«Платонус» бөлімі

Platonus

«Platonus» – бұл кредиттік және дистанционды оқу жүйесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. Бұл бағдарлама университетте 2016 жылы жұмысқа қосылды. Бағдарламада жоғары оқу орнының барлық жүйелері мен міндеттері айқындалатын орталықтандырылған ақпарат жүйесі бар. Әр студент пен қызметкер үшін жеке парақ (жеке web- парақшасы) жасалған, ол жоғары оқу орны қызметкерлерінің негізгі міндеттерін автоматтандыруға ықпал етіп, студенттердің керекті ақпаратты тауып, дистанциондық жолмен оқитын студенттерге тез арада оқу және бақылау бағдарламаларына еніп, оқытушылармен интернет желісі арқылы немесе жоғары оқу орнының ішкі желісі арқылы қатынас жасауына көмек көрсетеді.

«Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуге болатын ақпарат:
Ø     Жеке оқу күнтізбесі;
Ø     Хабарламалар  жүйесі мен міндеттерді тағайындау ішкі хат алмасу мен тапсырмаларды орындауға бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
Ø     Жеке оқу жоспары;
Ø     Оқу- әдістемелік кешендерді (белгілі бір пән бойынша дәріс материалдарын) қарастыруға мүмкіндік беретін виртуалды зертханалар, тест тапсырмалары бойынша жұмыс;
Ø     Сапалы тестілеу жүйесі;
Ø     Жұмыс кестесінің тақтасы;
Ø      Жалпы жоғары оқу орнының форумы;
Ø     Жалпы жоғары оқу орнының байланыс чаты.
      Сонымен қатар бағдарламаның хабарлама қызметі университеттің ағымдағы мәселелері жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді: оқытушылардың хабарландырулары, тест тапсырмаларын тағайындау, оқытылатын пән бойынша жаңа әдебиеттің түсуі туралы ақпарат, басқа студенттермен іскерлік қарым-қатынаста болу және т.б.
   Бұл жүйе өте қызықты, әрі қажетті, өйткені кез келген студент өз парақшасына кіру арқылы өз бағаларын, аралық бақылау мен емтихан қорытындыларын, яғни пән бойынша қорытынды бағаларын білуіне мүмкіндік алады.
    Студент қалауы бойынша оқытушы оған кез келген уақытта әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қолдану арқылы жаттығу тестерін жасап, тағайындай алады.

PLATONUS автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

“Платонус” АЖЖ 2016 жылдан бастап университетте жоғары білім беру ұйымдарындағы  оқу үдерісін автоматтандыруға арналған «Platonus»автоматтық-ақпараттық жүйесі қолданылады.

«Platonus»ААЖ келесі үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік туғызды:

• Білім алушылардың пәндерге және оқытушыларға тіркелуі

• Оқу және жеке жоспарларды жасау

• Академиялық лектерді жасау

• Академиялық күнтізбелерді құру

• Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру

• Білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасын қалыптастыру

• Оқу-әдістемелік материалдарды жүктеу

• Білім алушылардың, қызметкерлердің, оқытушылардың картотекасын жүргізу

• Түрлі есептерді нақты уақытта жасау

Қолданушылардың «Platonus»ААЖ-не қолжетімділігі жүргізіледі:

• Корпоративтік желі

• WI-FI ашық желілері  

• Студенттік үйлер желісі

• Интернет ғаламдық желісі  

• өзіне-өзі қызмет көрсету ақпараттық терминалдары арқылы.

    Платонус бөлімі университетте 2018 жылдан бастап Платонус бөлімі болып құрылды.

Жалпы ережелер

Платонус бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Платонус базасындағы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында оқу процесін ұйымдастыру үшін ақпараттық ресурстарды беру және жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін және орындайтын университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі мақсаты:

– ақпараттық технологияларды дамыту және қолдау Платонус базасы бойынша университет қызметін автоматтандырудың техникалық және бағдарламалық құралдары кешенінің қызмет етуін қамтамасыз етеді;

– Платонус базасының ақпараттық технологияларын жүзеге асыру әдістері мен құралдарын әзірлеу мен енгізудің бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында университеттің барлық құрылымдарының қызметін үйлестіру;

-білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және әкімшілік және оқу қызметін қолдаудың ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және дамыту.

Бөлімнің негізгі міндеті

– Ақпаратқа қол жеткізуді, сақтауды, өңдеуді, жинақтауды және жаңартуды құралдармен және технологиялармен қамтамасыз ету,Ақпараттық жүйелер саласында ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын бақылау және Платонус базасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысу.

– Платонус корпоративтік желісін қолдаудың бағдарламалық, аппараттық-техникалық құралдарын игеру, енгізу және пайдалану;

– корпоративтік ақпаратты сақтау және қорғау, Платонус университеті желісінің жұмысын басқару.

Бөлімнің негізгі функцисы

– Платонус базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін желілік коммуникациялық жабдықтарды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау;

– бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және Платонусты дамыту.

Мекен-жай: Толеби, 32, Шымкент

Телефон: +7 7252 95 20 34

Кабинет: Корпус А №316