Тіркеу бөлімі

          Тіркеу бөлімі (тіркеу офисі) – академиялық тәртіп пен ережелердің  орындалуын, білім алу үрдісін бақылауды ұйымдастырумен қамтамасыз ету, білім алушылардың академиялық рейтингтері мен оқу жетістіктерін тіркеуін қадағалайтын академиялық қызмет.

Тіркеу бөлімінің менеджерлері:

Айткараева Алия Бакытовна

Жолдыбаева Гулназ Бериковна

Шалова Гулназ  

Тіркеу басқармасының негізгі міндеттері:

  1. Академиялық күнтізбені құру және орындалуын бақылау;
  2. Білім алушылардың оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелу үрдісін ұйымдастыру;
  3. Білім алушылардың жеке оқу жоспарының орындалуын бақылау;
  4. Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау жүйесін ұйымдастыру;
  5. Білім алушылардың рейтінгісін есепке алу;
  6. Білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеу;
  7. Студенттер туралы есептiк жазбалардың құпиялы және дәл болуымен  қамтамасыз ету, білім алушылардың оқу жетістігін дәлелдейтін емтихан тізбелерін сақтау;
  8. Сессияның академиялық көрсеткіштерін, қорытынды аттестация  нәтижелерін талдау;
  9. Оқытушылар және эдвайзерлермен өзара байланыс;
  10. Академиялық қарыздарды, оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды қайта тапсыру, қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жазғы семестр ұйымдастыру;
  11. Кредиттік оқыту технолологиясының талаптарына  сәйкес оқу құжаттарын жүргізу;
  12. ҚР БҒМ-не, университеттің әкімшілік қызметкерлеріне, оқытушылар мен білім алушыларға толық әрі дәл ақпарат жеткізу

Академиялық күнтізбе

Білім беру траекториясын таңдау.

             Білім алушы академиялық жетекшісі – эдвайзердің көмегімен оқу жылға арналған оқытудың жеке траекториясын қалыптастырады.

            Білім алушы мамандықтың типтік оқу жоспарында қарастырылған кредиттердің белгілі санына тіркелуі тиіс. Типтік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде білім алушы жеке оқу жоспарында (ЖОЖ) көрініс табатын кредиттердің қажеті санын ескере отырып міндетті және элективті пәндерді таңдайды. Пәндерді таңдау оқытылуының логикалық бірізділігі есепке алына отырып жүргізілуі тиіс.

 Білім алушы өзінің ЖОЖ-ын құру барысында:

  • оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісінің ұйымдастыру ережелерімен танысуы тиіс;
  • оқу пәндері мен ЖОЖ-на өзгерістер енгізу бойынша оқу пәндерін тіркеуге белгіленген мерзімді сақтау тиіс;
  • оқу жылында сәйкесті деңгейдің білім беру бағдарламасын меңгеру үшін кредиттердің белгіленген санынан кем емес кредиттерге жазылу тиіс.

            Білім алушы оқу пәндеріне тіркелу үшін алдынғы семестрде қажетті пререквизиттерін меңгеруі тиіс.  Базалық пәндерді таңдауда білім алушының кәсіптік бағдарын есепке алады. Бірақ білім алушы өзінің жеке оқу жоспарына басқа мамандықтардың базалық блогында көрсетілген пәндерді қалауы бойынша енгізе алады.

            Білім алушы ЖОЖ құру үшін және мамандықтың типтік оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқу курсын толықтай меңгеруге жауапты болады. 

Білім алушының оқу жетістігін бағалау

              Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау білімді өлшейтін өлшеуіштер негізінде жүргізіледі.

             Оқу орны білім алушылардың білімін өлшейтін өлшеуіштердің мына түрлерін әзірлейді: тесттер, билеттер, бақылау сұрақтары (ашық, жабық, құрама, қойылатын талаптарға сәйкес, эссе, т.б.), зертханалық тапсырмалар, есеп-графикалық, курстық және т.б. жұмыстар. Бақылау сұрақтары оқу бағдарламаларының барлық тақырыптары бойынша әзірленеді. Тақырыптарды немесе тапсырма мазмұнын ықшамдап беруде қолданылу сипатына қарай қысқа (билетте) түрде келеді.

