«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы

Кафедра тарихы
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар  кафедрасы 2003 жылдан бастап бакалаврларды, ал 2016 жылдан бастап магистранттарды қабылдау және даярлаумен айналысады, сонымен қатар аталған мамандық бойынша мамандар  даярлау үшін, оқу-әдістемелік және ғылыми-техникалық әлеуетке ие. Осы уақытқа дейін 2000-нан астам түлектер білім алды. Кафедра оқытушылары кафедраның ғылыми-зерттеу және университетің халықаралық конференцияларына белсене қатысуда. Соңғы екі жылдың ішінде кафедра оқытушылары  Қазақстан мен өзге елдерде 80-нен астам мақалалар, оқу құралдары  және оқу әдістемелік нұсқаулар шығарды. Кафедрада ғылыми дәрежесі бар оқытушылар құрамы 60%-ды құрайды.
Жеке парақша

*ФИО: Сарыпбеков Мырзагелді т.ғ.д., профессор кафедра меңгерушісі *Бітірген оқу орны: Қаз.хим.техн.институты инженер механик 1964 *Мамандық бойынша жүргізетін пәндері: «Байланыс кәсіпорнын ұйымдастыру және жоспарлау», «Инженерлік және компьютерлік графика», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялардың ғылыми техникалық мәселелері», «Телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау», «Жұйелердің сенімділігі және өміршендігі», «Телемеханика құрылғылары мен жүйелерін электрмен қоректендіру» *Баспадан шығарған ОӘК мен мақалалары: 50 *Біліктілік: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы 24.11.-25.11.2016ж. 72сағат
Жалпы мәлімет
Қазіргі таңда кафедра штатында 13 қызметкер: 2 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 1 оқытушы, 1 магистр оқытушы жұмыс істейді.
Кафедра студенттері телекоммуникациялар, электроника және радиотехника саласындағы өзекті заманауи технологияларға қатысты белсенді түрде ғылыми ізденістер жүргізеді. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы – Бүгінгі таңда байланыс, ақпарат тарату саласы үлкен жаңалықтарға толы. Радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелері ғылым мен техниканың жетістіктері мен озық үлгілерін заман талабына сай үндестіріп, қарышты дамуда. Жылжымалы байланыс, жерсеріктік байланыс, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі сынды ақпарат құралдарынсыз қазіргі өмірімізді елестету мүмкін емес. Мұның бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын игерген түлектердің қызмет атқаратын саласы. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласы мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиотарату мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.
Біздің мамандық түлектері – байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері, көпарналы телекоммуникацилық жүйелер, радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері, дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары, электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелері, телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салаларында қызмет ете алады.

Жалпы  компетенциялар

 5В071900- Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының бакалавларын дайындауда ақпараттық технологиялар және заманауи техникалық жабдықтардың коммуникативті мәселелрді шешуді пайдаланып, мәдени, интелектуалды, физикалық және кәсіптік жетілу, өздігінен дамудын келешегін түсініп білу, оқу және  бақылау, тану жабдықтары мен әдістерін  қолдану.

Жетістіктер
12.02.-15.02.2018ж  аралығында 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы «НААР» тәуелсіз аккредиттеу және рейтингтеу агенттігі бақылауымен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуінен  жақсы нәтижемен            3 жылға  (негізделуі – арнайы  аккредитация куәлігі, тіркеу нөмірі № АВ1604  29.03.2018ж) өтті. Мамандықтың білім беру бағдарламасын бағалау тексеру барысында сұхбат алу, әңгімелесу әдістері қолданылды. Осы агенттіктің 2018 жылғы қортындылау рейтингінде кафедраға қарасты 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы алғашқы 8-ке кірді. 2018 ж. қаңтар айында сапа менеджменті жүйесін қайта сертификаттау бойынша тексерулер нәтижелі талапқа сай орындалды  және сыртқы бағалау МС ИСО -2015 жаңа нұсқасына құжаттарды рәсімдеу көшті. Кафедра құжаттары   сапа менеджменті жүйесі талаптарына сәйкес рәсімделуде. 12.03.2018-15.03.2018ж аралығында ҚР Білім және ғылым   министрлігінің бұйрығына сәйкес  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру  бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау  саласындағы тексеру нәтижесі бойынша кафедрадағы  құжаттардың рәсімделуі  ЖОО талаптарына сәйкес атқарылды.
