Педагогика және психология кафедрасы

«Педагогика және психология» кафедрасының негізі  Қазақстан инженерлі –педагогикалық  Халықтар  достығы университетінің құрамында  2001 жылы қаланған.  Кафедраны әр жылдары п.ғ.к., доцент  Мухамеджанов Т.Қ., п.ғ.д., профессор Дүйсенбаев К.Ә., п.ғ.к., профессор Елтаев Ә.Ж.  сияқты көрнекті ғалымдар, әрі білікті мамандар  басқарған. Қазіргі уақытта кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Елтаев Ә.Ж., басқарады.

Кафедра ОПҚ-ы оқу-әдістемелік, ғылыми-шығармашылық жұмыстарымен  айналысып, студент жастарға тәрбие беру ісін жүзеге асырады.  Кафедрада п.ғ.д., профессор, «ЖОО-ның үздік оқытушысы»  атағының иегері  Омар Е.О., п.ғ.к., профессор Сатбаев К.С., п.ғ.к., доцент Камардинова Ү.О., пс.ғ.к., аға оқытушы және т.б ғылым докторлары мен кандидаттары, магистр- оқытушылар мен оқытушылар еңбек етеді.

Кафедра меңгерушісі
Елтаев Абдималик Жайылмысович.
«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі
педагогика ғылымдарының кандидаты
Қызметкерлер тізімі

Кафедрада  6  мамандық  бойынша «білім бакалаврлары», 1 мамандық бойынша  «білім магистрлері»  даярланады:

5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі мекемелердің түрлі типтері мен түрлері, шағын және дамытушы орталықтар, отбасылық балабақшалар, мектеп – балабақша, педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білімді жетілдіру институты болып табылады.

5В010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

5В010200-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім департаменттері) болып табылады.

5В010300-«Педагогика және психология»

5В010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері (шағын-орталықтар, бала-бақшалар), жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер,гимназиялар, шағын жинақты мектептер, санаторийлық мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар), бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер), орта кәсіби білім беру мекемелері (колледж, училищелер).

5В010500– «Дефектология»

5В010500– «Дефектология» мамандығы бойынша  білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мекемелері; арнайы мектепке дейінгі мекемелер және мектептер; оңалту орталықтары; түзету кабинеттері; ПМПК; ерте жастағы балаларға көмек көрсету кабинеттері; әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, ғылыми – зерттеу ұйымдары.

5В010600 – «Музыкалық білім»

5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша  білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: жалпы білім беретін мекемелердегі (мектептердегі,  лицейлердегі,  гимназиялардағы және  т.б.) «музыка» пәні, сыныптан тыс музыкалық – тәрбиелік ұйымдастырушылықты насихаттау жұмыстары.

5В012000 –«Кәсіптік білім»

5В012000 –«Кәсіптік білім» мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: кәсіби білім беру педагогы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі, үйірмелер жетекшісі, орта және кәсіби мектептердегі, колледждердегі, лицейлердегі жұмысшы мамандықтар кешені бойынша арнайы технологиялардың жалпы техникалық пәндер оқытушысы, ведомстволық меншіктілігі мен меншік нысанына қарамастан, жоғары және орташа кәсіби білім беру жүйесіндегі өндірістік білім беру шебері, бірінші санатты техниктің бастапқы қызметтері, кіші ғылыми қызметкерлер, инженер-зертханашылар,  жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайтын ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі, конструкторлық және жобалық ұйымдардағы инженерлер.

6М010300-«Педагогика және психология»

6М010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрлерінің кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, білімдік үрдісті ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, білім беру мекемесіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, әлеуметтік-педагогикалық әрекет, осы бағыттағы бітірушілерге қатысы бар ЖОО-ындағы педагогикалық колледждердегі, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбиелік қызмет.

Кафедра  болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында келесі  білім және тәрбие мекемелерімен  оқу,  ғылыми, шығармашылық байланыстарды жүзеге асырады:

  • ЖОО-ры мен ғылыми орталықтар, ұйымдар: Психология Ғылымдарының Халықаралық Академиясы (Ресей, Ярославль қ.), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан, Ташкент қ.). Пенжикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты (Тәжікстан, Пенжикент қ.), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті (Шымкент қ.), Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университет (Шымкент қ.) және т.б.
  • Жалпы білім беретін орта мектептер: №35,27,69,39,56,36,38,113,81,45,97, «Қызылқұм», «Манкент», Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп (Шымкент қ.);
  • Колледждер: “Отырар” колледжі; “Парасат” колледжі (Шымкент қ.).
  • Балабақшалар: Нұрлан», «Керемет Оңтүстік», «Сымбат-ай», «Ұлмерей», «Алтын балапан» (Шымкент қ.);
  • Арнайы мекемелер: «Сайрам көмекші мектеп-интернаты», «Бірегей чемпион»   (Шымкент қ.);

Каферада студенттерді ғылымға баулитын «Жас педагог» және  «Жас психолог» үйірмелері  жұмыс істейді.

Scroll to Top