          Оқытудың күндізгі, сырттай және кешкі нысандарындағы білім алушылардың білімін бағалау бірыңғай өлшеуіштер негізінде жүргізіледі.

          Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау түрлерінде : үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау және мемлекеттік қорытынды аттестаттауда – балдық-рейтинг таңбалық жүйеге негізделген баға шкаласы енгізіледі.

Таңбалық  жүйедегі баға Сандық  эквивалент пайыздық мазмұны (%) Дәстүрлі  жүйедегі баға
А 4,0 95-100 Өтежақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 «Қанағаттанарлықсыз»

          «Өте жақсы» деген бағалауға пайыздық мөлшері 95-100% және 4,0 сандық баламасы бар А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3,67 сандық баламасы болса А- бағалауына сәйкес келеді. Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дурыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

          Пайыздық мөлшері 85-89% және 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В, пайыздық мөлшері 75-79% және 2,67 сандық бағалауы В- ға сәйкес келеді. Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігінен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

         Пайыздық мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандық баламасы 2,0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық бағалауы С-, пайыздық мөлшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,0 болса D сэйкес келеді. Бұл баға студентке, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған. зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

           Пайыздық мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға Ғ бағалауы сәйкес келеді.Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамы игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

           F  бағасы қойылған білім алушы осы пәнді қайта оқып (Retake) 3 ретке дейін тапсыруға құқылы. Қайта тапсыру ақылы түрде жүргізіледі.

           Элективті пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы ереже бойынша осы пәнді қайта оқуға немесе басқа элективті пәнге ауыстыруға құқығы бар. Пәнді ауыстыру эдвайзермен келісіліп жасалуы керек.

          Білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтингілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады.Рұқсат алу рейтингілік баға пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды, және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 30 %-нан кем болмауы тиіс.

            Кәсіби практика (оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік т.б.) бойынша бағалар келесі түрде қойылады. Практика жөніндегі бір жетекші тағайындалған кезде (ереже бойынша оқу жөніндегі, оқу-танысу, далалық және т.б.) баға есептің рәсімделуі мен қорғаған дүниесінен білімін көрсете алуына сәйкес ұсынылған есепті қорғаудың қорытындылары бойынша қойылады. Практика жөніндегі екі жетекші тағайындалса (ереже бойынша педагогикалық, өндірістік және т.б.) қорытынды бағалаудан 40%-ды құрайтын, практикалық базаның практика жетекшісімен қойылған бағаны және қорытынды бағалаудан 60%-ды құрайтын, қорғау туралы жоғары оқу орнының басшысымен ұсынылған есепті қоса алғанда қорытынды баға қойылады.

           Білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауына баға барлық мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірі және балдық рейтингтік әріптік жүйе бойынша көрсетілген білімі ескеріліп қойылады.

                Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бойынша баға ғылыми жетекшінің пікірі, рецензенттің бағасы және қорғаудың қорытындысы ескеріліп қойылады.

              Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың әрбір нысаны бойынша баға балдық рейтингілік әріптік жүйе бойынша өзіндік баға қойылады.

GPA шығару формуласы

              Курстың емтихан қорытындылары бойынша және жазғы семестр қорытындыларын қоса есептегенде білім алушылардың орташа балы анықталады (GPA).   Білім алушылардың білімін бағалау жүйесіндегі маңызды орынды – кредиттер сомасы мен қорытынды бағалары ретінде ағымдағы оқыту кезеңіндегі кредитінің сомасына есептелінетін орта бал түрінде айқындалатын студенттің бір жылдағы академиялық үлгерімінің деңгейі алады.