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Кафедрада 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының жұмыс оқу жоспарларындағы таңдау пәндеріне талдау жасалып, өзекті емес пәндердің орнына қазіргі кезде сұранысқа ие пәндермен алмастырылды. Осы мақсатта жұмыс берушінің сұраныстары ескерілді және қаладағы ЖОО-ң мамандарының пікірлерімен санаса отырып  мамандықтың таңдау пәндер  ауқымы кеңейді.Жұмыс беруші мекеме қызметкерлері: «Транстелеком» АҚ филиалы «Шымкенттранстелеком» филиалы Басқарушы директорының орынбасары Л.А.Арзыкулов ,  «Казтелерадио» АҚ филиалы ОҚ  ОДРТ  инженері  Ф.А Рашидов және «Мирас» университетінің «Ақпараттар технологиясы және телекоммуникациялар» кафедрасының аға оқытушысы  т.ғ.н. Н. Дүйсеновтер қатысты. Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс оқу жоспарындағы таңдау пәндерін мейілінше мамандықты тереңдете үйретуге байланысты етіп жасап, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру  қажеттілігі ескерілді. Білімсапасын арттыру мақсатында арнайы кесте бойынша осы оқу жылының жоспары бойынша 8 ашық сабақтар және 11 өзара сабаққа қатысу жоспарланды. 2017-2018 оқу жылының 8 ашықжәне 11 өзара сабақтарға қатысты.
ҒЗЖ, СҒЗЖ
«Телекоммуникациялық жүйелердегі құрылғылардың ақпараттық қауіпсіздігін табу және бөгеуілдегі төзімділігі мен сенімділігін арттыру методологиясын жетілдіру»  ҰҒТАО-да тіркелген ынталы тақырып бойынша жеті бағытқа бөлінген және кафедра профессор – оқытушылары  осы бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар атқарылуда. Бірінші бағыт «Бағалау әдісімен кодтық блоктардың арналарындағы кездейсоқ қателіктерді табу және түзету әдістерінің тиімділігін жетілдіру». Бұл бағытта кафедра профессор-оқытушылар құрамынан: т.ғ.д., профессор  Сарыпбеков М., т.ғ.к., аға оқытушы Ш.Джолдосовтар  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Екінші бағыт «Сигналдарды түрлендіретін бөгеуілге тұрақты құрылғыларды синтездеу». Бұл бағытта кафедра профессор-оқытушылар құрамынан: т.ғ.к., аға оқытушы Сарибаев А.,   оқытушы Джазыбаев Е. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Үшінші бағыт «Тоқтаусыз жұмыс істейтін қоректендіру көздерінің әдістемелік нұсқаулары мен сұлбаларын әзірлеу». Бұл бағытта кафедра профессор-оқытушылар құрамынан : т.ғ.д., профессор  Сарыпбеков М.,   аға оқытушы Актуреева Г.  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Төртінші бағыт «Режімдік карталарды жасау». Бұл бағытта кафедра профессор-оқытушылар құрамынан: т.ғ.к., аға оқытушы Уралов Б.К.,  магистр-оқытушы Нархожаев Э ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бесінші бағыт «Эмиссионды спектрометрлерді жасап дайындау, құрастыру әдістемесі». Бұл бағытта кафедра профессор-оқытушылар құрамынан: т.ғ.к., аға оқытушы Сарибаев А.,  аға оқытушы Серикбаева Г.С. Алтыншы бағыт «Компьютерлік жүйелердегі ақпаратты сақтайтын және қорғайтын құрылғылармен тәсілдерді талдау және жасау» Бұл бағытта кафедра профессор-оқытушылар құрамынан: т.ғ.к.,доцент З.Б. Тукубаев, магистр-оқытушы Э.Нархожаевтар  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.        Жетінші бағыт «Нәтижелер қолданатын арналар мен модемдердің сипаттамаларынан тәуелді кодтардың параметрлерін оптимизациялау ақпаратты таратып беретін жүйелерді жобалауда және автоматты басқару жүйелерін жетілдіруде қолдану». Бұл бағытта кафедра профессор-оқытушылар құрамынан : т.ғ.д., профессор  Сарыпбеков М.,   аға оқытушы Шамшиметов Ф.Т. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 13.12. 2018ж. кафедрада «Заманауи телекоммуникация жүйелеріндегі ақпаратты қорғау проблемасы» атты аймақтық  ғылыми-теориялық семинармамандық бойынша өтті.
