Магистратура және докторантура

Магистранттар мен докторанттарды оқуға қабылдау туралы негізгі ережелері
Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.

Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
5) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7) жеке куәлігінің көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
7) 3×4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандықбойыншатапсырады.

Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);

2) мамандық бойынша тапсырады.

Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.

Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Магистратураға және докторантураға қабылдау

Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар
95-100 Өте жақсы (5)
90-94
85-89 Жақсы (4)
80-84
75-79
70-74 Қанағаттанарлық (3)
65-69
60-64
55-59
50-54
0-49 Қанағаттанарлықсыз (2)
Мамандықтар тізімі

Докторантура мамандықтар тізімі:

  • 8D01110 – Педагогика және психология
  • 8D01540- Биология
  • 8D01520- Информатика
  • 8D01530 – Химия

Магистратура мамандықтары:

7М01110 – «Педагогика және психология
7М01520 – Информатика
7М01530 – Химия
7М01540 – Биология
7М01610 – Тарих
7М01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті
7М01720- Шетел тілі: екі шетел тілі
7М02310 – Аударма ісі
7М04210 – Құқықтану
7М04110- Экономика
7М06210 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
7М07110 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Scroll to Top