              GPA білім алушының транскриптінде көрсетіледі. GPA мына формула бойынша есептеледі:

GPA= Қс1* К1+Қс2*К2+Қсn+Kn                                                                                                                                                  К1+К2+Кn

Қс1………..пән бойынша сандық эквиваленттік қорытынды бағалар;

К1………… оқытылған пәндердің кредиттер саны

n – оқу периодындағы оқытылған пәндер саны

GPA есептеу үлгісі:

Пән Кредит  саны Әріптік баға Сандық эквивалент
Информатика 3 A 4.0
Әлеуметтану 2 B 3.0
Философия 3 F 0.0

Информатика 4.0 х 3 = 12.0

Әлеуметтану 3.0 х 2 = 6.0

Философия 0.0  х 3 = 0.0

Көбейтінділердің қосындысы = 12 + 6 + 0 = 18.0

Жалпы кредиттер саны = 3+2+3 = 8

          GPA = Көбейтінділердің қосындысы / жалпы кредиттер саны = 18,0 / 8 = 2,25

          Келесі курсқа көшу үшін емтиханды тек жағымды бағаға тапсыру жеткіліксіз, сонымен қатар ағымдағы оқу жыл үшін университетпен бекіткен минималды GPA балын жинауы қажет.

           2015-2016 оқу жылында бекітілген курстан курсқа көшу  GPA балы төмендегідей:

1-курстан 2-курсқа – 1,50

2-курстан 3- курсқа – 1,8;

3-курстан 4- курсқа – 2,2

4-курстан 5- курсқа – 2,5

             КИПХДУ-нің Ғылыми кеңесінің шешімі (№5 хаттама, 10.06.2014)

             Минималды GPA балын жинай алмаған білім алушы курстан курсқа қалдырылады.

           Берілген үлгі арқылы қажет болған жағдайда ағымдағы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша GPA-ді есептеуге болады.

         Оқу пәндерге тіркеу білім алушының жеке оқу траекториясын эдвайзермен талқылап болған соң жүзеге асырылады. Эдвайзер типтік оқу жоспарларына және элективті пәндер каталогына сәйкес пәндерді таңдау мәселелерін түсіндіреді.

Пән курстарына тіркеу

Тіркеуді жүргізу уақыты академиялық күнтізбеде көрсетіледі.

Тіркеу тәртібі:

            1) Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетіне жаңа түскен студенттердің тіркелуі бірінші семестрдің басталуына дейін бағыт беру аптаның ішінде жүргізіледі. Білім алушылардың бұл категориясы үшін тіркеуге рұқсат етудің негізі университет студенттері қатарына қабылдау туралы бұйрық және семестрге төленетін оқу ақысы болып  табылады;

          2) Қалған білім алушылар Академиялық күнтізбеде белгіленген (сәуір) тіркеу мерзімі бойында келесі оқу жылының пәндеріне және оқу пәндерді қайта оқуға (Retake) тіркеледі.

         Екінші және жоғарғы курс студенті 20 тамызға дейін 10%-дан артық емес көлемінде өзінің жеке оқу жоспарына өзгерістерді енгізе алады. Бұл жағдайда тіркеу бөліміне белгіленген форма бойынша өзгерістері көрсетілген өтініш жазылады.

            Академиялық топтар (ағымдар) пән бойынша жеткілікті білімгерлер саны болған жағдайда құрылады. Академиялық топтар 30 және одан да көп студенттер саны болған жағдайда құрылады. Академиялық топта – 10-30 студент, ал академиялық топшаларда 10-12 студент болуы тиіс. Студенттер саны аз мамандықтарды есепке алмағанда.

         Тіркеу ағымында пән бойынша тіркелген студенттер саны жеткіліксіз болған жағдай пән оқытылмайды және оқу жұмыс жоспарына енгізілмейді, бұл жайлы ақпарат университет порталындағы факультет бөлімінде және стендтерде жазылуы тиіс. Осы пәнге тіркелген студенттер 20 тамызға дейін жеке оқу жоспарларына өзгеріс енгізуі керек.