13.12. 2018ж. кафедрада «Заманауи телекоммуникация жүйелеріндегі ақпаратты қорғау проблемасы» атты аймақтық ғылыми-теориялық семинармамандық бойынша өтті.
Тәрбие жұмысы
Студенттер арасында тәрбие жұмыстары кафедраның барлық оқытушыларын қатысуымен жүргізіледі және үнемі кафедра меңгерушісінің бақылауында болады. 5В071900 – «РЭТ» мамандығының кураторлары мен эдвайзерлері тәрбие және оқыту траекториясын анықтау және жетекшілік етуде тиімді жұмыстар жүргізеді. Әр түрлі қызмет салаларында студенттің өзіндік дамуына барлық жағдай жасалған. Студенттік топтарда жүйелі түрде СПИД, туберкулез, нашақорлық, араққұмарлық, шылым шегу профилактикасы туралы әңгімелер жүргізіліп тұрады. Кафедра студенттері телекоммуникациялар, электроника және радиотехника саласындағы өзекті заманауи технологияларға қатысты белсенді түрде ғылыми ізденістер жүргізеді. Кафедра оқытушылары мен студенттері университет, қоғамдық ұйымдар, көптеген іс-шараларға және конференцияларға белсенді түрде қатысады. Ал ең лайықты деген студенттер грамоталармен және дипломдармен марапатталады.
Мамандықтар туралы
6В062/ 7М062 «Телекоммуникациялар»  өмірімізде өндірістік технологиялық және инновациялық процесстердің  дамуына, өте жоғары деңгейде әрі сапалы орындауына әсер етеді. Кез келген кәсіп орында: ғарыш, жер серіктік, теледидар, интернет, радиобайланыс және компьютерлік технологиясы бойынша қызмет атқарады. Біліктілігі: 6В062 «Телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық  коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры біліктілігі беріледі. 7М062 «Телекоммуникациялар»  білім беру бағдарламасы бойынша   техника ғылымдарының магистрі біліктілігі беріледі. Қызмет ету салалары: телекоммуникациялар; -радиобайланыс; -теледидар; -радиохабар тарату; -радиолакация мен навигация; -радиобасқару, таратушы және қабылдаушы; – радиоорталықтары, телеорталықтар; -жылжымалы байланыс; -радиотехниканың арнайы құрылғылары; -электрондық және компьютерлік; -микроконтроллерлер мен микро ЭВМ-дер  көмегімен басқарылатын жүйелер
Академиялық ұтқырлық
Кафедра жаңалықтары
Сіздерді  шуақты да жарқын мерекеміз – Білім күнімен құттықтаймыз! Мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді ұрпақтың келешегіне тікелей байланысты. 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялануы да бекер емес. Осы бастаманың арқасында біз жастарға сапалы білім беріп, оларды жұмыспен қамтамасыз етуді қолға алып отырмыз. «Оқу инемен құдық қазғанмен тең» деп бабаларымыз айтпақшы, заман талабына сай жақсы білім алып, лайықты маман, абыройлы азамат болу үшін үлкен жігер мен қажырлылық, табандылық керек. Бұл  орайда оқу ордамыз әрбір студенттің бәсекеге қабілетті маман иесі болып шығуына бар күшін салуда. Биылғы оқу жылында дарынды шәкірттеріміздің саны артып, алға қойған айқын мақсаттарымыздың орындалуына тілектеспін! Үлкен үміттерге толы Білім күні Сіздердің үлкен арман-мақсаттарыңыздың орындалуына бастама болсын! Ізгі ниетпен:  «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының ұжымы! 2019 жылдың 02 қырүйегінде университетімізде «Білім күні» мерекесіне орай «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты мерекелік салтанатты іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға университет басшылығы, профессор – оқытушылар, студенттер және олардың ата-аналары қатысты. