Жаратылыстану-инженерлі факультеті

Факультет тарихы

2000-2003 оқу жылдарында, университет құрамында «Инженерлі-Гуманитарлық»  факультетін алғаш  декан болып бастаған б.ғ.к., доцент Б.А.Данияров  басқарды, 2006-2009 оқу  жылдары  Д.Ержанов басқарды 2008-2009 оқу жылы факультетте «Мемлекеттік тілді білу-парызы» атты республикалық конкурс жеңімпаздарына және балалар үйінің түлектеріне   бүкіл оқу жылдарына тегін білім алуға Ә.Қуатбековтың жеңілдігі берілді. 2009-2010 оқу жылдары 49 студент мемлекеттік грант иегері атанып стипендия тағайындалды. 2009-2012 оқу жылдары факультеті  т.ғ.к., профессор Р.Ташкараев басқарды. 2011-2012 оқу жылы факультет Инженерлі техникалық және гумантиарлық факультет болып екіге бөлінді. 2012-2014 оқу жылдары Инженерлі факультет деканы болып  т.ғ.к. доцент А.Т.Медеуов басқарды, 2012-2013 оқу жылы 20 студент мемлекеттік грант иегері атанып стипендия тағайындалды. Факультетте аз қамтылған, жағдайы төмен, ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттерге көптеген мүмкіндіктер жасалды. Факультетімізді бітіріп шыққан студенттер қазіргі таңда жақсы орындарда қызмет етіп келеді, атап кетсек 2014 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын бітірген Құлтасова Маржан Даулетовна – «Қазпошта» меңгерушісі болып қызмет етуде, 2014 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын бітірген  Қасымбекова Гүлзира Қайратқызы Қазақтелекомда маман болып қызмет етуде, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын 2015 жылы бітірген Катешов Қанат Талғатұлы  Политехникалық колледжінде білім береді,  «Құрылыс» мамандығын 2015 жылы бітірген Турабеков Нурбек Ағабекугли Астана қаласындағы  әкімшлік құрылыс саласының маманы. «Дизайн» мамандығын 2015 жылы бітірген  Мусабеков Бауыржан Олимжанұлы Астана қаласында дизайнер-архитекторы. т.б.    Біздің бітірушілер-біздің мақтанышымыз. Университетімізде  білім алып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жақсы қырларымен көріне білген студенттерге университет жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер жасады. 2015-2016 оқу жылы факультет атауы  Жаратылыстану-инженерлі болып  өзгертілді қазіргі таңда факультетті   З.К.Илесов басқарып келеді, бүгінде студенттерге жан-жақты, заман талабына сай  білім берудің жаңа технологияларын оқу процесіне ендіре отырып, қызмет жасап келеді.

Факультет туралы

Құрметті студенттер!

Білім беру қызметінде біліктілігі жоғары мамандар, олардың қатарында ғылым, білім саласының мемлекеттік сыйақы лауреаттары, педагогикалық және ғылыми қызметте тәжірибесі мол атақты ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлар мен оқытушылар бар.

Факультет Сіздерге оқу-өндірістік және дипломалды өндірістік тәжірибеден өтуді еліміздің және қаламыздың алдыңғы қатарлы мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарында өтуге зор мүмкіндік ұсынады.

Жаратылыстану-инженерлі  факультетінің студенттері тек терең білім алып қана қоймай, ой өрістерін дамытып, мәдениеттілік пен мобильділік, креативті әрі көшбасшылық қасиеттерге ие бола алады.

Бұл біздің болашақ жетістігіміздің кепілі болмақ.

Оқу процессін 4 кафедра қамтамасыз етеді:

«Информатика және математика» кафедрасы Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., доцент А.Юнусов
«Химия және биология» кафедрасы Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., профессор Р.Ташкараев
«Радиотехника, электроника және телекроммуникациялар» кафедрасы Кафедра меңгерушісі: т.ғ.д., профессор М.Сарыпбеков
«Мұнай және құрылыс өнідірстері» кафедрасы Кафедра меңгерушісі: аға оқытушы М.Т. Рысбеков

Қазіргі таңда факультетте 11 мамандық бойынша бакалавр   мамандары даярланады.