          Тіркеу ағымында пән бойынша тіркелген студенттер саны берілген мөлшерден асып кеткен жағдайда аталмыш пән бойынша қосымша академиялық топтар құрылады.

        Мамандықта студент саны аз академиялық топтар элективті пәндерді оқығанда жазылу қағидасына сәйкес бір пәнге біріктіріледі.

       Егер білім алушы немесе келесі курсқа көшірілген білім алушы пәндерге тіркелмесе және жеке оқу жоспарын бекітпесе оқу негізіне курс бойынша оқу жұмыс жоспары алынады.

        Білім алушы жеке оқу жоспарына өзгерісті оқу жұмыс жоспары шегінде теориялық оқу семестріне дейін енгізу керек. Жеке оқу жоспарын тіркеу бөліміне өткізудің соңғы уақыты – семестрдің  1-аптасы.

        Бекітілген жеке оқу жоспары 3 нұсқада  жасалып, білім алушының қолы қойылып келісілу үшін эдвайзерге беріледі. Эдвайзер ескерту болмаған жағдайда жеке оқу жоспарына қолы қояды.

         Оқу пәндеріне жазылу аяқталған соң, жеке оқу жоспарыларына ережелер бойынша түзетулер енгізілген соң факультет декандарымен бекітіледі.  Жеке оқу жоспары оқу жұмыс жоспары мен академиялық периодтағы немесе аталмыш оқу жылындағы оқу төлемақысын есептеуге көмектеседі.

         Бекітілген жеке оқу жоспарының 1 экземпляры білім алушыда, екіншісін эдвайзер аралық аттестацияны ұйымдастыратын тіркеу бөліміне өткізеді, ал үшінші экземпляр эдвайзерде сақталады. Эдвайзердегі жеке оқу жоспарлары бойынша білім алушының кәсіби оқу бағдарламасының  меңгерілуі бақыланады.

        Жеке оқу жоспары білім алушының жеке идентификациялық СЖК номері бойынша тіркеледі.

    Жазғы семестрге тіркелу Академиялық күнтізбе уақыттарына сәйкес жүргізіледі. 

Білімді бақылау жүйесі

            Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау үшін  келесі бақылаудың түрлері қолданылады:

– Ағымдық бақылау;

– Аралық бақылау;
– Қорытынды бақылау.

         Оқу үлгерімінің ағымдық, аралық бақылау және қорытынды бақылау академиялық күнтізбеде бекітілген уақыттарда жүргізіледі.

         Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, бұл – пән оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын білім алушылардың игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.

        Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламаларына байланысты барлық тақырыптарды және аудиториялық (семинарлар, практикалық тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар), аудиториядан тыс (үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары) тапсырмаларды қамтиды.

        Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау (аудиториядағы) мен аралық бақылау (аудиториядан тыс) бағалардан жинақталады.

              Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауда әр орындалған тапсырма (аудиториялық сабақтардағы оқу жұмысы, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, аралық бақылау) 100-баллдық шкаламен бағаланады. Үлгерімді ағымдық бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық период ағымында алған бағаларымен  орташа арифметикалық көрсеткіш жолымен есептеледі.

            Аралық және қорытынды аттестация барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де осы тәсіл қолданылады.

         Білім алушының   ағымдық бақылау нәтижелері және білім бағаларының жазбалары тұрақты тіркеу арқылы жүргізіледі.

        Нәтижелерді жоғарылату мақсатында ағымдық бақылаудың бағаларын өзгертуге жол берілмейді.

       Аралық бақылау – пән бойынша бір бөлімді (модульді) аяқтағаннан кейін жүргізілетін оқу жетістіктерін бақылау түрі болып табылады. Академиялық кезеңнің бір пән шегінде 2 реттен кем өткізілмейді (теориялық оқытудың 8-ші және 15-аптасында).

         Ағымдық және аралық бақылаудың формасын пәннің бағытына қарай оқытушы бекітеді. Ағымдық және аралық бақылау коллоквиум, компьютерлік және бланктік тестілеу, жазбаша бақылау жұмыстары, диспуттар, дөңгелек столдар, іскерлік ойындар, мәселелі есептерді шығару түрінде жүргізілуі мүмкін.