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының барлық мамандық студенттеріне  «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты өтті.  Студенттерді адалдыққа, парасаттылыққа, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсылыққа және оны болдырмауға атсалысуға шақырды. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессор-оқытушылары университет студенттер қатарына қабылданған 1 курс студенттеріне білім күнімен және оқу жылының басталуымен құттықтап мамандық жайында мәлімет беріп өтті. Аталған іс-шараға университетіміздің президенті Нұрлан Әбдімұсаұлы қатысып, студенттердің қолынан дайындалған бауырсақтардың дәмін татып, оларға сәттілік тіледі. Одан бөлек, іс шараға Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, Гуманитарлы-педагогикалық факультеті мен Жаратылыстану инженерлі факультетінің декандары қатысып, Bay`yrsaq party-ге белсене қатысқан студенттерді арнайы алғыс хатпен марапаттады. 2019 жылдың 24 – қазан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясында академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылғанына 20 жыл толуы мен ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, х.ғ.к., профессор, аталмыш университеттің негізін қалаушылардың бірі, Қуатбекова Кәрамат Пердешқызының 75 – жылдық мерейтойына арналған «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕРНАЦИОЛИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясындағы ұйымдастырылған қөрме. Университет Жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Жайдарман- Маусымашар 2019» ойыны ұйымдастырылған болатын. Аталған жайдарман ойынына «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының 1 курс студенттері «Онлайн» командасы атынан қатысып көрермен көзайымына айналып, 1/8 ойындарына жолдама алды. Ағымдағы жылдың 13 қараша күні академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде дәстүрлі “Студенттер қатарына қабылдау” мерекесі өтті. Салтанатты шараны ашып беру және құттықтау үшін сөз университет президенті, т.ғ. к., профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімүсаұлына берілді. Университет басшысы өз кезегінде 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімімен құттықтап,сәттілік тіледі және арнайы университет белсенді студенттерге Алғыс хатпен марапаттады. 14 қараша 2019 ж. академик Ә.Қуатбеков атындағы білім беру ғылыми-әдістемелік орталығында “Серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қосдипломды білім беру қағидалары “тақырыбында семинар өтті. Аталған семинардың негізгі мақсаты “Рухани жаңғыру-болашаққа көзқарас” бағдарламасы аясында студенттерді екі дипломдық білім беру бойынша жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, оқытушыларды дайындау болып табылады.
  1. 2019 жыл университет жастары алғаш рет «BAУ`YRSAQ PARTY» шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның ұйымдастырылу мақсаты ұлттық салт – дәстүрді, ұлттық тағамдарды студент қатарына қосылған шет ел студенттеріне таныстыру және дәріптеу болды. «BAУ`YRSAQ PARTY» іс-шарасын ұйымдастыру барысында университет жастары өздерінің ұйымшылдығын, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін жоғары деңгейде ұстана білетінін  1 курс қатарына қосылған студенттерге университет профессор оқытушыларына және қонақтарға көрсете білді.