Техникалық мамандықтар
1 6В02-Өнер және гуманиттарлық ғылымдар 6В021-Өнер 5В042100-«Дизайн»
2 6В06-Ақпараттық коммуникациялық технологиялар 6В062-Телекоммуникация 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
3 6В07-Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары 6В071-Инженерия және инженерлік іс 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
4 6В07-Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары 6В073-Сәулет және құрылыс 5В072900-«Құрылыс»
5 6В06-Ақпараттық коммуникациялық технологиялар 6В061-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 5В070400-«Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету»
6 6В06-Ақпараттық коммуникациялық технологиялар 6В061-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 5В060200-Информатика
Педагогикалық мамандықтар
1 6В01-Педагогикалық ғылымдар 6В014-Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін дарялау 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу»
2 6В01-Педагогикалық ғылымдар 6В015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер дарялау 5В010900-«Математика»
3 6В01-Педагогикалық ғылымдар 6В015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер дарялау 5В011100-«Информатика»
4 6В01-Педагогикалық ғылымдар 6В015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер дарялау 5В011200-«Химия»
5 6В01-Педагогикалық ғылымдар 6В015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер дарялау 5В011300-« Биология»

Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған.

Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубтары, студенттік көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелері студенттердің сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді.

Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы,  тегін интернет, акт залы, спорт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, жатақхана, міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.

Факультет студенттеріне білім беру үшін университетке жыл сайын алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылып тұрады.

Бітірушілеріміз білім беру және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Таланттары,  білімдері мен елге танылып, басшылық қызмет атқарып жүргендері де қаншама.

Жұмыс бағыты

Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
-Студенттермен тәрбие жұмысы, академиялық топтарда кураторлармен жүзеге асырылады;
-Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету.
-Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
-Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
-Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы қабылданған стратегиялық бағдарламаларда жоғары кәсіби деңгейдегі, еңбек нарығындағы бәсекелес, қазіргі инновациялық технологияларды меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге дайын, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығы бар мамандарды даярлау мақсаты қойылған.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы кафедраның білім беру қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып келеді және оқу жұмысы барысында және де оқудан тыс уақытта үздіксіз жүзеге асырылады.

Факультетте тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу «Жоғары және жоо-нан кейінгі кәсіби білім беру туралы»Заңның талаптарының негіне, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдеріне, жоо-ң жергілікті  нормативті-әдістемелік актілеріне сәйкес жасалады.

Тәрбие қызметін тікелей ұйымдастыру тәрбие жөніндегі проректормен жүзеге асырылады.

Студенттер университет, факультет және кафедраның қоғамдық жұмысына белсенді қатысуда. Жастарды кәсіби тәрбиелеуде ұлкен рольді болашақ жоғары білікті мамандарды кәсіби бағдар беру жөніндегі шаралар атқарады.

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзі қалайтын тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының дамыту міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Жаратылыстану- инженерлі факультеті Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің құрамындағы жаратылыстану, техникалық, педагогикалық кадрларды даярлайтын алдыңғы қатарлы факультеттердің бірі. Төлеби көшесінің бойындағы «А» оқу ғимаратында орналасқан. Біздің факультетте 1000-нан астам студенттер білім алуда. Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді (Өзбекстан, Туркменстан, Ауғанстан) қамтиды. Олардың сапалы білім алып бәсекеге қабілетті мамандар болып шығуы үшін факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар мен оқытушылар айналысады.

Факультетте техникалық, педагогикалық саласында мамандар дайындауда және өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша т.ғ.д., профессор Р.А.Ташқараев, х.ғ.к., профессор А.Қ.Қайырғалиева, х.ғ.к., профессор Ж.У.Махмудов, т.ғ.к., доцент А.Салыбаев, б.ғ.к., доцент Б.М.Батыров, б.ғ.к., доцент Б.А.Халмурзаева, б.ғ.к., Л.К.Асамбаева, х.ғ.к., доцент М.Ж.Дүйсембиев, т.ғ.д., профессор       Е.М.Наурызбаев, х.ғ.д., профессор Е.Қалдыгозов, т.ғ.к., доцент А.Т.Медеуов, х.ғ.к., профессор С.К.Керімбеков, ф-м.ғ.к., профессор А.Юнусов, п.ғ.к., доцент Қарабаев Амантай, т.ғ.д., профессор Л.М.Мусабекова, т.ғ.к., доцент М.о.Балабекова, т.ғ.к., доцент М.Н.Ақылбаев,  т.ғ.к., доцент М.А.Амандиков, т.ғ.д., профессор М.Сарыпбеков, т.ғ.к., доцент З.Б.Тукубаев, т.ғ.к., доцент А.Каратаев,  еңбек етуде, т.ғ.к.доцент М.Н Акылбеков, доцент Г.А.Омарова.

