларында спортпен айналысатын студенттердің саны Студенттердің жалпы санынан спорт секцияаларында спортпен айналысатын студенттердің пайызы
1 Волейбол (Ұлдар) 60 26 43%
2 Волейбол (Қыздар) 70 24 34%
3 Футбол 100 33 33%
4 Баскетбол 65 21 32%
5 Шахмат шашка, тоғыз құмалақ 85 28 32%
6 Дзю-до 140 46 32%
7 Стол тенис 45 14 31%
8 Женіл атлетика 105 35 33%
9 Гандыбол 85 27 31%
БАРЛЫҒЫ: 750 257 34%

       Өзіндік ерекшеліктерімен танымал Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің үздік кафедрасы екендігі жалпыға мәлім.

         Дене шынықтыру және спорт  кафедрасында оқу қашан да үлкен мақтаныш болған. Мұнда талапкерлер мен ата-аналардың  үміттері ақталып, армандары орындалады. Біздің кафедрамыз баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі, шахмат т.б. студенттерді спорт түріне дайарлайды. ҚИПХДУ-нің Дене шынықтыру және спорт   мамндығын бітіріп шыққан студенттеріміз ОҚО №1 ОРМБЖСМ, ОҚО №2  ОРДБЖС, колледж, мектеп  мұғалімдері,тағы да басқа ел азаматтары-бәрі де бір-бір тұлға, білікті маман, халқының қалаулылары, елінің елеулілері. Бұл кафедра мәртебесін қалыптастырудағы басты фактордың бірі.

         Бүгінде Дене шынықтыру және спорт –ҚИПХДУ-нің  үздік  кафедрасы;

         Кафедраға қарасты мамандықтарда Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе  облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент  қаласынан, сондай-ақ алыс және жақын шетелден келген студенттер білім алуда;

        Кафедра 1 мамандық бойынша бакалавриатта мамандар даярлауда;

      Кафедрада ЖОО-ның бірегей интеллектуалдық әлеуетінен хабар беретін ғалымдар шоғырланған. Жоғары білікті 12 оқытушы-профессор дәріс береді,олардың құрамында  1 профессор,  1 п.ғ.к., аға оқытушы, 1 магистр, аға оқытушы, 5 аға оқытушылар, 4 оқытушыларымз бар   «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің «ҚР еңбек сіңірген футбол қызметкері», құрметті атағының, медалінің иегерлері, Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры қызмет жасайды.

     Кафедра үш тілді мамандар дайындайтын болғандықтан,білім ,ғылым мен инновацияның дамуына жағдай жасалуда,материалдық және ғылыми-лабораториялық база нығайтылуда.

Ұлттың спорт түрлерінен шұғылданатын спортшылардың яғни студенттердің санын арттыру.

      Салауатты өмір салтын дамыту жолдарын кеңінен насихаттау. Осы мәселелер бойынша «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында көптеген спорт үйірмелер ұйымдастырылды. Атап айтсақ 1- волейбол ұлдар –қыздар, баскетбол, кіші футбол, қол добы, шахмат –шашка, жеңіл атлетика және курес үйірмелері аптасына 2 рет студенттермен жұмыс істеп жатыр.

    Университеттің көптеген мықты спортшыларына жеңілдіктер берілді.

Жетістіктер
    • Әмбебап жекпе-жектен Рессей мемлекеті (Калуга облысы, Медынъ қаласында) 2-7 қазан айында,  жастар арасында өткен әлем біріншілігінде Т719-16  тобының студенті  Джантелиев Н.О. І-орынды иеленді.
    • 2016 жылы Халық аралық турнирлердің бокстан жеңімпазы. Қазақстан Республикасының бокстан жеңімпазы спорт шебері.
    • 2014 жылы Оңтүстік Корея Инчехуан қаласында өткен жазғы Азия ойындарына қатысып  ДШ-2х2 студенті Тұрсынқұлов Нұрсұлтан  ущу-санда спорт түрінен қола жүлдегері  атанды.
    • 2015 жылы кіші футболдан Ұлттық студенттер лигасында университетіміздің «Достық» командасы І- орын алды.
    • Оразбеков Қ.Е. садақ ату спорт түрінен халақаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия жүлдегері.
    • Шайзада Б. футболдан жастар арасында Қазақстан құрама команда мүшесі.
    • Арыстан Ж. Ордабасы футбол командасының мүшесі.
    • Өмірбек Б. Бокстан. спорт шебері.
    • 2016 жылы «Студенттік лига» спорттық жарыстарында спорттың баскетбол ойындары түрінен ҚИПУДН командасы бас жүлдеге ие болды.
    • 2016 жылы «Студенттік шақ» фестивалі аясында ұйымжастырылған волейболдан командалық жарысында КИПУДН командасы І-орын иегері болды.
  • 2016 жылы Шымкент қаласының жоғарғы спартакиадада ҚИПХДУ командасы ІІІ-орынға ие болды.

       ЖОО арасында қалалық спартакиада волейболдан ұлдар  І –орын қыздар І-орын, футболдан ІІ-орын, шашкадан І-орын, шахмат ІІІ-орын, жеңіл атлетика спортынан 3мың метрге жүгіру ІІІ-орын, 100 метрге жүгіру ІІ –орын және  көптеген спортшы студенттеріміз халықаралық жарыстарда орын алып жүр.

            ДШ -2х2 топ студенті  Тұрсынқұлов Н.А. 2015 жылы 16 қазан күндері Тараз қаласында өткен ушу санда спорт түрінен І –орын алдық. Шымкент қаласында өткен ушу санда спорт түрінен жеңімпаз.

         Қазіргі таңда Ташкент қаласында Амир Тимур атынан өткен Өзбекистан біріншілігінде жекпе –жек спорт түрінен бас жүлдені алды.

Студент Аккулеева А. Волейбол спорт түрінен  облыстық құрама командасына мүше.

Юнусов Э. Футболдан Ордабасы командасына мүше.

ДШ -213 топ студенті Нуржанов Ғ. еркін күрестен спорт шебері. ҚР жеңімпазы.

   Университетімізде 5-Халақаралық дәрежедегі спорт шебері, 25 – спорт шебері,152 – спорт шеберлігіне үміткер студенттеріміз бар.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

ҒЗЖ, СҒЗЖ
Тәрбие жұмыстары
Түлектер туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Мамандықтар турлы мәлімет
Академиялық ұтқырлық

Кафедра мекен-жайы: Төлеби-32, 111–Б каб., Дене шынықтыру және спорт кафедрасы.

Телефоны: 140

Email: baytasova96@mail.ru