10.11-10.11.2017ж  Ә.М.Куатбековтың 75-жылдық мерей тойына арналған «Өндіріс, білім және ғылымның заманауи жетістіктері:мәселері мен перспективалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арнайы  шақырылған лектор РУДН «Теориялық механика» кафедрасының профессоры, ф-м.ғ.д. Р.Г.Мухарлямовтың конференция аясында 09.11.2017ж күні  «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының  студенттері мен профессор оқытушылар құрамына «Қозғалыстың орнықтылық теориясын байланыс жүйелерінде қолдану»  тақырыбында лекция оқыды. 23.01.2018ж. жұмыс беруші мекеме мүшелерімен кафедра құрамы мен «Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту» бөлімі бірлесе отырып, «Рухани жаңғыру» аясында «Адами капитал білім беру саласының негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға «Транстелеком» АҚ филиалы «Шымкенттранстелеком» ІТ бөлім басшысы Кожихов А. және участка басшысы Кемелов М.М.   ЖШС «ЛКС Сервис» технический директоры  Джолдасбеков Д. .Ж.  «Казтелерадио» АҚ филиалы ОҚ  ОДРТ  І-дәрежелі  инженері ТОЦО  РТС  Ф.А.Рашидовтар  қатысты. «Транстелеком» АҚ филиалы «Шымкенттранстелеком» ІТ бөлім басшысы Кожихов А «Байланыстағы ИТ технологиялар» жайлы презинтация жасады. 29.03.2018ж.  кафедра профессор-оқытушылары “Цифрландыру сауаттылығы-жастардың болашағы” атты Халықаралық студенттік ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды және өткізді. т.ғ.к., аға оқытушы Б. Ураловтың “Металлды өткізгіштер” тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері ЖШС «КАZTEL»  өндіріске ендірілді. 15.11.2018ж  университетте «Рухани жаңғыру – келешекке бағдар» бағдарламасы аясында  Білім және Ғылым Министрлігіндегі жаңа өзгерістер жайлы өткен  семинарда қаралған мәселелермен  таныстырды. Семинарда тақыланған тақырыптар:  1.ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту бойынша  ҚР Заңын іске асырудағы білім сапасының ролі.  2.Қазақстандағы Эразмус жобалары. Өтінішті қалай дұрыс беру керек. еасеа дегеніміз не? 3.Халықаралық кредиттік ұтқырлық. Студенттер үшін мүмкіндіктер. 4.ҚИПХДУ-да интернационалдандыру стратегиясын әзірлеу: негізгі бағыттар.  Семинарға кафедра мүшелері толық қатысып, жаңа өзгерістер жайлы мәліметтер алды. 27.11.2018ж. «Академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайындағы ЖОО білім беру қызметі»  тақырыбында өткен семинарға кафедра профессор-оқытушылар құрамы толық қатысып,академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайындағы ЖОО білім беру қызметінің ерекшеліктерімен өзгешеліктерімен таныстық. 06.02.2019ж. “ Филология және тілдер”  кафедрасының ұйымдастыруымен өткен  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру ”атты бағдарламалық мақаласы аясында “Латын графикасы ұлттық жазу мәселелері ”атты тақырыпты ғылыми-семинарға қатыстық. Баяндамашы Президент әкімшілігі жанынан құрылған ұлттық комиссияның оқу-әдістемелік мүшесі, ф.ғ.д., доцент Жаңабекова Айман Әбілдақызы жасады. 15.03.2019ж. университет көлемінде өткен ашық есік күніне«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы   6В062/7М062 «Телекоммуникациялар»бағытында дайындайтын мамандық жайлы және  6В062- «Телекоммуникациялар»  білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры біліктілігі берілетіндегі жайлы  Шыкент қаласы мектептері мен колледждерінің  түлектеріне толық мәліметтер беріп, таныстырды.