Факультеттің деканы 

Илесов Заңғар Қонысбекұлы

«Экономика және құқық»  кафедрасының магистрі аға оқытушысы.

З.К.Илесов 1977 жылы туылған, негізгі мамандығы заңгер. 2005 жылдан 2011 жылға дейін сырттай бөлімнің декан орынбасары қызметін атқарған.Инженерлі-гуманитарлық университетінде 2011-2015ж.ж. аралығында Жастар комитетінің төрағасы. «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы. 2005 жылдан 2011 жылға дейін сырттай оқу бөлімнің декан орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылдың маусым айынан инженерлі-техникалық факультетінің декан орынбасары. 2015 жылы жаратылыстану-инженерлі факультетінің деканы болып тағайындалды.

Қызметкерлер

 
Оқу үдерісі

Академиялық ұтқырлық дегеніміз  – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық бар.

Сыртқы академиялық ұтқырлық – бұл студенттердің шет елде білім алуы, сонымен қатар, оқытушы-зерттеушілердің шет елдік білім беру және зерттеу мекемелеріндегі жұмысы

Ішкі академиялық ұтқырлық – Қазақстанның жетекші оқу орындарында білім алушылардың оқуы және оқытушы-зерттеушілердің жұмысы

Ішкі академиялық (қазақстандық) ұтқырлық – бұл студенттердің білім алуы, оқытушы-зерттеушілердің семестрге немесе оқу жылына білім алуға немесе зерттеу жүргізуге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде) жіберу. Өз жоғары оқу орнындағыдай білім беру бағдарламаларын міндетті түрде меңгеру қажет.

Ішкі академиялық ұтқырлықты офис-тіркеуші және академиялық ұтқырлық қызметі (Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының координаторы) жүзеге асырады.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша төмендегі құжаттар тапсырылады:

1) Ректордың атына өтініш;

2) Нотариальды бекітілген шақырудың қазақ немесе орыс тіліндегі көшірмесі;

3) Білім алушының өтініші;

4) Үшжақты келісімшарт;

5) Факультет Ғылыми кеңесінің көшірмесі;

6) Транскрипт;

7) Шет  тілін  меңгергені туралы сертификат;

8) Жеке оқу жоспары;

9) Мед. анықтама (форма №082).

Жаратылыстану-инженерлі факультеті бойынша  Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент университеті, Сырдария университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттеріне жіберіледі.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетіне жіберіледі.

Дуалды оқуыту 

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз  теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.  Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Факультетте толық кредиттік технология жүйесінде оқытылады.

Жетістіктер

ҚР Білім және ғылым минстрлігінің 2018ж. 5 ақпан № 545 «Жоғарғы білм алу үрдісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы» бұйырығына сәйкес

2017-2018  оқу жылында жақсы үлгерім көрсеткен студентер грантқа ұсынылып ( 2, 3, 4 курстар бойынша) 19 студент  2018-2019 оқу жылынан бастап грант иегері атанды.

5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» Т719-17

1. Әбіләзіз Динара Әлиқызы
2. Утебеков Азат
3. Құрманбай Жұлдызай Нұрланқызы

5В060200-«Информатика» Т602-16 тобы

1. Әбубәкір Самал Маратқызы
2. Нұржігіт Дәулет Мухтарұлы

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» Т704-16 тобы

1.