        Рұқсат алу рейтингілік бағасын есептеуде міндетті түрде оқу бағдарламасына сәйкес есептік-графикалық, курстық жұмыстардың бағасы есепке алынады. Курстық жұмыстың(жобалардың) кредит сыйымдылығы пәннің  кредит сыйымдылығына кіреді.

         Рұқсат алу рейтингілік баға жинақтық балл ретінде көрініс алады, Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау мен аралық бақылау бағалардан жинақталады (ереже бойынша екі аралық бақылау). Суммалық семестрлік рейтинг балын 50%-дан төмен жинаған білім алушы емтиханға жіберілмейді.

          Ағымдық, аралық  және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) өткізеді. Рұқсат алу рейтингілік баға пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 30% -нан кемболмауы тиіс.  Ағымдық, аралық  және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды өткізуге жауапты  пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) болады.

          Қорытынды бақылау оқу бағдарламасын меңгеру сапасын анықтау мақсатында аралық аттестациясы кезеңінің нұсқаулығына сәйкес өткізіледі. Нұсқаулық бойынша егер пән бірнеше академиялық кезеңдерде оқытылып жатқан болса, онда қорытындық бақылау әр академиялық периодтағы пән бөліктері бойынша өткізіледі.

Қорытынды бақылау формалары:

  1. Тестілеу;
  2. Ауызша емтихан;
  3. Жазбаша емтихан;
  4. Дифференциалдық сынақ.

           Емтиханды өткізу формасы мен тәртібі әр пән бойынша академиялық кезеңнің басталуына 1 ай уақыт қалғанда бекітіледі.

            Білім алушы оқу бағдарламасы бойынша бекітілген жеке оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандарды тапсыруы керек.

           Білім алушының оқу жетістігін қорытынды бақылау үшін емтихан қабылдаушыға тіркеу бөлімінен академиялық кезеңде студенттің жинаған рұқсат алу рейтингілік бағасы енгізілген емтихан тізбесі беріледі. Емтиханда алынған жағымды немесе қанағаттанарлықсыз бағаларды емтихан қабылдаушы емтихан тізбесіне енгізеді. Емтихан қорытындылары емтихан тізбелеріне сәйкес емтихан аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде офис-менеджер Интернетке енгізеді.

          Пән бойынша аралық аттестация өкізу кезінде академиялық кезең ағымында емтиханнан алған бағасы, үлгерімді ағымдық бақылаудың орташа балы есепке алынады. Әр пәннен емтихан аяқталғаннан соң студентке оның оқу жетістігінің көрсеткіші болып табылатын қорытынды баға қойылады. Қорытынды баға рұқсат алу рейтингілік бағасынан және емтихан бағасынан жинақталады.

         Жағымды қорытынды баға пән бойынша тіркелген кредиттерді меңгергенін көрсетіп, транскриптке енгізіледі.

         Егер емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған студенттің емтихан бойынша қорытынды бағасы саналмайды.

             Ағымдағы аралық аттестация кезінде жағымды қорытынды баға қойылған емтихан оқу жетістігін жоғарылату үшін қайта тапсырылуға рұқсат етілмейді. Жағымды баға алу үшін студент келесі академиялық кезеңде  немесе қосымша семестрде қайтадан пән бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу сабақтарына қатысып, рұқсат алу рейтингілік бағасын алып,  қорытынды бақылауға қатысады. Бұл жағдайда студент оқу пәніне қайтадан тіркеледі.

                Егер студент пән бағдарламасын толық меңгерсе, бірақ емтиханға келмесе, емтихан тізбесінде студенттің фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген белгі қояды. Дәлелді себептері болған жағдайда білім алушыға емтихан тапсыруға жеке график құрылады.  Студенттің емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда бағасы «қанағаттанарлықсыз» болып саналады.