Түлектер
Бүгінде – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының түлектері: «Қазақстан-Шымкент» РТРК, «Хабар» Агенттігі, «Алтел» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ филиалы «Шымкенттранстелеком»,  «ALOOTelecom» ЖШС, «Алси» ЖШС, «DosTelecom» ЖШС, «Astel» ЖШС, «Мобаил Телеком Сервис» ЖШС,  «ИНФРА-КОМ» ЖШС, «VIDEOSECURITY.kz» ЖШС, «КазНипиэнергетикиисвязь» ЖШС,  «Техникалық  бюро» ЖШС  сынды мекемелерде қызмет етеді. Ашылған уақыттан бері кафедра 30 аса инженер, жүзден аса бакалавр, 3 ғылыми-педагогикалық  магистр шығарды. Көптеген түлектер  басқарушы орындарда жұмыс істейді, соның ішінде: Памурзин А.Н.-  «МБТЖТТ» Өндірістік-техникалық бөлім бастығы; Меньшиков Ю.Л. – Өндірістік-техникалық бөлімінің І-санатты электрбайланыс инженері; Епифанов М.И – Өндірістік-техникалық бөлімінің желіжолдық байланыс құрылғылары және абоненттік қондырғылардың жетекші инженері; Назари Х.С.- Телекоммуникация желісі жабдығына техникалық қызмет көрсету жөніндегі  инженері; Семкина Н.Н. – Байланыстың желілік құрылғылар мен абоненттік қондырғылар технигі; Кадыров Б.С. – Желілік-кабелдік құрылғылар цехының бастығы; Оразгалиев О.Т- Байланыс электро  механигі;
Іс-тәжірибе
«Радиотехника, электроника және телекоммуникаялар» кафедрасының студенттері  оқу және өндірістік іс-тәжірибеден белгіленген ұйымдарда келісім шартқа отыру арқылы жүргізіледі. Бітіруші курс студенттері жахандық бәсекеге қабілетті, білікті маман және ұйысдастырушылық, эксплуатациялық қызметке машықтану мақсатында келесі мекемелерде іс-тәжіриден өтеді: ЖШС «ЛКС-Сервис», «Транстелеком» АҚ, «Казтелерадио» АҚ Филиалы және т.б. 22.01.2018-13.04.2018ж аралығында бітіруші курс студенттерінің өндірістік және дипломалды іс-тәжірибесінің нәтижесінде  ЖШС «ЛКС Сервис»  мекемесі Юлдашев Иззат Бахрамбекұлын ІТ маманы етіп жұмысқа қабылдады.
Зертхана
Оқу үрдісіндегі СМЖ талаптарына сәйкес келетін  қазіргі  заманға сай зертханаларда білім алады. Бұл зертханаларда студенттер  мамандық пәндеріне қатысты зертханалық жұмыстарын орындайды, білімдерді жетілдіруге арналған арнайы құрылғылар және өлшеу құралдарын қолданады: ЭАТС. КТ-ТЕ824, Электрондық телефон аппараттарын зерделеу, Екі арналы осциллограф С1-220,  оқу-зертханалық үстелдер, Осциллограф ОМШ-2-76,  Спутниктік антенна,  Қуат блогы, Digital Satellite Meter SF-710 және т.б.  Арнайы зертханадағы құрылғылар мынандай пәндерді қамтиды: «Радиотехника және телекоммуникациялар негіздері», «Сымсыз байланыс технологиясы», «Теледидар негіздері», «Электр тізбектер теориясы», «Физика», «Радиотехникадағы электр тізбектер теориясы».
Кафедрада студенттерге арналған ғылыми үйірмелер бар
  • «Жас радиотехник»
  • «Электроншы»
Кафедрадағы  студенттердің ғылыми үйірмелері: «Жас радиотехник» үйірме жетекшісі  аға оқытушы Джолдасов Ш. «Электроника», үйірме жетекшісі  магистр оқытушысы Нарходжаев Э.  «Жас радиотехник» үйірмесінде К155ЛА3 микросхемадағы «Радиомикрофон» макетін  Т719-16 топ студенттеріне жетекшік жасай отырып, кафедра  аға оқытушы Ш.Джолдасовпен зертхана меңгерушісі Қ.Тасжан тізбектер жинау жолдары және микросхемада жапсырғышпен жұмыс істеу әдістерін үйретуде. Үйірмеде Т719-17 топ студенттеріне К155ТЛ3 микросхемадағы «Радиомикрофон» макетін    жасауда  радиомикрофон жұмысы және жұмыс схемасын жинау үйренді. Т719-18 топ студенттерімен  «Жанып өшетін жарықдиодты мультивибратор»  макетін құрастыруда диод түрлері, сонымен қатар   жұмыс істеу жолдарын үйренді. «Электроника» үйірмесінде Т719-26 топ студенттерімен «Жанып өшетін кілтті  мультивибратор»  макетін  магистр оқытушы Э. Нарходжаевпен зертхана меңгерушісі Қ.Тасжандар  көмегімен құрастыра отырып, тізбек құрастыруды студенттерге үйренуде.  Осы үйірмеде Т719-36 топ студенттерімен «Мультивибратор негізінде электронды қоңырау»  макетін жиналды.  Т719-17 топ студенттерімен КТ3107 транзисторындағы «Радиомикрофон» макеті дайындалды.
Scroll to Top