Әбдімәлік Ғаны Әбдіжәлилұлы

2. Еркін Мәдина Еркінқызы
3. Ханиева Дина Ерланқызы

5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» Т719-16

1. Зиябек Нұрай Серікқызы
2. Гұлам Аманқыз Тұрсынқожақызы
3. Қазтай Медеу Сәрсенбекұлы

 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» Т721-16 тобы

1. Бейсебай Сержан Бахытұлы
2. Саидахматов Жавохир Кахраманович
3. Нұрымбет Нұрбек Әшірбекұлы

 5В072900 – «Құрылыс» Т729-16 тобы

1. Қанатов Мықтыбек Орынбекұлы
2. Ізтілеу Айдархан Сапарбекұлы

 4 курстан 5В072900 – «Құрылыс» Т729-16 тобы

1. Жасузах Нұрбол Ерболұлы
2. Жұмаділ Бижан Қанатбекұлы
3. Саурбаев Алмас Сансизбаевич

Жаңалықтар

Бітіруші курс студенттерімен өтетін іс-тәжірибе ұйымдастыру конференциясы

Қорытынды конференциясы

Шымкенттің үздік студенттері Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктелді

Презентация

19-наурыз   университеттің Жаңа  аты  Акадмеик Ә.Қуатбеков атындағы Халқтар  достығы  университеті болып ауысуға   байланысты іс шара өтті.

Іс шараға жаратылыстану-инженерлі факультетінің студенттері белсенді қатысты, өз өнерлерімен университетімізге Математика мамандығы 3 курс студенті  Ергешбаева Халида, Дизайн мамандығы  2 курс студенті Қапаш Айгул арнау арнап өз өнерлерін көрсетті.

Ашық есік күні

15-наурыз мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік күні» өтті. Шараға қалалық 10-нан аса мектебінен келген оқушылар мен ұстаздар қатысты. Ашық есік күні барысында білім көрмесі ұйымдастырылып, әр факультеттен келген оқытушы-ғалымдар, қызметкерлер түлектерді университетіміздің факультеттерімен, әскери кафедра, өзге де  жұмысымен таныстырды. Жас жеткіншектер  ЖОО  мамандықтары, түсу және оқу талаптары туралы білді, Университеттің студенттік өміріне қызығушылық танытып, көптеген сұрақтарға жауап алды.

Ашық есік күніне университеттің  оқытушы-профессорларымен қатар өнерде, білім мен спортта оза шапқан үздіктері де қатысып, арнайы концерттік бағдарлама қойды.
Кешті универсиет ректоры  Рабиға Әбдімұсақызы  ашып, болашақ жас мамандарға сәттілік тіледі.

Келген қонақтар, ұстаздар, оқушылар құрметіне оқу орнымыздың бір топ өнерлі жастары әуелете ән салып, биден шашу шашты. Сонымен қатар жиналғандар назарына  факультеттер бойынша бекітілген мамандықтар, оқу орнының жалпы тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында бейнефильм ұсынылды.

Жаратылыстану-инженерлі факульет деканы З.Илесовтың мектеп оқушыларына Дизайн мамандығы студенттерінің макет жобаларын тамашалауда.

Жаратылыстану-инженерлі факультетінің  белсенді студенттері және топ басшылары.

Мектеп оқушыларына «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша өз құрал жабдықтарымен таныстырды.

«Алаштың арманы болған –Ақ ордасы» байқауы

Студенттер қатарына қабылдау – 2018

Қуатбековтану

Жұмыс берушілер, бітірушілер

Жаратылыстану-инженерлі факультет мамандықтарына жұмыс берушілер тізімі

 

 

 

 

Мамандықтар тізімі мен шифр

/Наименование специальностей и шифр

Жұмыс  беруші мекемелер

 

 

 

/наименование работодателей

 

 

 

 

Руководитель  организации

1.5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу»

 

 

 

5В010700 –«Изобразительное искусство и черчение»

№ 72 жалпы орта мектебі Директор школы  Ахметбаев Аманбек Молдабекович
2.5В010900-«Математика» 1.«Шымкент көпсалалы колледжі»- Шымкентский  многопрофилный колледж

 

 

 

2.№19  Ө.Жәнібеков атындағы ЖОМ- Общая средняя школа № 19 им О.Жәнібекова

Директор  Усипбалиев Ахмет Бералиевич

 

 

 

Директор Шукибасов Айдаралы

3.5В060200-«Информатика» 1.Тынышбаев атындағы Каз ККА ШК Директор колледжа Айдарбаев Р.В.
4.5В011100- «Информатика» 1.Хамза атындағы №53 жалпы орта мектеп

 

 

 

2.Kaz Damu

Директор Маншетов Ахмет

 

 

 

Директор фирмы Нурмуханбетова Гульира Кенжеевна

5.5В011300-«Биология» 1.Ана-Жер» атындағы ЖОМ

 

 

 

2.А.Асқаров атындағы Дендросаябағы

3.«Аксукент» көп салалы коледжі

4.№ 24 С. Ерубаев атындағы мектеп- лицей

Директор    Х.С.Усманов

 

 

 

Пилалов К.А.

Директор колледжа Қуатбекова Карамат Пердешовна

Директор школы Есім Ұ.Ә.

6.5В011200-«Химия» 1.Аксукент көп салалы колледжі

 

 

 

2.№ 27 С. Мәртөбе жалпы орта мектебі-

Общая средняя школа №27 им «Мартобе»

Директор колледжа Қуатбекова Карамат Пердешовна

 

 

 

Директор школыТанеев Б.Т.

 

 

 

 

7.5В072900-«Құрылыс»

5В072900 –«Строительство»

1.ЖШБ «КазТрансСпецСтрой-ТОО

 

 

 

2.ЖШБ «Сити Инжиниринг

3.ЖШБ «Синтез

4.ЖШБ «Төл Құрылыс»

5.ТОО «Жер -Шары»

6. ТОО Corporation Sintez

Директор Кенжебаев Султан Акимович

 

 

 

Директор Ажидинов Сайдин Сайфуддинович

Директор Тажимурат Бағдаулет Жанжігітұлы

Директор Ешимбетов Шайырбек Туребекович

Директор Рысбеков Марат Турсыналиевич

Директор Таджимуратов Алишер Төребекұлы

8..5В042100-«Дизайн» 1.ЖШБ«Кереге – 7»

 

 

 

2.ЖШС «АРТ-Стиль»

3.ЖШС «ДeltaTradindCo»

Директор Жалымбетов Ниязбек

 

 

 

Директор Нургалиева Азиза Нургалиевна

Директор Алимтаев Такен

9.5В71900-Радиотехника,электроникажәне телекоммуникация»

 

 

 

5В071900 – «Радиотехника,
электроника  и телекоммуникации»

1.ОҚО РТТД «Казтелерадио»АҚ филиалы

 

 

 

2.«Транстелеком» АҚ филиалы Шымкент қаласы

3.ЖШС «ЛКС Сервис»

Директор Кулумбетов Алмас Курмангазыулы

 

 

 

Басқарушы директор орынбасары Арзыкулов Лесбек Алибаевич

Директор Арипжанов Нығмет Талипович

10..5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

 

 

 

5В072100 – «Химическая технология органических веществ»

1.ТОО «Stratus Oil»

 

 

 

2.ТОО «Эко Битум»

3.ТОО «Петро Казахстан Оил Продактс»

Директор Туранов Бахытжан Дулатович

 

 

 

Директор Калкаман Бейбіт

Президент Чень Пин Кунь

11.5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

 

 

 

5В070400 – «Вычислительная техника и программное обеспечение

1.ТОО «Ақбастау-К»

Зияов Айдар Орынбекович

 

Тәрбиелік жұмыстар

Тәлімгерлер жыл сайын мәдени-көпшілік шаралардың жобаларын жасайды. Өткізілген іс-шаралар тәлімгердің журналына тіркеледі. Кафедра әріптестері студенттердің өзін-өзі басқаруына, сабақтан бос уақытындағы студенттердің қоғамдық өміріне, және де студенттердің салауатты өмір салтына ерекше көңіл боледі. Студенттер белсене қатысатын салауатты өмір салты жайлы тәлімгерлік сағаттар өткізіледі.

Діни экстремизм профилактикасы бойынша, ол неге әкеліп соқтыратыны туралы мысалдармен әңгімелесулер жүргізіледі.

Одан басқа оқытушылармен және студенттермен жемқорлыққа қарсы күрес пен әр түрлі заң бұзушылықтар туралы әңгімелесулер жүргізіледі.

Оқытушылар мен студенттер факультет, университет, қала, облыс, республиканың деңгейінде өткізілетін қоғамдық шаралар мен конкурстарға жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Жаратылыстану-инженерлі факультеті бойынша аға тәлімгері  «Информатика және математика» кафедарасының аға оқытушысы   Айнакулова Тамаша.

Байланыс: 8 (7252) 95-26-16, 115

E-mail: jif_dekanat@mail.ru

Шымкент қаласы, Төлеби к-сі, 32, 405А

Scroll to Top