           Аралық аттестацияның жинақ тізбесін шығару үшін және меңгерілген кредит сандарын есептеу үшін емтихан тізбесі тіркеу бөліміне өткізіледі.

Емтиханға жіберу екі этаптан тұрады:

1)  Бірінші этапта факультет деканының жалпы үкімімен білім алушыларды төлемақысынан қарызы болмаған жағдайда, пререквизит бойынша академиялық қарызы болмағанда, академиялық демалыс және ұзақ емделу уақытында емес студенттерге емтиханға қатысу рұқсаты беріледі.

2)   Екінші этапта  рұқсат алу рейтингілік бағасын (ағымдық және аралық бақылау қорытындысы) алған студенттерге сол пәннен емтиханға қатысуға автоматты түрде рұқсат етіледі. Бұл жағдайда рұқсат беру тіркеу бөлімінде емтихан тізбесіндегі студент фамиялиясының тұсына белгі қою арқылы жүзеге асырылады.

            Жағымды рұқсат алу рейтингілік бағасы н алмаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

          Курстық жұмыстарды (жобалар)  тапсырмаған студенттер пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

         Ал басқа да жағдайларда (ауырып қалса, отбысылық және қызметтік жағдайларда) студентке жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат етіледі. 

Жазғы семестр

          Жазғы семестр білім алушының қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру ниетімен ұйымдастырылады.

           Жазғы семестрдің созылу уақыты (6 апта) оқу процесінің академиялық күнтізбесімен анықталады.

           Жазғы семестрде оқуды қаржыландыру оқу формасынан тәуелсіз студенттің өз қаражатынан  жұмсалады.

         Жазғы семестрге мына төмендегі білім алушы студенттер құқылы:

  • «жақсы» және «өте жақсы» оқу үлгерімімен (қосымша жеделдетілген оқыту үшін, соның ішінде басқа жоғары оқу орнынан келген білім алушыларға)
  • рейтинг-бақылау қорытындысы бойынша аралық аттестацияға жіберілмеген білім алушылар;
  • өткен академиялық периодтарда академиялық қарызы бар студенттер;
  • курстың оқу бағдарламасын толық орындағандар, бірақ минималды өту балын жинай алмағандар жеке пәндерді қайта оқу есебінен GPA -ны (үлгерімнің орташа балы) жоғарылату мақсатында (мемлекеттік емтихан тапсырылатын Қазақстан тарихы пәнінен басқа пәндерді);
  • Академиялық демалыстан келгенде және оқуға қайта қабылданғандағы академиялық айырмашылықтары бар білім алушылар.

              Білім алушылар жазғы сессия аяқталғаннан соң тіркеу бөліміне жазғы семестрге қатысатындығы жайлы өтініш жазады.Білім алушы 12 кредитке дейін тіркелуге құқылы.

          Білім алушы жазғы семестрдегі білім қызметтеріне төлемақы жасағаннан кейін тіркеу бөлімі жазғы семестрдің сабақ кестесін құрады.  Сабақ кестесі оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі.

       Жазғы семестрде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесінің барлық түрлері: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық бақылау ауызша, жазбаша және тестілеу формаларында қолданылады.

         Жазғы семестрдегі білім алушылардың оқудағы жетістіктері білімді бақылау және бағалауға қатысты   жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес    балдық-рейтинг таңбалық  жүйемен бағаланады.

         Жазғы семестрде оқылған мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің емтихан қорытындысы ағымдағы оқу жылындағы келесі курсқа көшіру балын (GPA) есептегенде ескеріледі.

          Басқа оқу орындарынан келіп оқитын білім алушыларға  ҚИПХДУ-де жазғы семестрді оқығаны туралы кредиттерді қайта санауға транскрипт беріледі. 

Байланыстар

Мекен-жайы:   Шымкент қ.,Толе би к., 32, № 1 бас ғимараты,  104 каб.

тел: 8 (7252) 95-25-21/107

e-mail: gulnaza_1985@mail.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған